415
Бейорганикалық заттар тіндерде коллоидтардың түзілуіне
(суды тартып алуына) себепкер болады.
Қан рН-ы тұрақтылығын
қалыпты мөлшерде сақтайды. Бұл қызмет қандағы буферлік жүйелер
арқылы жүзеге асырылады. [30].
Бикарбонатты
буфер жүйесі барлық буферлік сыйымдылық
мөлшерінің 10%-ін құрайды. Қалыпты жағдайда плазмадағы
биокарбонаттың концентрациясы СО
2
-нің концентрациясынан 20 есе
артық болады.
Қанда қышқыл заттар көбейсе, олар бикарбонатпен
реакцияға түсіп, көмірқышқылын түзеді, ол әрі қарай су мен көмір
қышқыл газына бөлінеді. СО
2
-нің
көбеюі дем алу орталықтарын
қоздырады. Бұл жағдай тыныс алуды жылдамдатады. Ол арқылы
СО
2
өкпеден бөлініп, сыртқа шығарылады,
сондықтан тепе-теңдік
сақталады. Негізгі иондар көбейсе, олар көмір қышқылмен
әрекеттесіп бикарбонаттарға
айналады, зәр арқылы шығарылады.
Фосфатты буфер
жүйесі ағзада көбіне қышқыл заттар пайда
болатындықтан, қышқыл тұздарының мөлшері негізгі тұздарының
мөлшерінен 4 есе аз түзеді.
Қышқыл өнімдері негіздік
тұздармен әрекеттеседі, қышқыл
тұзы зәрмен шығарылады. Сондықтан қандағы буфер жүйесінің ара-
қатынасы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: