412
Калий
–плазмада 3,4-5,3 ммоль/л, 78-108 ммоль/л мөлшерде
эритроциттерде кездеседі. Қандағы мөлшері клетка ыдырағанда,
эритроциттердің
гемолизі
кезінде,
бүйрек
жұмысы
күрт
төмендегенде, бүйрек үсті безінің жұмысы нашарлағанда көбейеді.
(Альдостерон түзілмегенде, организм
а және Н
2
О көп жоғалтып,
калийді ұстап қалады).
Гипокалиемия – альдестерон (бүйрек үсті безі түзетін гормон)
мөлшері көбейгенде, ағзадан К
+
иондары көп шығарылады, жүрек
қызметін ауыр жағдайға шалдықтырады.
Кальций
- плазмадағы мөлшері 2,25-2,75 ммоль/л. Са ион
күйінде және белоктармен байланысқан түрінде кездеседі.
Гиперкальциемия – сүйектің қатерлі ісіктері, қалқанша безі
жанындағы бездердің жұмысы артқанда, денеде Д дәрумені көп
мөлшерде болғанда орын алады.
Гипокальциемия–геланияда
(гипопаратиреоз),
рахитте,
механикалық сарғыштану, нефрозда, гломерулонефритте кездеседі.
Фосфор
– плазмадағы мөлшері 3-5 ммоль/л. Көбейетін
жағдайлары: гипопаратиреоз, Д дәруменнің гипервитаминозы
кезінде, тироксинді қолданған кезде, ультракүлгін сәулесі әсер
еткенде, бауырдың дистрофиясы кезінде, лейкоздарда болады.
Фосфор мөлшерінің азаюы рахит ауруы кезінде байқалады.
Гипофосфатемия инсулин препаратын қолданған кезде,
гиперпаратиреозда, сүйек жұмсарғанда байқалады. Бұлардан басқа,
қан құрамында көптеген элементтер кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: