Пайғамбарлардың таухиді және оған тескері келетін мүшріктер мен кәпірлердің діндері



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі3,97 Mb.
#45477
  1   2   3

Group 19Group 1


Пайғамбарлардың таухиді және оған тескері келетін мүшріктер мен кәпірлердің діндері


توحيد الأنبياء
>қазақ тілі – Kazakh – < كازاخي

Әбдуләзіз ибн Абдулла ибн Баз


عبد العزيز بن عبد الله بن باز



дерек көзі: www.darulhijra.ru


www.darulhijra.ru مصدر: الموقع

Пайғамбарлардың таухиді және оған тескері келетін мүшріктер мен кәпірлердің діндері
Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Пайғамбарымыз Мұхаммедке және басқа пайғамбарларға, олардың от бастарына әрі басқа ізгілерге Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын.

Шындығында Аллаһ Тағала өзінің пайғамбарларын адамдарды Аллаһты бірлеуге шакырулары үшін және құлшылықты тек Аллаһқа арнаулары әрі Аллаһты Адамдарға таныту үшін жіберді. Құранда Аллаһ Тағала айтты:



((وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ))

«Расында әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер де тоғуттан сақ болыңдар» дейтін елші жібердік».[1]

Аллаһ Тағала бұл аятта әр үмметке оларды бір Аллаһқа құлшылық етуге шақыру үшін, сондай-ақ оларды тоғуттарға құлшылық етуден сақтандыру үшін пайғамбарларды жібергенін айтты.

Құлшылық – ол таухид. Өйткені пайғамбарлар мен олардың үмметтерінің арасындағы келіспеушілік осы таухид үшін болған еді. Мүшріктер Аллаһқа құлшылық ететін, бірақ сөйте тұра олар Аллаһпен бірге басқа біреулерге де қоса құлшылық ететін еді. Сонда Аллаһ оларды бір өзіне ғана құлшылық етуге бұйыратын және одан өзгеге құлшылық етуден қитаратын пайғамбарларды жіберді. Аллаһ Құранда былай дейді:



((وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ إِنَّنِي بَرَاء مِّمَّا تَعْبُدُونَ ، إِلَّا الَّذِي فَطَرَنِي فَإِنَّهُ سَيَهْدِينِ))

«Еске алыңыз, Иброхим әкесіне және қаумына айтқан еді: «Әлбетте мен сендер табынып жатқан пұттардан пәкпін. Тек қана мені жаратқаннан басқа, әлбетте ол мені тура жолға салады».[2]

Аллаһ Тағала бұл аятта Өзінің халилі[3] Иброһимнің(әлейһис-сәләм) өз қаумы құлшылық етіп жатқан пұттардан аулақ болып тек Аллаһқа ғана құлшылық ететінін айтты. Бұл аят мүшріктердің Аллаһқа және сонымен қатар басқа пұттарға да құлшылық еткендеріне дәлел болады. Сол үшін Иброһим (әлейһис-сәләм) өзін жаратқан Рабысынан басқа барлық құлшылық етіліп жатқан пұттардан аулақпын деді. Өйткені құлшылыққа тек жаратушы, ризық беруші ғана лайықты, ал ол тек Аллаһ қана.

Тағы бір аятта Аллаһ Тағала былай дейді:



((وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلَّا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا فَاعْبُدُونِ))

«(Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм), Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, әлбетте оған: «Менен басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, сондықтан маған ғана құлшылық қылыңдар» деп уахи етіп жібердік».[4]

Бұл аятта Аллаһ Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедтен (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) бұрынғы жіберілген барлық пайғамбарларға (әлейһис-сәләм) Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екендігін, сондай ақ Аллаһ адамдарға оның өзіне ғана құлшылық етулеріне бұйырғандығын уахи етіп жібергендігін айтты.

Міне осы аят қазіргі кездегі барлық Аллаһтан өзге құлшылық етіліп жатқандардың; пайғамбарларға, әулиелерге, пұттарға және жын, періштелер үшін қылынып жатқан құл- шылықтардың барлығы өтірік, жалған екендігіне дәлел бо- лады. Бұл нәрсені әлде қайда айқындай түсетін аяттарға Аллаһ Тағаланың толық үкім беретіні және оның құдіреті мен әділдігі себебі жайында айтылған мына сөзі жатады:



((ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِن دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ))

«Бұл  Аллаһ хақ, ал олардың Аллаһтан өзге сиын ғандары, ол жалған болғандығынан».[5]

(Бұл: яғни, Аллаһтың толық үкім етуі, оның әділдігі және әр нәрсеге құдіретті болуының себебі – Аллаһ хақ, яғни берік, ол әзелден бар және ешқашан жоқ болып кет- пейтіндігінен, ол ең алғашқы, одан алдын ешкім жоқ, әрі болмаған, ол ең ақырғы, одан кейін ешкім болмайтын- дығынан. Оның есім-сипаттары кәміл, ол уәдесінде шын- шыл, оның уәдесі хақ, оған жолығу хақ, оның діні хақ, оған құлшылық ету хақ әрі пайдалы және мәңгілікке қала- тындығынан. Ал олардың Аллаһтан өзге сиынған пұттары, тастары және хайундары ол жалған. Олардың өздері де, оларға арналған құлшылық та жалған. Өйткені олар өтіп кететін пәни дүниеге тәуелді, сондықтан пәни дүние жалған болғандықтан, бұлар да сөзсіз жалған болады).[6]

Тағы да осы мағынаны Аллаһ Тағаланың мүшріктер жайындағы пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) оларды «Лә иләһа иллә ллаһ» деп айтуға шақырғандағы олардың айтқан сөзі айқындайды. Сол кезде олар:



أَجَعَلَ الْآلِهَةَ إِلَهًا وَاحِدًا إِنَّ هَذَا لَشَيْءٌ عُجَابٌ

«Тәңірлерімізді бір ақ тәңір қылды ма? Бұл өте таң қаларлық нәрсе ғой!?»[7] - деген еді.

Сол сияқты оларға осы сөзді айтыңдар делінгенде, олар тәкаппарланған еді. Аллаһ Құранда былай дейді:

إِنَّهُمْ كَانُوا إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ، وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوا آلِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجْنُونٍ

«Расында оларға: «Лә иләһа иллә ллаһ» - деңдер делінсе, олар тәкаппарланатын және:«Тәңірлерімізді бір ақылынан айырылған ақын үшін тастаймыз ба?!» - дейтін еді».[8]

Осы аяттардың барлығы мүшріктердің таухид кәлимасы, яғни «Лә иләһа иллә ллаһ» олардың Аллаһқа серік келтірулерін жоққа шығаратынын білетіндігіне және олардың табынған пұттары жалған екендігіне дәлел болады. Міне осыдан расында «Лә иләһа илла ллаһ» кәлимасы құлшылықты тек Аллаһқа ықыласпен арнауды талап ететіндігін білуге болады. Сол сияқты бұл аяттар Аллаһ Тағаланың ақиқат құлшылыққа лайықты екендігіне дәлел етеді. Егер олай болмаса, сол кездегі Құрайыш мүшріктері Лә иләһа илла ллаһ сөзін айтудан тәкаппарланбайтын, әрі бұл сөз олардың барлық пұттарын өтірікке шығарады деп айтпайтын еді.

Бұл нәрселерді көп адамдар білмейді. Өйткені олар егер біреу: «Лә иләһа илла ллаһ» деп айтса болды, ол толық мұсылман болды деп ойлайды. Тіпті егер сол адам дұға ету, қорқу, үміт ету, тәуекел ету, құрбан шалу және нәзір ету сияқты көптеген құлшылықтың түрлерін Аллаһтан басқа біреуге арнаса да, оны толық мұсылман деп ойлайды.

Ол адамдар «Лә иләһа илла ллаһ» деп айтады, бірақ олар сонымен қатар өздері әулие деп атайтын қабірлердегі өлген адамдардың аруақтарына жалбарынады. Олардан өздеріне қажет болған нәрселерін сұрайды, бастарына түскен қиыншылықтарын кеткізулерін тілейді, олардан жауларына қарсы жәрдем сұрайды. Олар бұл нәрселерді бірде қабірдің басына келіп, бірде ұзақта жүріп те сұрайды.

Кейде олар осы нәрселерді пайғамбарымыз Мұхаммедтен (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) және басқа да пайғамбарлардан сұрайды. Сондай ақ кейде өздеріне қажет болған нәрселерін жындардан тілейді, олардан жәрдем сұрайды, олар үшін құрбандық шалып олардан пір пайда не ауруларына шипа іздейді. Тіпті өздеріне төнген қауіп қатер мен азаны кеткізуін сұрауға дейін барады.

Бұл істердің барлығы сол қабірлерге табынып жүрген адамдармен араласқан және олардың қалай Аллаһқа серік келтіретіндерін, қандай анық күпірлік істерге баратындарын көрген адамға жасырын емес.

Жоғарыдағы аяттарда айтылғандай Аллаһ Тағала пайғамбарлардың барлығын осы ширкті қайтару үшін, одан сақтандыру үшін және адамдарды тек бір Аллаһқа құлшылық етуге шақыру үшін жіберді. Аллаһ Тағала пайғамбарларға адамдарды өздерін жаратқан және оларды ризықтандырған Раббыларымен таныстыруды бұйырды.

Содай ақ оларға Аллаһтың кемел ұлықтығы мен құдіретіне және оның толық білімі мен пендесіне деген жақсылығына, оларға деген рақымдылығына дәлел ететін көркем есімдері мен жоғары сипаттарын зікір етуді бұйырды. Аллаһ пайғамбарларды адамдарға тек оның өзі ғана пайда не зиян беруші екендігін, олардың барлық істерін басқарушы және барлығының хал ахуалдарын тек қана Аллаһ білуші екендігін хабарлаулары үшін жіберді. Сондықтан Аллаһтан басқа біреу, ол пайғамбар не періште не әулие болса да, ол оған құлшылық етуге, одан бір нәрсе сұрауға лайықты емес. Өйткені тек Аллаһ қана әр нәрсеге құдіретті, әр нәрсені білуші, ал одан өзгелерінің барлығы Аллаһқа мұқтаж. Аллаһ құранда былай дейді:

وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ، مَا أُرِيدُ مِنْهُم مِّن رِّزْقٍ وَمَا أُرِيدُ أَن يُطْعِمُونِ، إِنَّ اللَّهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَتِينُ 

«Жын мен адамзатты тек өзіме құлшылық етулері үшін жараттым. Олардан бір ризық талап етпеймін және олар мені тамақтандыруларын да қаламаймын. Өйткені Аллаһ ризықтандырушы әрі мықты күш қуат йесі».[9]



Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет