Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Онкотикалық қысым, организмдегі су алмасуды реттеуде



Pdf көрінісі
бет317/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
Онкотикалық қысым,
организмдегі су алмасуды реттеуде,
 
қан тамырларының қан 
арнасынлдағы суды ұстап тұруда, маңызды рөл атқарады.
Онкотикалық қысым ішекте судың сіңірілуіне, зәрдің, лимфаның,
тіндік сұйықтықтардың пайда болуына әсер етеді. Плазманың
онкотикалық қысымы төмендегенде ( бауыр ауруында, 
альбуминдер түзілуі төмендегенде, бүйрек ауруларында,
белоктардың зәрмен бөлінуі артқанда), ісіну дамиды, себебі
тамырларда судың нашар ұсталуынан, су тіндерге өтеді.
 
11.8. РН ортаның реакциясы 
 
Ортаның реакциясы
(рН) ондағы сутегі протоны (Н
+)
– 
ның концентрациясымен анықталады. Олар, белок молекуласының 
иондану дәрежесіне және өз қызметтерін жүзеге асыруға: 
ферменттер активтілігіне, органикалық қосылыстардың синтезделуі
мен ыдырау процестеріне, клеткалық рецепторлардың 
лигандтармен әрекеттесуіне әсер етеді. [25]. 
Қанның рН-ы
Қан плазмасының рН-ы, организмнің ішкі 
ортасы реакциясының интегралды көрсеткіші болып табылады. 


414 
Қалыпты жағдайда, бұл көрсеткіш 7,35-7,45 аралығында 
ауытқуы мүмкін. Осындай рН деңгейі,тіршіліктің маңызды және
салыстырмалы « тұрақты» гомеостаз көрсеткіші болып табылады. 
Қан рН-ың көрсетілген шекаралардан 0,1-ге ауытқуы
кардиореспираторлы жүйелер қызметінің бұзылыстарына әкеледі;
0,3-ке ауытқуы ОЖЖ күйінің өзгеруіне; 0,4-ке ауытқуы, әдетте
өмірмен үйлеспейді. 
Организмнің 
компенсаторлық 
механизмдерінің 
рН 
тұрақтылығын сақтауға шамасы келмеген жағдайда, ол ҚСТ-ның 
бұзылуына әкеліп соғады, ацидоз немесе алкалоз пайда болады.
Бұлардың пайда болу тәсілдеріне байланысты, респираторлық және 
метаболиттік деп ажыратады. [25]. 
Респираторлық ацидоз
– бұл тыныс алудың бұзылуынан 
болады, 
өкпе 
қабынғанда, 
бронхитте, 
демікпеде, 
өкпе 
эмфиземасында және тұншыққан немесе тұншықтырған жағдайда 
байқалады. Организмде СО

бөлінбей, қанның рН-ын төмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет