479
Ұлпа -
дәнекер тіні борпылдақ түрлерінің бірі болып
табылады. Ұлпа тіс тәжі қуысымен тістің түбірлік каналдарын
толтырып тұрады. Ұлпа тістің түбірлік
бөлігі жағына қарай
тығыздалады. Ұлпа химиялық құрамы жағынан сүйек кемігіне ұқсас
болады. Ұлпаның құрамында 5% -бейорганикалық заттар, 40% -
органикалық заттар және 60% - су болады.
Ұлпа трофикалық қызмет атқарады. Ұлпада қан тамырлары,
жүйке талшықтары көп таралғандықтан,
тісті қоректік заттармен
қамтамасыз ету арқылы ондағы жүретін зат алмасу процесінде
маңызды рөл атқарады. Ұлпа – жалғыз минералданбаған тіс тіні
және тістің энергетикалық орталығы деп есептеледі. Ол оттегіні өте
көп пайдаланады.
Оттегі аэробты гликолизге, тотығу-тотықсыздану
реакцияларына жұмсалады. Ұлпа клеткаларында метаболизм
процесстері қарқынды өтеді: РНК-лар, белоктар синтезделеді. Осы
реакцияларды энергия және субстратпен
қамтамасыз ететін
процестер жүреді. Ұлпада сілтілі және қышқылды фосфотазалар
болады, олар минералдық алмасуға қатысады және амин
қышқылдарының алмасуын қамтамасыз
ететін трансаминазалармен
пептидазалар болады. Ұлпа клеткалары қан тамырлары арқылы
қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ұлпасынан қоректік заттар
дентинге, эмальға және тіс тәжіне жеткізіледі. Ұлпаның
перифериялық бөлігінде және дентиннің
кейбір аймақтарында
жоғары дифференцирленген клеткалар – одонтобластар орналасқан.
Олардың өсінділері дентинге толығымен енген, сондықтан қоректік
заттар дентинге , эмальға тасымалданады. [34].
Достарыңызбен бөлісу: