Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет371/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Простагландиндер:
ПГЕ
2
басында остеокласттарды
ингибирлейді, содан кейін сүйектің резорбциясын күшейтеді. әсері
Коллаген 
биосинтезінің 
стимульденуі 
немесе 
тежелуі 
простагландиндердің дозасына байланысты әсер етеді. 
Интерлейкин 6
сүйектің резорбциялануына септігін тигізеді 
және остеокластогенезді, гемопоэздің бастапқы сатыларын 
стимульдейді [34]. 
 
13.6. Тіс тіндерінің құрамы және метаболизмі 
 
Тістің құрамына үш түрлі тығыз тіндер: эмаль, дентин, цемент 
және тіс пульпасында болатын дәнекер тіндерінің борпылдақ 
түрлері кіреді. (13.2). [179] 
Эмаль 
- тістің қатты бөлігі, қаттылығы жағынан кварцқа жақын, 
тістің тәжін (коронка) қоршап тұрады, қалыптасып болғаннан кейін 
клеткаларын жоғалтады. Тіс шыққанға дейін эмаль клеткасыз 
қабаттан (1 мкм) және эмаль өндіретін клетка қабатынан (10 мкм) 
мембранамен қамтылған болады. 
Тіс шыққаннан кейін мембрана бұзылады және тіс кутикуламен 
қоршалады. Кутикула сілекейдің органикалық матрицасынан және 
шырышты қабаттан тұрады. Эмальдың майда құрылымдық бірлігі - 
эмаль призмаларын түзетін апатит тәрізді кристалдар. 
Эмальдің ішкі беті (дентинге қараған жағы) рельефі біртегіс 
емес, өзінің құрылымдық элементтерімен дентинге жебе тәрізді


475 
орналасады. Эмаль мен дентин арасында жұқа органикалық қабат 
және жұқа фибриллалар орналасқан. Эмальдың сыртқы беті 
органикалық қабаттармен қапталған.

Адам тісі
(13.2). 
Эмалдың химиялық құрамы мен құрылысы оның түзілу процесі 
барысында өзгереді. Эмальдың органиканың іргетасы біртіндеп 
фибриллярлы формаға ие болады. Эмальдың органикалық матриксі 
дамуы мен оның минералдануы бір процесс болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет