448
12 тарау. Дәнекер тіндерінің биохимиясы
12.1. Жалпы сипаттама
Дәнекер тіндері клетка және аралық заттардан тұрады. Клетка
аралық заттар дәнекер тіндердің негізгі қасиеттерін анықтайды.
Эпителий мен дәнекер тіндері арасында базальды мембрана
орналасқан. Дәнекер тіндердің
басқа тіндерден айырмашылығы,
клеткалық элементтерге қарағанда, олардың клетка аралық заттары
көп болады. [34].
Дәнекер тіндердің клеткалық элементтері:
фибробласттар,
семіз
клеткалар, плазматикалық клеткалар және т.б.
Дәнекер
тіндердің
клетка
аралық
заттарына
биомолекулалардың үш класы біріктірілген:
1. құрылымдық белоктар (коллаген, эластин);
2. маманданған белоктар (фибриллин, фибронектин, ламинин);
3. протеогликандар ( гликозаминдер-ГАГ-тар);
1) Тығыз дәнекер тіні. (12.1)
2) Майлы тін (дәнекер тін).
3) Ареолярлы тін (дәнекер тін).
4) Ықшам сүйек (дәнекер тін).
5) Қан (дәнекер тін).
449
Дәнекер тіндердің кейбір клеткалары сигналды моекулаларды
(гепарин, гистамин, серотонин т.б) бөледі, олар иммундық жауапқа
және организмнің бейспецификалық реактивтілігіне қатысады.
Дәнекер тіндердің жиынтығы дене салмағының 50% құрайды.
Ықшам сүйектер мен тістер; сіңірлер
мен клеткааралық фасциальды
қабаттар; тері және паренхиматозды органдардың органішілік
стромасы; нейроглия және перитонеум- (брюшина) осылардың
барлығы тері асты клетчатканың борпылдақ дәнекер тіндері
қатарына жатады. (12.1). [173].
Дәнекер
тіндері
құрамында
клеткаішілік
элементтер:
остеобласттар, фибробласттар, хондробласттар, кератолбласттар
орналасқан. Олардың алуан түрлі болуына және морфологиялық
айырмашылықтарына
қарамастан, ортақ біртұтас принциптерге
негізделіп құрастырылған.
(12.2)
Дәнекер тіндер, басқа тіндер сияқты клеткалардан құралған,
десекте басқа тіндермен салыстырғанда клеткалары аз болады.
Осының нәтижесінде клетка элементтеріне қарағанда,
клетканың
аралық заттары көбірек орын алады. (12.2). [174].
Дәнекер
тіндері
ерекше
талшықты
(фибрилярлы)
құрылымдардан тұрады. Оларға коллагенді, эластинді, ретикулинді
450
талшықтар жатады. Бұл
белокты-талшықты құрылымдар, клетка
аралық субстанциялардың қоршауында орналасқан.
Дәнекр тіндер клетка аралық заттарға бай және олардың
химиялық құрамы өте күрделі болады. [1].
Достарыңызбен бөлісу: