Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Азот алмасуы процесі туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет343/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Азот алмасуы процесі туралы мәліметтер 
Қан 
құрамындағы креатинин, мочевина, зәр қышқылы 
мөлшерлерінің төмендеуі- бауыр жетіспеушілігі, зат алмасу 
процесінің өте баяу жүруі, ашығу, полиурия кезінде орын алады.
 
Мочевина мөлшерінің артуы - артерияльды гипертензия, улану, 
бүйрек ауруларының болуымен байланыстырады. 
Зәр қышқылының қалыпты мөлшерден жоғары болуы, улану,
жұқпалы аурулар, тері патологиялары, подагралар, лейкздар немесе 
диабет салдары болуы мүмкін деп есептеледі
Бүйрек ақауының бір белгісі, креатинин мөлшерінің артуы 
және бұл мәлімет – қант диабеті, бұлшықет дистрофиясы, немесе 
ішек аймағында кедергілер болуының көрсеткіші бола алады. 
Аминқышқылдар мен белоктар 
Организмнің барлық белоктарының концентрациясын 60-80г/л 
деп есептегенде, қан плазмасындағы белоктар осылардың 7%-ын 
құрайды. Қан пламасының белоктары, көптеген маңызды қызметтер 
атқарады. Қан сары суында кездесетін белоктардың басым көшілігі, 
бауырда синтезделеді, ал кейбіреулері басқа тіндерде түзіледі. 
Мысалы, γ-глобулиндерді В-лимфоциттер синтездейді, пептидті 
гормондарды 
негізінен 
эндокринді 
бездердің 
клеткалары 
секрециялайды, ал пептидті гормон эритропоэтинді бүйрек 
клеткалары синтездейді. Плазманың көптеген белоктарына: 
альбумин, 
α
1

антитрипсин, 
гаптолгобин, 
трансферрин, 
церулоплазмин, α
2
- макроглобулин және иммуноглобулиндерге
полиморфизм тән. Плазманың альбуминнен басқа барлық, дерлік 
белоктары гликопротеидтер болып табылады. 
Бірқатар аурулар кезінде, плпзма белоктарының қатынасы 
өзгереді. Мұндай өзгерістер диспротеинемия деп аталады. Мысалы, 
нефрологиялық синдром кезінде, альбуминдер, α
1
-, γ-глобулиндер 
азаяды, ал α
2
және β-глобулиндер мөлшерінің жоғарылауын 
белоктардың жоғалуына әкеліп соқтыратын кейбір аурулардың 
туындауымен байланыстырады. [2].
Қан құрамындағы белоктың қалыпты мөлшерден азаюы
көбінесе ашығу, диета ұстау және 
бірқатар патологияларда: созылмалы қан кету, анемия, алмасу 
процесіндегі проблемалар кезінде байқалады. 


445 
Сонымен қатар, әйелдер екі қабат және емізулі кезінде, төсек 
тартып жатқан ауыруларда, немесе физикалық ауыр жұмыстағы 
адамдарда белок мөлшерінің төмендеуі орын алады. Зерттеу 
нәтижесіндегі көрсеткіш мөлшерден жоғары болмауы қажет. 
Белоктың шектен тыс жоғарылауы аутоиммунды ауруларда
инфекция кезінде, бүйрек патологиясының болуы немесе қатерлі 
категорисына жататын ісіктерге байланысты болады.
Аминқышқылдары мөлшерінің азаюы нашар көрсеткіш болып 
табылады, бұл жағдай зат алмасу процесі барысында жиі, бауыр 
мен бүйрек ақауларынан туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет