Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет319/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Белокты буфер
– қуатты буфер жүйесі болып табылады. 
Белокты буферлік жүйе жұмысының сызбасы. 
(11.1) 
Белоктарда қышқылдық және негіздік радикалдар жеткілікті 
мөлшерде болады, рН - сілті жаққа ауысса негізгі иондардың 
диссоциациясы шектеліп, белоктар өздерінің қышқылдық қасиетін 
көрсетеді, реакция соңында тұз пайда болады. 


416 
Керісінше рН-тың азаюы белоктардың негіздік қасиетінің 
көбейюіне әкеледі. (11.1). [162 ]. 
Гемоглобинді буфер
– ең қуатты буфер (бикарбонат буферінен 
9 есе қуатты). РН тұрақтылығын ұстап тұру қызметі оттегімен СО
2
-
ні тасымалдауымен байланысты (СО

мен О
2
-ні тасымалдау арқылы 
рН-ты реттейді). (11.2). [163]. 
Гемоглобинді буферлік жұйе жұмысының сызбасы 
 
(11.2) 
 
Қан мен плазмадағы буферлік жүйелер организмдегі қышқыл 
сілті тұрақтылығын (ҚСТ) қамтамасыз етеді. ҚСТ дегеніміз рН 
тұрақтылығын сақтауға негізделген сутегімен гидроксил ионының 
биологиялық ортадағы ара қатынасы. 
Қалыпты жағдайда қанның рН-7,37 - 7,44. рН тұрақтылықты
сақтауға буферлік жүйелермен қатар тыныс алу, зәр шығару 
органдары қатысады. 
11.10. Қанның формалық элементтері, метаболизм 
ерекшеліктері 
 
Эритроциттер - 
қанның формалы элементтерінің бірі. 
Тығыздығы жағынан сүйек тініне ұқсас. 55-60

- судан, 40-45

құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ қалдықтың 36-40

-н гемоглобин 
құрайды, ал қалған 25

глобулиндер, азотты қалдықтар, 
фосфолипидтер, холестерин, дәрумендер, минералды тұздар түзеді.
 


417 
Жетілген эритроциттердің ядролары болмайды, сондықтан 
белок синтезделмейді. [2]. 
Эритроциттерде

митохондрия болмайды, сол себепті клеткада 


ҮКҚЦ, тіндік тыныс алу (ТТА), биологиялық тотығу, май 
қышқылдарының β-тотығу реакциялары жүрмейді.
 
Энергия алудың негізгі жолы гликолиз, эритроцитте
глюкозаның 90% анаэробты гликолиз процесі арқылы ыдырайды. 
Гликолизден түзілген энергия плазматикалық мембранның 
бүтіндігін және Nа
+
,K

- АТФ-азаның жұмысын қамтамасыз етуге 
жұмсалады. [2]. 
(11.3). 
Эритроциттерде жүретін гликолиздің ерекшелігі: оттегіні
тасымалдаудағы реттеушілердің бірі болып табылатын 


418 
2,3 - дифосфоглицераттың түзілуіне әкелетін, шунттың болуы. 
Ол гемоглобинмен байланысу кезінде гемоглобиннің оттегіге
туыстығын төмендетеді және оттегінің эритроциттерден босап, 
тіндерге шығуын жеңілдетеді. 
Классикалық «гликолиз» реакциялары кезінде түзілмейтін, 
2,3-дифосфоглицераттың түзілу реакциясы Раппопорт шунты 
деп аталады. (11.3). [164] 
10% глюкоза эритроцитте пентозафосфатты жолмен 
ыдырайды, тотығудан түзілетін НАДФН глутатионның
тотықсыздануын және оның оптимальді концентрациясын 
қалыпты ұстап тұруды қамтамасыз етуге жұмсалады. 
Тотықсызданған глутатион белок молекуласындағы SH-
тобын тотықсызданған түрінде сақтайды, яғни тотығуына кедергі 
жасайды. Ол гемоглобинді тотығудан қорғайды. Мембрана 
липидтерін перекисті тотығудан сақтайды. Тотықсызданған 
глутатионның концентрациясы төмендегенде, эритроциттер тез
қажиды. Бір эритроцит құрамында 1 миллиондай гемоглобин (Нв)
болады және Нв тек эритроциттің құрамында қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет