Пайғамбарлардың таухиді және оған тескері келетін мүшріктер мен кәпірлердің діндері


"أن تعبد الله و لا تشرك به شيئا و تقيم الصلاة المفروضة و تؤدي الزكاة المكتوبة



бет3/3
Дата02.07.2018
өлшемі3,97 Mb.
#45477
1   2   3

"أن تعبد الله و لا تشرك به شيئا و تقيم الصلاة المفروضة و تؤدي الزكاة المكتوبة"

"Ислам — Аллаһқа құлшылық етуің және оған еш нәрсені ортақ қоспауың, парыз етілген намазды оқуың және парыз етілген зекетті беруің"-деп жауап берді.

Сахих Муслимде Ибн Ұмардан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм):



"بني الأسلام على خمس: على أن يوحد الله و إقام الصلاة و إيتاء الزكاة و صوم الرمضان و حج البيت"

"Ислам бес нәрсеге құрылған: Аллаһты бірлеуге, намаз оқуға, зекет беруге, Рамазанда ораза ұстауға және қажылыққа баруға"-деген.

Муслимнен келген басқа риуаятта:



"على أن يعبد الله و يكفر بما دونه"

"Аллаһқа құлшылық етуге және одан басқаға құлшылық етіліп жатқандарға қарсы болуға"-деген.

Бұл хадистің негізі Сахих Бухарий мен Муслимдегі және Тирмизий мен Насайдегі "Иман" кітабында және Имам Ахмадтың "Муснад" атты кітабында "Марфуғ"[37] дәрежеде былай деп риуаят етілген:



"بني الأسلام على خمس: شهادة أن لا إله إلا الله، وأن محمدا رسول الله و إقام الصلاة و إيتاء الزكاة و صوم الرمضان و حج البيت"

"Ислам бес нәрсеге құрылған: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазанда ораза тұту және қажылыққа бару."

Имам Муслим Жәбірейіл періштенің (әлейһис-сәләм) пайғамбырымыздан (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) ислам, иман және ихсан жайлы сұраған хадисін Ұмардан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят еткен. Ол хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) Жәбірейілдің (әлейһис-сәләм) ислам жайлы сұраған сұрағына былай деп жауап берді:



"الإسلام أن تشهد أن لا إله إلا الله، وأن محمدا رسول الله وتقيم الصلاة و تؤتي الزكاة و تصوم الرمضان و تحج البيت إن استطعت إليه سبيلا"

"Ислам: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік беруің, намаз оқуың, зекет беруің, Рамазанда ораза тұтуың және жолға шамаң келсе қажылыққа баруың".[38]

Бұл хадистер және олардың мағыналары шындығында Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ деп куәлік берудің мағынасы — ол Аллаһты бірлеу және құлшылықты ықыласты түрде тек Аллаһқа арнау әрі одан өзге құлшылық етіліп жатқандардың барлығына қарсы болу екендігін білдіреді.

Міне осы — Аллаһ Тағала өзінің пайғамбарларын сол себепті жіберген және сол үшін кітаптар түсірген, соған байланысты жихат туы көтерілген және адамдар сол себепті кәпір мен мүмінге, бақытты мен бақытсызға бөлінген таухидтің шынайы мағынасы. Сондықтан әрбір кәмілетке толған адам үшін тозақтан құтылу себептеріне көбірек көңіл бөлу, таухидті ұстану және құлшылықты ықыласпен Аллаһқа арнау, сондай-ақ одан өзге құлшылық етіліп жатқанның барлығына қарсы болу әрі одан бас тарту уәжіп болады. Сонымен қатар Аллаһқа ортақ қоспайтындарды дос тұтып ортақ қосушыларды жау тұту уәжіп болады. Өйткені Аллаһ бізге Иброхим пайғамбарды (әлейһис-сәләм) мысалға келтіріп былай деді:



قَدْ كَانَتْ لَكُمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ فِي إِبْرَاهِيمَ وَالَّذِينَ مَعَهُ إِذْ قَالُوا لِقَوْمِهِمْ إِنَّا بُرَآَءُ مِنْكُمْ وَمِمَّا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ كَفَرْنَا بِكُمْ وَبَدَا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةُ وَالْبَغْضَاءُ أَبَدًا حَتَّى تُؤْمِنُوا بِاللَّهِ وَحْدَهُ

"Ақиқатында сендерге Иброхим мен онымен бірге болғандарда бір көркем өнеге бар. Сол уақытта олар елдеріне:"Расында біз сендерден де, сендердің Аллаһтан өзге табынғандарыңнан да аулақпыз. Сендермен біздердің арамызда мәңгі дұшпандық басталды. Біз сендерге сендер жалғыз Аллаһқа иман келтіргендеріңе дейін қарсы боламыз"-деген еді".[39]

Міне бұл барлық пайғамбарлардың діні. Бұл дін — Аллаһ Тағала оны осымен жіберген, пайғамбарлардың мөрі және ең артығы болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің діні.

Сондықтан әр мұсылманға осы таухидті мықтап ұстану, оған берік болу және адамдарды оған шын ықыласымен шақыруы міндет. Сондай-ақ осы жолда кездесетін қиыншылықтарға сабыр қылу уәжіп болады. аллаһ Тағала өзінің пайғамбарына былай дейді:



فَاصْبِرْ كَمَا صَبَرَ أُوْلُوا الْعَزْمِ مِنَ الرُّسُلِ 

" Пайғамбарлардың мықтылары сабыр еткендей сабыр ет;"[40]



{وَاصْبِرْ وَمَا صَبْرُكَ إِلاَّ بِاللّهِ }

"Сабыр ет! Сабыр етуің Аллаһтың ған мархаметі;"[41]



وَاصْبِرُواْ إِنَّ اللّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ

"Сабыр етіңдер!Расында Аллаһ сабыр етушілермен бірге;"[42]



وَالْعَصْرِ (1) إِنَّ الْإِنْسَانَ لَفِي خُسْرٍ (2) إِلَّا الَّذِينَ آَمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ

"Асырға серт! Расында адамзат қасіретте. Тек иман келтіргендер, ізгі амалдар істегендер, бір-біріне ақиқатты үгіттескен және (осы жолда) бір-біріне сабыр етуді үгіттескендер ғана қасірет-зиян шекпейді;"[43]



إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ

"Сабыр етушілерге сауаптары есеп-қисапсыз беріледі." [44]

Аллаһтан бізбен сіздерді және барлық мұсылмандарды әрі барлық ақиқатқа шақырушыларды оның разы болатын және пенденің пайдасына болатын істерге жеткізуін сұраймын! Сондай-ақ Аллаһтан барлық мұсылмандардың басшыларын халық үшін пайдалы және тура жолға бастайтын істерге жеткізуін сұраймын! Расында Аллаһ соның иесі әрі оған қадірлі. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясына, сахабаларына және қияметке дейін олардың іздерімен жүргендерге Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

(Шейх Ибн Баз)

[1] Нахл. 36

[2] Зұхруф.26-27

[3] Сүйікті пайғамбары

[4] Әнбия. 25

[5] Хаж. 62

[6] Ибн Саъди тәпсірі. (Қысқаша түрде).

[7] Сод.5

[8] Соффат.36

[9] Зәриәт.56-57

[10] Бақара.21-22.

[11] Фатыр 15-17.

[12] Нұх. 10-12

[13] Шұғара. 128-135

[14] Аудармашыдан. (Ибн Саъди тәпсірінен)

[15] Шұғара. 146-152

[16] Сүйікті пайғамбары.

[17] Шұғара 69-89

[18] Ағраф. 148

[19] Таха. 89

[20] Анкабут.16-17

[21] Соффат. 83-87

[22] Мәриям.41-50

[23] Ағраф. 70

[24] Юнус. 18

[25] Яғни сендер Аллаһ сол қамқоршылардың бар екенін білмейді, біз соны Аллаһқа білдіріп қоямыз демексіңдерме? Расында егер аспан мен жерде сендер үшін Аллаһтың қасында шапағат ететін шапағатшылар болса, оларды Аллаһ сендерден жақсы білетін еді. Аллаһ Тағала мүшріктерден және олардың өздеріне не пайда не зиян бермейтін нәрселерді оған серік қылуларынан пәк.

[26] Юнус.18

[27] Аллаһқа ықыласты түрде, еш нәрсені серік келтірмейтіндер мен мүшріктердің араларындағы.

[28] Зүмәр.1-3

[29] Фатыр. 13-14

[30] Яғни періштелер, пайғамбарлар және әулиеиер.

[31] Юнус. 28-29

[32] Ахқоф. 5-6

[33] Мүміндер. 117

[34] Аллаһқа ортақ қосу.

[35] Таухид рубубия деп жарату, ризықтандыру, өлтіру және тірілту әрі барлық істі басқару тек Аллаһтың қолында деп иман келтіруді айтады.

[36] Бір Аллаһқа құлшылық етуге шақыр.

[37] Марфуғ хадис деп пайғамбарымызға (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) ніспеттелген нәрсені айтады. Ніспеттеген адам сахаби немесе одан төменірек біреу болуы мүмкін. Ол нәрсе сөз немесе бір іс немесе пайғамбарымыздың (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм) бір нәрсені мойындауы немесе пайғамбарымызды (саллаллаһу әлейһи уә сәлләм)сипаттаған бір сипат болуы мүмкін.

[38] Муслим(Иман кітабы 1558), Тирмизи(Иман кітабы 2610), Насайи (Иман және оның бөліктері4990) Абу Дауд (Сунна 4695), Ибн Мәжжа, (кіріспе 63), Ахмад Ибн Ханбаль(Муснад 1/52)

[39] Мумтахина. 4

[40] Ахқоф. 35

[41] Нахыл. 127

[42] Әнфәль. 46

[43] Асыр. 1-2-3.



[44] Зүмәр. 10
Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет