Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет320/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Лейкоциттер
- құрамында үлкен ядросы, митохондриясы
және көп мөлшерде нуклеин қышқылдары бар толыққанды клетка.
Лейкоциттер клеткаларында нуклеин қышқылдары мен белоктардың 
биосинтезі белсенді жүреді.
Лейкоциттер үшін негізгі энергия көзі аэробты гликолиз болып 
табылады, сонымен қатар май қышқылдарының β-тотығуы 
реакциялары барысында түзілген энергиядан АТФ синтездейді. 
Қанға 
түскен 
гликогеннің 
барлығы 
лейкоциттерде 
шоғырланған, қажет болған жағдайда, ол энергия көзі ретінде 
жұмсалады. Лейкоциттердің лизосомаларында протеолитикалық 
ферменттердің қуатты жүйесі – протеазалар, фосфатазалар,
эстеразалар және ДНҚ-азалар мен РНҚ- азалар локализацияланған,
бұл клеткалар осы ферменттердің қатысуымен организмнің
қорғаныш реакцияларын қамтамасыз етеді. [1]. 
Бұл 
ферменттер 
әсері 
микроорганизмдердің 
полимерлі 
молекулаларын гидролидеу арқылы бұзады және құрам бөліктеріне 
ыдыратады. Нәтижесінде моносахаридтер, аминқышқылдары, 
нуклеотидтер түзіледі. Олар цитоплазмаға түсіп, клетка мұқтажына 
жұмсалады. Лейкоциттер фагоцитоз жолымен бактерияларды
сіңіруінде оттегінің жұмсалуы күрт жоғарылайды, себебі


419 
супероксид анион және түзілген сутегінің асқан тотығы 
бактериоцидті әсер етеді. Бұл құбылысты «тыныс алу жарылысы» 
деп атайды. 
Лимфоциттер
- лимфа тіндерінде түзілед. Бұл клеткаларда 
белоктар 
мен 
γ-глобулиндердің 
қарқынды 
синтезделуі 

лимфоциттердің 
иммундық 
процестерде 
маңызды 
рөл 
атқаратындығын көрсетеді.
Тромбоциттер - 
қан пластинкалары. Тромбоциттерде ядро 
болмайды, сондықтан толыққанды клетка болып саналмайды. 
Тромбоциттерде негізгі биохимиялық процесстер: белок 
биосинтезі, липидтер мен көмірсулар алмасу реакциялары және 
тотығудан фосфорлану реакциясы жүреді. 
Тромбоциттердің атқаратын негізгі қызметі олардың ұю 
факторларының болуына байланысты, қанның ұю процесіне
қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет