Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет357/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Энтактин
– ламинин мен коллагеннің арасын байланыстырушы 
қызметін атқарады. Бүйректің базальді мембранасында молекулярлы 
фильтр қызметін атқару үшін, гепарансульфаттар қажет. Базальды 
мембрананың өзіне ғана тән ерекше құрылысы, фибробласттар мен 
эндотелийдің тікелей жанасуына кедергі келтіреді, бірақ моноциттер 
мен лимфоциттердің қозғалуына мүмкіндік береді. Клеткааралық 
заттардағы белок молекулаларын гидролиздеуге матрикстің 
металлопротеиназасы (ММП) және олардың тіндік ингибиторлары 
(ТИММП) қатысады. Металлопротеиназалар протеогликандар, 
гликопротеиндер және коллагеннің ыдырауын катализдейтін цинк-
тәуелді ферменттер болып табылады. Олар: 72 кДа желатиназа 
(ММП-2), коллагеназа денатурацияланған коллагенді, коллагеннің 
ІҮ, Ү, ҮІІ, Х түрлерін, эластинді, фибронектинді гидролиздейді. 92 
кДа желатиназа (ММП-9), коллагеназа желатинді, коллагеннің ІҮ, Ү 
түрлерін, фибронектинді гидролиздейді. Нейтрофильді коллагеназа 
(ММП-8), коллагеннің І-ІІІ түрлерін ыдыратады стромализиндер 
(ММП-3, ММП-10, ММП-11) протеогликан, фибронектин, ламинин, 
матрилизин (ММП-7), эластин, энтактинді гидролиздейді.


461 
Металлопротеиназалардың 
активтенуі атеросклероз және 
түйіндердің ажырауына байланысты. Олардың активтенуіне 
плазмин, трипсин, калликреин қажет. Дәнекер тіндерінің 
клеткааралық белокты-көмірсулы кешендері бірнеше күннен 
(терінің протеогликандары) бірнеше айға дейін (терінің жетілген 
коллагендері) өмір сүреді. [34]. 
Протеогликандардың белокты компоненттері әртүрлі болады
және олардың дәнекер тіндердің фибриллярлы белоктары коллаген 
мен эластинге ұқсамайды. 
12.6. Гликозаминогликандардың метаболизмі 
 
Гликозаминоглкан биосинтезі 
гиалурон қышқылы құрамына 
кіретін глюкозамин мен глюкурон қышқылы, D-глюкозадан
синтезделеді. Гиалурон қышқылының тікелей ізашары ретінде, 
УДФ-нуклеотидтердің туындылары глюкурон қышқылы және
N-ацетилглюкозаминдер қатысады.
Сульфаттанған ГАГ-тардағы сияқты, гиалурон қышқылы 
көмірсу қалдықтарының ізашары D-глюкоза болып табылады. Әрі 
қарай, глюкозаминдерің галактозаминдерге эпимеризациялануы 
жүреді, ал глюкурон қышқылдары дерматан-сульфаттардың синтезі 
кезінде идурон қышқылдарына айналады. [4]. 
Бұл қосылыстардың нуклеотидті туындылары сульфаттанған 
гликозаминогликандардың биосинтезі кезінде, кәдеге жаратылады, 
сульфат 3

– фосфоаденозин-5 
'
- фосфосульфат (ФАФС) түрінде 
ГАГ-тардың синтезіне қосылады. ГАГ-тардың биосинтезі 
процесіне көптеген ферменттермен қатар трансферазалар қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет