12.3. Клетка матриксінің белокты-көмірсулы комплексі Дәнекер тіндері, клетка аралық матриксінің негізгі субстанциясы
болып табылатын, макромолекулярлы, белокты -
көмірсулы қосылыстар -
протеогликандар деп аталады
Протеогликандар, құрғақ дәнекер тіндер массасының 30%-ын
құрайды. Клетка аралық кеңістіктегі матрикстің құрамы 95%
көмірсулары болатын прлотеогликандар, 10-15% көмірсулары бар
мукопротеиндер және 10% көмірсулы гликопротеиндерден тұрады.
Протеогликандардағы
полисахаридтерінің
басым
көпшілігі,
шырышты субстраттарда табылғандықтан, негізгі атауға « муко»
пресуфиксі қосылып, мукополисахаридтер деп аталған болатын. әрі
қарай, бұл қосылыстар гликозаминогликандар деп аталатын болды.
Бұл атау қазіргі таңда сақталған. [1].
Дәнекер тіндердің гликозаминогликандары –
белок
молекуласымен ковалентті байланысқан гликозаминогликандар-
(ГАГ), күрделі белоктар. ГАГ-тар тізбекті, тармақталмаған
полимерлер, қайталанатын дисахаридті бірліктерден құралған. ГАГ-
тар организмде бос, жеке «таза» көмірсу түрінде кездеспейді.
Олардың құрамында міндетті түрде, мономер қалдықтары:
глюкозамин немесе галактозамин, сондай-ақ екінші дисахаридтің
негізгі екі мономері: D-глюкурон немесе L-идурон қышқылдары
түрінде кездеседі. Қазіргі таңда, ГАГ-тардың негізгі 6 класының
құрылымдары анықталған, оларға:
- гиалурон қышқылы;
- дерматан сульфат ( хондроитин-сульфат В);
- хондроитин-4-сульфат (хондроитин-сульфат А);
- хондроитин-6-сульфат(хондроитин-сульфат С),
- кратан сульфат, гепарин, гепаран сульфаттары жатады.
ГАГ-тардың гидрофильділігі жоғары, сондықтан бұл қасиеттері,
оларға концентрациясы төмен болған жағдайда , гель түзуге (тіндік
тургор), мүмкіндік береді. [1].