Пайғамбарлардың таухиді және оған тескері келетін мүшріктер мен кәпірлердің діндері



бет2/3
Дата02.07.2018
өлшемі3,97 Mb.
#45477
1   2   3

يَا أَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُواْ رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ، الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الأَرْضَ فِرَاشاً وَالسَّمَاء بِنَاء وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَاء مَاء فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقاً لَّكُمْ فَلاَ تَجْعَلُواْ لِلّهِ أَندَاداً وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ

«Әй адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар, бәлкім сақсынарсыңдар! Ол седер үшін жерді жайлы орын, аспанды шатыр еткен және көктен жаңбыр жаудырып сол арқылы сендерге ризық болсын деп жемістер өсірген. Сондықтан біле тұра оған ортақ қосаңдар!»[10].



أَيُّهَا النَّاسُ أَنتُمُ الْفُقَرَاء إِلَى اللَّهِ وَاللَّهُ هُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ، إِن يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ وَيَأْتِ بِخَلْقٍ جَدِيدٍ، وَمَا ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ بِعَزِيزٍ

«Әй адамдар! Сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар. Аллаһ болса, ешкімге мұқтаж емес әрі барлық мақтауларға лайықты. Егер қаласа, сендерді жердің бетінен кетіріп, орындарыңа басқа ел келтіреді. Бұл Аллаһқа қиын емес».[11]

Пайғамбарлардың әрқайсысы өз қауымдарына Аллаһ Тағаланың ұлықтығын, оның әр нәрсеге құдіретті, әр нәрсені білуші және дұғаларды еститін, қиыншылыққа тап болғанға жәрдем ететін, пайда да, зиян да беретін Аллаһ екендігін жеткізді. Сонымен қатар олар өз қауымдарына олардың құлшылық еткендері оларға еш пайда не зиян әкелмейтінін, оларға дұға қылса дұғаларын естімейтін және оған жауап та қайтара алмайтындықтарын жеткізді. Сондай ақ пайғамбарлар қауымдарына олардың құлшылық еткен пұттары сөйлемейтіндіктерін және оларды тура жолға сала алмайтындықтарын, олар үшін не пайда не зиян әкеле алмайтындықтарын хабарлады.

Міне осының барлығы олардың тек Аллаһқа құлшылық етулерін, оған тәубе етіп өз қажеттерін тек Аллаһтан сұрау- ларын талап етеді. Сондай ақ бұның барлығы Аллаһтың жіберген пайғамбарларын растап, Аллаһтың шариғатын ұстануды талап етеді.

Аллаһ Құранда Нұх (әлейһис-сәләм) өз қаумына былай дегені жайлы айтты:

اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ إِنَّهُ كَانَ غَفَّارًا، يُرْسِلِ السَّمَاء عَلَيْكُم مِّدْرَارًا، وَيُمْدِدْكُمْ بِأَمْوَالٍ وَبَنِينَ وَيَجْعَل لَّكُمْ جَنَّاتٍ وَيَجْعَل لَّكُمْ أَنْهَارًا

«Раббыларың (Аллаһтан) жарылқау сұраңдар, әлбетте ол өте жарылқаушы. (Егер одан жарылқау сұрасаңдар), ол үстеріңе көктен жаңбыр жаудырады және сендерге мал-дүние, бала-шағамен медет береді әрі сендерге бау-бақшалар және ағатын өзендер тарту етеді».[12]

Және Һуд (әлейһис-сәләм) өз қаумына былай дегені жайлы айтты:

أَتَبْنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ آيَةً تَعْبَثُونَ، وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمْ تَخْلُدُونَ، وَإِذَا بَطَشْتُم بَطَشْتُمْ جَبَّارِينَ، فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ، وَاتَّقُوا الَّذِي أَمَدَّكُم بِمَا تَعْلَمُونَ، أَمَدَّكُم بِأَنْعَامٍ وَبَنِينَ، وَجَنَّاتٍ وَعُيُونٍ، إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ

«Сендер әрбір төбеге ойын-күлкі үшін бір белгі, биік құрылыс жасайсыңдар ма? Және мәңгі жасап қалатындай сарайлар саласыңдар ма?! Қашан бір кісіні (жазалау үшін) ұстасаңдар, рақымсыздардай ұстай-сыңдар. Енді, Аллаһтан қорқыңдар және маған мойынсыныңдар! Сендерге өздерің білетін нығметтерді берген Аллаһтан қорқыңдар! Ол сендерге шаруа хайуандарын, бала-шаға және бау-бұлақтарды берді ғой. Шындығында мен сендердің үстеріңе қатты азап түсіуінен қорқамын»[13].

(Аллаһ Тағала Ад қаумына өте үлкен күш-қуат берген еді. Сонда оларға сол күш-қуаттарын Аллаһқа итағат етуге пайдаланулары керек болатын. Бірақ олар тәкаппарланып: «Бізден қуатты кім бар?»-деп мақтанады және күш- қуаттарын күнә істеуге, бекершілік пен ақымақтыққа жұмсайды. Олар әуес ететін нәрселерге қатты құмарланатын еді және қалаларының сыртындағы таулардың арасындағы жол жағаларына дейін ойын күлкі қылатын биік, қымбат ғимараттар құратын. Өздері тұратын үйлерін ешқашан өлмейтіндей шектен тыс артық дәрежеде мықты және оюлы қылып құрып, бүкіл өмірлерін осындай пайдасыз істерге сарыптайтын әрі сонымен мақтанатын еді. Сонда Һуд (әлейһис-сәләм) оларды Аллаһтың берген нығметтерін естеріне түсіріп, егер сол күпірлік пен бекершіліктерінен қайтпаса, оларды түссе кері қайтарылмайтын қатты азап келуін айтып ескертті).[14]

Аллаһ Тағала өзінің пайғамбары Солих (әлейһис-сәләм) өз қаумын былай деп шақырғаны туралы айтты:



تُتْرَكُونَ فِي مَا هَاهُنَا آمِنِينَ، فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ، وَزُرُوعٍ وَنَخْلٍ طَلْعُهَا هَضِيمٌ، وَتَنْحِتُونَ مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا فَارِهِينَ، فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ، وَلَا تُطِيعُوا أَمْرَ الْمُسْرِفِينَ، الَّذِينَ يُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ وَلَا يُصْلِحُونَ

«Сендер бұл жердегі баулар мен бұлақтар, егіндер мен жемістері жұмсақ, піскен құрма ағаштары арасында мәңгі қалдырылып, шеберлікпен таулардан үйлерді жона береміз деп ойлайсыңдар ма? Аллаһтан қорқыңдар да маған мойынсұныңдар! Жер бетінде бұзақылық қылатын және еш нәрсені оңдай алмайтын шектен шығушылардың әміріне мойынсұнбаңдар!»[15].

Құранда Аллаһ Тағала өзінің халилі[16] Иброһим (әлейһис-сәләм) жайлы былай деген:

وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ إِبْرَاهِيمَ، إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَا تَعْبُدُونَ، قَالُوا نَعْبُدُ أَصْنَامًا فَنَظَلُّ لَهَا عَاكِفِينَ، قَالَ هَلْ يَسْمَعُونَكُمْ إِذْ تَدْعُونَ، أَوْ يَنْفَعُونَكُمْ أَوْ يَضُرُّونَ، قَالُوا بَلْ وَجَدْنَا آَبَاءَنَا كَذَلِكَ يَفْعَلُونَ، قَالَ أَفَرَأَيْتُمْ مَا كُنْتُمْ تَعْبُدُونَ، أَنْتُمْ وَآَبَاؤُكُمُ الْأَقْدَمُونَ، فَإِنَّهُمْ عَدُوٌّ لِي إِلَّا رَبَّ الْعَالَمِينَ، الَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهْدِينِ، وَالَّذِي هُوَ يُطْعِمُنِي وَيَسْقِينِ، وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ، وَالَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحْيِينِ، وَالَّذِي أَطْمَعُ أَنْ يَغْفِرَ لِي خَطِيئَتِي يَوْمَ الدِّينِ، رَبِّ هَبْ لِي حُكْمًا وَأَلْحِقْنِي بِالصَّالِحِينَ، وَاجْعَلْ لِي لِسَانَ صِدْقٍ فِي الْآَخِرِينَ، وَاجْعَلْنِي مِنْ وَرَثَةِ جَنَّةِ النَّعِيمِ، وَاغْفِرْ لِأَبِي إِنَّهُ كَانَ مِنَ الضَّالِّينَ، وَلَا تُخْزِنِي يَوْمَ يُبْعَثُونَ، يَوْمَ لَا يَنْفَعُ مَالٌ وَلَا بَنُونَ ، إِلَّا مَنْ أَتَى اللَّهَ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ

(Ей, Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм!) Оларға Иброһимнің хабарын оқып бер! Сол кезде ол әкесі мен еліне: «Неге құлшылық етесіңдер?»-дегенінде олар: «Біз пұттарға ғибадат етушіміз, әрі оларға көбірек уақыт бөліп құлшылық етіп қала береміз»-деді. Сонда Иброһим (әлейһис-сәләм) оларға: «Мінәжәт еткен кездеріңде пұттарың сендерді естиді ме? Немесе олар сендерге пайда, не зиян жеткізе алады ма?!»-деді. Олар: «Жоқ, біздер ата-бабаларымызды осылай пұттарға ғибадат етулерін көргенбіз. (Сол себептен, біздер де пұттарға ғибадат етеміз)» деді. Иброһим (әлейһис-сәләм) айтты: «Сендер өздерің және ежелгі ата-бабаларың да табынып жүрген пұттарың жөнінде ойлап көрдіңдер ме? Шындығында олар мен үшін дұшпан (сондықтан, мен оларға құлшылық етпеймін), тек бүкіл әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етемін. Ол мені жаратқан, сондықтан, Өзі мені тура жолға салады. Ол мені тамақтандырады да сусындандырады. Ол қашан ауырсам, маған шипа береді. Ол мені өлтіреді де сонсоң қайта тірілтеді. Ол сондай Аллаһ, қиямет күні мен одан қателерімді жарылқауын үміт етемін. Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр! Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр! Мені нығметті жаннаттың мұрагерлерінен қыл! Әкемді жарылқа, өйткені ол адасушылардан. Қабірден қайта тіріліп тұратын күнде мені мұңайтпа! Ол күні мал да, бала-шаға да пайда бермейді. Бірақ кім (Аллаһқа серік келтірмей, ықыласты)сау жүрекпен келсе, сол ғана оған пайда береді»-деді.[17]

Тағы да Аллаһ Тағала Исрайл ұрпақтарының сиырға табынғандары туралы былай деді:

وَاتَّخَذَ قَوْمُ مُوسَى مِن بَعْدِهِ مِنْ حُلِيِّهِمْ عِجْلاً جَسَدًا لَّهُ خُوَارٌ أَلَمْ يَرَوْاْ أَنَّهُ لاَ يُكَلِّمُهُمْ وَلاَ يَهْدِيهِمْ سَبِيلاً 

«Мұса (әлейһис-сәләм) Тұр тауына Аллаһқа құлшылық ету үшін кеткеннен кейін, оның қаумы өздерінің сәндік-әшекей бұйымдарынан мөңірейтін бір бұзаудың денесінен мүсін жасап алып оған құлшылық ете бастады. Олар ол бұзаудың өздеріне сөйлемейтінін және оларды тура жолға сала алмайтынын білмей ме?».[18] Сондай ақ Таха сүресінде олар жайлы:



أَفَلَا يَرَوْنَ أَلَّا يَرْجِعُ إِلَيْهِمْ قَوْلًا وَلَا يَمْلِكُ لَهُمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا

"Олар (сол бұзаудың) өздеріне жауап қайтара алмайтынын, сондай ақ ол олар үшін не зиян, не пайда келтіру күшіне ие емес екенін көрмей ме?- деді".[19]

Яғни олар өздеріне сөз қайтармайтын, не пайда не зиян әкеле алмайтын және сөйлемейтін әрі оларды тура жолға сала алмайтын бір бұзауға табынатындай ақылдары қайда кетті?

Міне осыдан дұғаны еститін, қиналған адам егер одан жәрдем тілесе, оған жауап беретін және егер қаласа сөйлейтін, пайда және зиян келтіруші - ол тек қана аса пәк Аллаһ екендігін білуге болады. Сондай-ақ бұдан бұл сипат- тар кемелдік сипаттарға жататынын және ақиқат құлшы- лыққа лайықты тәңір осындай сипаттарға ие болу керектігін аңғаруға болады. Ал бұрынғы және қазіргі кездегі адамдардың табынып жүрген пұттары бұл сипаттардың ешқай- сысына да ие емес. Олар естімейді, адамға, тіпті өздеріне де пайда немесе зиян тигізе алмайды, дұға еткенге жауап қат- пайды, оған сөз қайтармайды және оларға тура жолды да көрсете алмайды. Сондықтан қалайша бұл нәрселерді барлығын естуші, жауап қатушы, пайда мен зия оның қолында болған, барлық нәрсені білуші, әр нәрсеге құдіретті, одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім болмаған Аллаһқа теңеп, оған оны серік қылып құлшылық етуге болады.

Қасиетті Құранда бұл жайлы аяттар өте көп. Ол аяттардың барлығы аса пәк Аллаһ барлық кемелдік сипат- тарына ие екендігіне және барлық кемшілік пен айыптардан пәк екндігіне дәлел етеді. Бұның барлығы тек Аллаһқа ғана құлшылық етіп, құлшылықта ықыласты болуды және барлық істерде басқасын қойып тек оған ғана тәуекел етіп, жүректі тек Аллаһқа ғана бұруды уәжіп етететін істерге жатады. Өйткені Аллаһ Тағал барлық заттың жаратушысы, ризықтандырушысы әрі патшасы және барлық істің басқарушысы. Сондықтан оған ғана құлшылық етіп, онымен бірге ешкімге табынуға болмайды.

Ақиқатында Аллаһ Құранда өзінің пайғамбарлары Нұх, Һуд, Солих Шұғайбтардың (әлейһис-сәләм) өз қауым-дарына:



اعْبُدُواْ اللّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَهٍ غَيْرُهُ

«Аллаһқа құлшылық қылыңдар, сендер үшін одан басқа (құлшылыққа лайықты) тәңір жоқ!»-дегендерін айтты.

Сондай ақ жоғарыда айтылғандай, барлық пайғамбарлар да өз қауымдарына осыны айтқан еді. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай деді:



وَإِبْرَاهِيمَ إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاتَّقُوهُ ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ، إِنَّمَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَوْثَانًا وَتَخْلُقُونَ إِفْكًا إِنَّ الَّذِينَ تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ لَا يَمْلِكُونَ لَكُمْ رِزْقًا فَابْتَغُوا عِنْدَ اللَّهِ الرِّزْقَ وَاعْبُدُوهُ وَاشْكُرُوا لَهُ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

«Иброһимді (әлейһис-сәләм) есіңе ал! Ол өз қаумына былай деген еді: «Аллаһқа құлшылық етіңдер және одан қорқыңдар! Егер білсеңдер, сол сендер үшін жақсы болады. Сендер Аллаһты қойып, пұттарға құлшылық етудесіңдер және оларды «құдайлар» деп жалған ойлаудасыңдар. Расында сендердің Аллаһтан өзге құлшылық етіп жатқан нәрселерің сендерге ризық бере алмайды. Сондықтан ризықты Аллаһтан тілеңдер және оған ғибадат етіңдер әрі шүкірлік қылыңдар! Өйткені (өлгеннен кейін) оған қайтарыласыңдар»».[20]

Соффат сүресінде Аллаһ Тағала айтты:

وَإِنَّ مِنْ شِيعَتِهِ لَإِبْرَاهِيمَ، إِذْ جَاءَ رَبَّهُ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ، إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَاذَا تَعْبُدُونَ، أَئِفْكًا آَلِهَةً دُونَ اللَّهِ تُرِيدُونَ، فَمَا ظَنُّكُمْ بِرَبِّ الْعَالَمِينَ

«Расында Иброһим (әлейһис-сәләм) да Нұхтың (әлейһис-сәләм) тобынан. Есіңе ал, ол Раббысына таза жүрекпен келді. Сол кезде ол әкесі мен қаумына былай деген еді: «Не нәрсеге құлшылық етесіңдер? Аллаһты қойып, өтірік құдайларға сыйынуды қалайсыңдар ма?! Онда бүкіл әлемдердің Раббысы сендерге мүшрік болғандарың себепті беретін жазасы туралы не деп ойлайсыңдар?»».[21]

Тағы да мәриям сүресінде Аллаһ Тағала өзінің сүйікті пайғамбары Иброһим (әлейһис-сәләм) жайлы былай деді:

وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِبْرَاهِيمَ إِنَّهُ كَانَ صِدِّيقًا نَبِيًّا، إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ يَا أَبَتِ لِمَ تَعْبُدُ مَا لَا يَسْمَعُ وَلَا يُبْصِرُ وَلَا يُغْنِي عَنْكَ شَيْئًا، يَا أَبَتِ إِنِّي قَدْ جَاءَنِي مِنَ الْعِلْمِ مَا لَمْ يَأْتِكَ فَاتَّبِعْنِي أَهْدِكَ صِرَاطًا سَوِيًّا، يَا أَبَتِ لَا تَعْبُدِ الشَّيْطَانَ إِنَّ الشَّيْطَانَ كَانَ لِلرَّحْمَنِ عَصِيًّا، يَا أَبَتِ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يَمَسَّكَ عَذَابٌ مِنَ الرَّحْمَنِ فَتَكُونَ لِلشَّيْطَانِ وَلِيًّا، قَالَ أَرَاغِبٌ أَنْتَ عَنْ آَلِهَتِي يَا إِبْرَاهِيمُ لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِ لَأَرْجُمَنَّكَ وَاهْجُرْنِي مَلِيًّا، قَالَ سَلَامٌ عَلَيْكَ سَأَسْتَغْفِرُ لَكَ رَبِّي إِنَّهُ كَانَ بِي حَفِيًّا، وَأَعْتَزِلُكُمْ وَمَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَأَدْعُو رَبِّي عَسَى أَلَّا أَكُونَ بِدُعَاءِ رَبِّي شَقِيًّا، فَلَمَّا اعْتَزَلَهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَكُلًّا جَعَلْنَا نَبِيًّا، وَوَهَبْنَا لَهُمْ مِنْ رَحْمَتِنَا وَجَعَلْنَا لَهُمْ لِسَانَ صِدْقٍ عَلِيًّا

(Ей, Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм), осы кітапта Иброһимнің (қиссасын) зікір ет! Расында ол өте шыншыл пайғамбар еді. Сол уақытта ол әкесіне: «Әй әкетайым! Естімейтін, көрмейтін және сені Аллаһтың азабынан сақтай алмайтын, бір пайдасы жоқ нәрсеге неге құлшылық етесің? Әй әкетайым, расында маған саған келмеген білім келді. Сондықтан маған ілес, саған тура жолды көрсетейін. Әй әкетайым, шайтанға табынба, өйткені шайтан Аллаһқа қарсы шығып кәпір болған. Әй әкетайым! Расында мен саған Аллаһ тарапынан азап жетіп (тозақта) шайтанға дос болып қалуыңнан қорқамын» - дегенінде, әкесі оған: «Әй, Иброһим. Сен менің құдайларымнан бет бұрамысың? Ант етемін, егер менің құдайларымды сөгуіңді тоқтатпасаң, әлбетте сені таспен ұрамын, әрі өзің де менен ұзақ жүр» - деді. Иброһим (әлейһис-сәләм): «Саған амандық болсын. Енді мен Раббымнан сені жарылқауын тілеймін. Өйткені ол маған өте мейірімді. Мен сендерден де, сендердің Аллаһтан өзге табынған пұттарыңнан да арылып Раббыма жалбарынамын. Раббыма жалбарынғанымның шарапатынан (сендер сияқты) бақытсыз болып қалмаймын деп үміт етемін»-деді.

Иброһим (әлейһис-сәләм) олардан және олардың Аллаһтан өзге табынған пұттарынан ажыраған кезде, оған Исхақ пен Яғқұпты беріп, әрқайсысын пайғамбар қылдық. Сондай-ақ оларды өз кеңшілігімізге бөледік және олар үшін шын, жоғары мақтауларды бердік».[22]

Аллаһ Тағала Ағраф сүресінде Һуд пайғамбары Һуд пайғамбарға(әлейһис-сәләм):

أَجِئْتَنَا لِنَعْبُدَ اللَّهَ وَحْدَهُ وَنَذَرَ مَا كَانَ يَعْبُدُ آَبَاؤُنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ

«Сен бізге жалғыз Аллаһқа құлшылық етуіміз және ата-бабаларымыз сиынып келген пұттарды тастауымыз үшін келдің бе? Онда, егер шыншылдардан болсаң, бізге уәде етіп жатқан нәрсеңді (яғни Аллаһтың азабын) келтірші?»[23] – дегендерін айтты.

Сондай-ақ Аллаһ Тағала оларға пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) жіберілген арап мүшріктері туралы былай деді:

وَيَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَضُرُّهُمْ وَلَا يَنْفَعُهُمْ وَيَقُولُونَ هَؤُلَاءِ شُفَعَاؤُنَا عِنْدَ اللَّهِ

«Олар Аллаһты қойып, өздеріне зиян да, пайда да жеткізе алмайтын нәрселерге құлшылық етеді және : «Міне, осы (біздер сиынып жатқан) нәрселер Аллаһтың алдында біздердің қолдаушыларымыз»[24] - дейді. Сонда Аллаһ Тағала оларға былай деп қайтарды:



قُلْ أَتُنَبِّئُونَ اللَّهَ بِمَا لَا يَعْلَمُ فِي السَّمَاوَاتِ وَلَا فِي الْأَرْضِ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى عَمَّا يُشْرِكُونَ

(Мұхаммед, саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) оларға айт:"Аллаһқа көктер мен жердегі ол білмейтін нәрселерді (серіктерді) білдіріп қоймақсыңдар ма?[25] Аллаһ олардың (мүшріктердің) серік қосуларынан пәк және өте жоғары."[26]

Тағы Аллаһ Тағала Зүмәр сүресінде айтты:

تَنْزِيلُ الْكِتَابِ مِنَ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ (1) إِنَّا أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ فَاعْبُدِ اللَّهَ مُخْلِصًا لَهُ الدِّينَ (2) أَلَا لِلَّهِ الدِّينُ الْخَالِصُ وَالَّذِينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءَ مَا نَعْبُدُهُمْ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَا إِلَى اللَّهِ زُلْفَى إِنَّ اللَّهَ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ فِي مَا هُمْ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي مَنْ هُوَ كَاذِبٌ كَفَّارٌ

"Бұл кітаптың түсірілуі тым үстем, аса дана Аллаһтан. (Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм), расында саған бұл кітапты бір шындықпен түсірдік. Ендеше Аллаһтың ықыласпен құлшылық ет. Естеріңде болсын! Ықыласты дін тек Аллаһқа тән. Сондай Аллаһтан өзгеге құлшылық еткендер, және оларды дос тұтқандар:"Біз бұларға бізді Аллаһқа жақындастырсын деп қана құлшылық етеміз"-дейді. Күдіксіз олардың араларындағы[27] тартысқан нәрселеріне Аллаһ Тағала үкім береді. Расында Аллаһ, өтірікші, кәпір болғандарды тура жолға салмайды."[28]

Міне осы аяттарда Аллаһ Тағала оларға пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) жіберілген мүшріктердің сол пұттар, пайғамбарлар және ізгі адамдардың аруақтарына олардың зиян не пайда беретіндігі немесе олар жаратып ризық беретіндіктері үшін құлшылық етпегендігін, керісінше олардан Аллаһтың алдында шапағат тілеп, Аллаһқа жақындастырсын деп құлшылық еткендерін айқындап айтты. Содан соң оларға бұл амалдары үшін олар мүшрік кәпірлер деп үкім етті.

Осы мағына жайлы Аллаһ Тағала басқа аятта былай деді:



يُولِجُ اللَّيْلَ فِي النَّهَارِ وَيُولِجُ النَّهَارَ فِي اللَّيْلِ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ كُلٌّ يَجْرِي لِأَجَلٍ مُسَمًّى ذَلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمْ لَهُ الْمُلْكُ وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ مَا يَمْلِكُونَ مِنْ قِطْمِيرٍ (13) إِنْ تَدْعُوهُمْ لَا يَسْمَعُوا دُعَاءَكُمْ وَلَوْ سَمِعُوا مَا اسْتَجَابُوا لَكُمْ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ يَكْفُرُونَ بِشِرْكِكُمْ وَلَا يُنَبِّئُكَ مِثْلُ خَبِيرٍ (14

"Аллаһ түнді күндізге кіргізеді және күндізді түнге кіргізеді. Ол күн мен ай-ды да (сендердің пайдаларың үшін) бой ұсындырып қойған, әрбірі белгілі мерзімге дейін жүреді. Міне, сол Аллаһ — сендердің Раббыларың, билік тек оған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес. Егер оларға жалбарыңсандар, олар сендердің дауыс- тарыңды естімейді. Егер естісе де, сендерге жауап бере алмайды және қиямет күнінде сендердің оларды (Аллаһқа) серік етіп қосқан-дарыңнан аулақ болады. (Әй,Мұхаммед саллаллаһу әлейһи уә сәлләм, Дүние, ақырет туралы) саған барлық нәрседен хабардар Аллаһ сияқты (ешкім) хабар бере алмайды." [29]

Бұл аятта Аллаһ Тағала иелік тек оған тән және ол барлық жаратылысты басқарушы екендігін айтты. Сондай-ақ мүшріктердің Аллаһтан өзге табынғандары; ол адам, жын немесе тас, әлде терек болса да ешқайсысы бір ұрық қабығына да иелік ете алмайды. Сонымен қатар олар өздеріне дұға етіп жалбарынғанды естімейді, егер естісе де оған жауап қата алмайды. Өйткені олар өлі мен жоқтың немесе жансыздықтың арасында, олар еш нәрсе істей алмайды.

Аллаһ Тағала жоғарыдағы аятта мүшріктердің табынғандары қиямет күні олардың серік қосқандарынан аулақ болып оны қайтаратындықтарын айтты. Бұл нәрсе мүшріктердің оларға дұға етулері, оларға тәуелді болулары Аллаһқа серік келтіруге жататындығына дәлел болады. Бұл жайында Аллаһ Құранда былай деген:



وَيَوْمَ نَحْشُرُهُمْ جَمِيعًا ثُمَّ نَقُولُ لِلَّذِينَ أَشْرَكُوا مَكَانَكُمْ أَنْتُمْ وَشُرَكَاؤُكُمْ فَزَيَّلْنَا بَيْنَهُمْ وَقَالَ شُرَكَاؤُهُمْ مَا كُنْتُمْ إِيَّانَا تَعْبُدُونَ (28) فَكَفَى بِاللَّهِ شَهِيدًا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ إِنْ كُنَّا عَنْ عِبَادَتِكُمْ لَغَافِلِينَ

"Ол күнде біз олардың барлықтарын жинаймыз, сонан соң мүшрік болғандарға:"Сендер де, Аллаһқа серік қосқан пұттарың да орындарыңнан жылжымаңдар"-деп, олардың араларын ажыратамыз. Сонда олардың серік қосқандары[30] олардан аулақ болып:"Сендер бізге құлшылық етпедіңдер,(өйткені біз Аллаһты оған біреудің теңдес немесе серік болуынан пәктейміз). Ендеше, Аллаһтың өзі біз бенен сендердің арамызға куәлікке жетерлі. Расында біз сендердің біз үшін қылған құлшылықтарыңнан хабарсызбыз-" дейді".[31]

Тағы бір аятта Аллаһ Тағала:

وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنْ يَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَنْ لَا يَسْتَجِيبُ لَهُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ وَهُمْ عَنْ دُعَائِهِمْ غَافِلُونَ (5) وَإِذَا حُشِرَ النَّاسُ كَانُوا لَهُمْ أَعْدَاءً وَكَانُوا بِعِبَادَتِهِمْ كَافِرِينَ

"Аллаһты қойып, қиямет күніне дейін (дұғаға) жауап бере алмайтындарға жалбарынатындардан кім адасушырақ? Негізінде олар (жансыз пұттар)олардың дұғаларынанан бей- хабар. Қиямет күнінде адамдар есеп-қисап үшін жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болады, және олардың өздеріне құлшылық қылғандарына қарсы шығады"[32]-деді.

Міне осы аятта Аллаһ Тағала адамдардың Аллаһтан өзге табынғандарының барлықтары қиямет күнінде өздеріне құлшылық еткендерден аулақ болып, олардың өздеріне қылған құлшылықтарына қарсы шығатынын және олардың өздеріне қылған құлшылықтарынан хабарсыз болғандарын хабарлайтынын баян етті.

Сол мүшріктердің қайғысынан ауыр қайғы бар ма? Қиямет күні оларды қандай жаман қасірет күтіп тұр десеңізші?! Өйткені олар өздеріне не пайда, не зиян бермейтін біреу- лерді Аллаһқа серік етіп кәпір болды және сол себепті азабы қатты болған Раббыларының ашуына ұшырады. Сондықтан олар қияметте қорлыққа душар болып, өкініш сазайын тартады. Аллаһ Тағала айтады:



وَمَنْ يَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آَخَرَ لَا بُرْهَانَ لَهُ بِهِ فَإِنَّمَا حِسَابُهُ عِنْدَ رَبِّهِ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ

"Кім өзі үшін ешқандай құжат болмаған халде Аллаһпен бірге басқа бірер тәңірге жалбарынса, онда оның есеп-қисабы Раббысының алдында болады. әлбетте кәпір болғандар құтылмайды."[33]

Қасиетті Құран Кәрімде ширктің[34] жалған екендігін және соны іс- теген адамдардың жазасы өте қиын болатынын әрі қиямет күні олар үшін қатты қайғы-қасірет болатынын баяндайтын аяттар өте көп. Сондай-ақ пайғамбарымыздан келген сахих сүннетте осы нәрселерді баяндайтын және сол мүшріктердің (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) таухид рубубияда[35] серік келтірмегендерін, керісінше олар жаратушы, рызықтандырушы, істерді басқарушы Аллаһ екендігін білетіндіктерін баяндайтын хадистер келген. Мүшріктер Аллаһпен қатар басқа біреуге дұға ету, қорқу, үміт ету және құрбан шалу мен нәзір ету сияқты құлшылық-тың түрлерінде Аллаһқа серік келтірген. Сахих Бухарий мен Муслимде Ибн Аббастан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) Мұғазды (оған Аллаһ разы болсын) Иеменге жіберген кезінде оған:

"إنك تأتي قوما من أهل الكتاب فليكن أول ما تدعوهم إليه شهادة أن لا إله إلا الله"

"Расында сен кітап иелеріненболған қауымға барасың, оларды шақыратын нәрселеріңнің ең біріншісі: "Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ"-деп куәлік ету болсын!"-деді. Басқа риуаятта:

"فادعهم إلى أن يشهدوا أن لا إله إلا الله و أني رسول الله"

"Оларды Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және мен Аллаһтың елшісімін деп куәлік етуге шақыр"-делінген. Имам Бухаридің риуаятында:

"فادعهم إلى أن يوحدوا الله"

"Оларды Аллаһты бірлеуге шақыр"[36]-делінген.

Сахих Муслимде Сағд Ибн Ториқ Әл-Әшжағиден, оның әкесінен риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) :

"من قال لا إله إلا الله و كفر بما يعبد من دون الله حرم ماله و دمه و حسابه على الله عز وجل"

"Кім Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ десе және Аллаһтан басқаға құлшылық етіліп жат-қандарға қарсы болса, оның малы мен қаны харам болады және оның есеп-қисабын Аллаһ береді"-деді. Осы хадис Муслимнің риуаятында:

"من وحد الله و كفر بما يعبد من دون الله"

"Кім Аллаһты бірлесе және одан өзге құлшылық етіліп жатқандарға қарсы болса"- деп келген.

Міне осы екі хадис құлшылықта Аллаһты бірлеу және ықыласты болудың әрі одан өзге құлшылық етіліп жатқандарға қарсы болудың уәжіп екендігін ашық айқындайды.

Сахих Бухарий мен Муслимде Абу Хурайрадан(оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) Жәбірейіл періштенің ислам жайлы сұраған сұрағына:


Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет