Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Кариостатикалық агенттердің



Pdf көрінісі
бет373/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Кариостатикалық агенттердің 
бірнеше түрлері бар: 
1. күштілері - фтор, фосфор; 
2. орташалары - молибден, ванадий, мыс, бор, литий, алтын; 
3. күмәнділері - берилий, кобальт, марганец, қола, цинк, борм, йод; 
4. кариесогенді - селен, кадмий, марганец, қорғасын кремний. 
Эмаль құрамында белоктың мөлшері төмен (0,5 - 4%) болады.
Амин қышқылдық құрамы жағынан коллагеннен ерекшеленеді: 
пролин, оксипролин, глицин өте аз болады. Жетілген эмальдың 
белогы гликопротеин болып табылады. Бұл белоктар липидтермен 
комплекс түзеді. Эмальдың минералдануы липид мөлшерінің 
жоғарылауы мен бірге жүреді. 


477 
Жетілген эмальда белоктың мөлшері 100 есе азаяды. Амелогенин
мөлшері азаяды, энамелиндер жоғарылайды. 
Эмальдағы кальций байланыстырушы белок
(ЭКББ) 
молекулалық массасы 20кДа, суда еритін ЭКББ-гы Са
2+ 
мен 
байланысқанда полимерлену нәтижесінде ерімейтін формасына
айналады. Бұл кезде эмальда нейтралды ортада ерімейтін үш 
өлшемдік белокты тор түзіледі. Аталған белоктың бір молекуласы 
8-10 Са 
2+ 
байланыстыра алады. Үш өлшемдік белокты тор эмальдың 
гидроксиапатитімен 
байланысады, 
нәтижесінде 
эмальдың 
полиморфты ерімейтін белокты матрицасы қалыптасады. Кальций – 
ЭКББ түзілген тор амилогенин талшықтарына бағытталып 
орналасқан. Белокты матрица гидроксиапатиттің кристалдануымен 
нуклеациясын бастап береді. Біріншілік нуклеацияның ядро 
айналасында гидроксиапатит кристалдарының одан әрі қарай 
жиналуы және жетілуі жүреді. 
Минералды компоненттің тасымалдануы екі бағытта жүреді: 
1. пульпа – дентин – эмаль; 
2. минералды компоненттердің сілекейден түсуі; 
Сілекей эмальдың өткізгіштігіне әсер етеді, себебі сілекейдің 
құрамында гиалуронидаза, фосфатаза, калликреин т.б. қосқанда 50-
дей ферменттер бар. Эмальдың өткізгіштігінде ондағы сумен 
толтырылған микрокеңістіктердің болуы маңызды рөл атқарады, 
олар арқылы, иондарының радиусына байланысты заттар енеді.
Эмальдың сулы фазасында иондардың жылжуын осмостық қысым 
қамтамасыз етеді. Клеткалары болмауы салдарынан эмаль 
регенерацияға қабілетсіз болады. 
Дентин
– тістің маңызды құрам бөліктері ретінде оның негізгі 
массасын құрайды. Дентиннің тәж бөлігі эмальмен, ал түбірлік 
бөлігі цементпен қапталған. Дентин құрамында бейорганикалық 
заттар 72%-дай болса, органикалық заттары мен су 28%-ды құрайды. 
Дентиннің бейорганикалық заттары - фосфаттар, карбонаттар, 
кальций фторидтері, ал органикалық құрам бөліктері – негізінен І-
типтегі коллагендерден тұрады. 
Дентин 
негізгі заттардан құралған. Негізгі заттардың 
түтікшелері бар, онда пульпадан енетін одонтобластардың
өсінділері және жүйке талшықтарының ұштары орналасқан. Негізгі 
заттардың құрамында желімдік заттар: гликозаминогликандар, 
хондроитин-4-сульфат, хондроитин-6-сульфат, гиалурон қышқылы 
және топталып жиналған коллагенді фибриллалар болады. 


478 
Желімдік затта минералдық тұздың мөлшері көп болады. 
Дентиннің 
коллагенді 
емес 
маңызды 
белоктарына 
фосфопротеиндер 
жатады. 
Бұл 
белоктар 
серинге 
бай, 
этерифицирленген фосфаттар есебінен қышқылдық қасиетке ие. 
Қышқылдық қасиеттеріне қарай, кальцийді байланыстыруға 
қабілетті. Бұл белоктар протеогликандар сияқты, минералданудың 
алдында предентин пайда болады және минералдану жүретін жердің 
алдыңғы шегінде орналасады. [34]. Сүйек тінімен салыстырғанда 
қышқылы қалдығы бар белоктар әлдеқайда аз, бірақ магний 
дентинде γ-карбокси глутамин концентрациясы үш есе көп болады. 
Фтор мөлшері пульпа шекарасына жақын аймақтарда көп, 
оның концентрациясы жасқа байланысты арта түседі. Дентиннің 
басты минералды компоненті гидроксиапатит болып табылады. Ол 
сүйек гидроксиапатитінен Са/р (1,5-1,7) қатынасы мөлшерімен 
ерекшеленеді. Дентинде гидроксиапатиттен басқа аморфты фосфат 
және кальций карбонаты кездеседі. 
Тістің жұмыс жасауының барлық кезеңдерінде, тіршілікке 
қабілетті пульпа бар жерде дентиннің түзілу процесі жүре береді.
Тіс шыққаннан кейін түзілетін дентин - екіншілік дентин деп 
аталады. Оның минералдану дәрежесі төмен және коллаген 
талшықтарының мөлшері көп болады. [34]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет