Бүйрекке тәуелді түрі бүйректің бөліп шығару қызметінің
нашарлауынан болады. Қалыпты жағдайда қалдық азоттың 50
мочевинаның азотынан тұрады, ал бүйрек ауруы кезінде мочевина
азоты 90
-ға дейін өсуі мүмкін.
Бүйрекке тәуелсіз түрі қан айналымы нашарлағанда, қан
қысымы төмендегенде, бүйректе қан ағымының бәсеңдеуі, зәр
шығару жолдарының ісктері, тастың түзілуі кезінде байқалады.
Продукционды азотемия – белокты заттардың шамадан артық
ыдыраған кезінде, қанға заттар көп мөлшерде түскенде байқалады.
Мысалы, органдар мен тіндер ұзақ уақыт жаншылып қалғанда,
күйік, әртүрлі ісіктер пайда болғанда кездеседі.
Қалыпты жағдайда мочевинаның кандағы мөлшері 3,3-6,6
ммоль. Бүйрек қызметі күрт төмендегенде мочевинаның мөлшері
өзгереді. Мочевина мөлшерін зерттеу арқылы, бүйрек қызметінің
бұзылу дәрежесін анықтауға болады. [19].
Мочевинаның мөлшерінің 20 ммоль/л-ге дейін өсуі, бүйрек
қызметі бұзылуының орташа дәрежесін көрсетеді, ал 33 моль/л-ге
дейін жетсе, бүйрек қызметі ауыр дәрежеде бұзылған болып
саналады, одан жоғары болса, өте ауыр дәрежеде бұзылғандығын
көрсетеді. Бұл жағдай көбінесе өлімге әкеледі.
Қалдық азот мөлшерінің 10 есе артуы, уремияға әкеледі.
Зәрдің құрамында болатын қалдық заттардың қан құрамында
жиналуы
уремия деп аталады, бұл кезде организм уланады.
Бүйректің атқаратын қызметі бұзылғанда, аурудың денесінде
қышыма пайда болады. Бұл ауру, адамда уремия пайда
болғандығын көрсетеді, себебі – азотты заттар бүйректен зәр
арқылы бөлініп шығарылмай, тері бездері арқылы бөлінеді.
Қандағы мочевина азоты мен қалдық азот қатынасының
-дық
мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы зор. Қалыпты
жағдайда бұл коэффициент 48
-ға тең болады. Бүйрек қызметінің
409
жетіспеушілігінде бұл коэффициент 90
-ға дейін өседі, ал бауырда
мочевинаның синтезі бұзылғанда 45
-ға дейін төмендейді.