117
Глицеридтердің ыдырауы мен синтезінің интенсивтілігіне әсер
ететін маңызды факторлардың бірі
май тіндерде глюказаның
утилизациясы болып табылады. Егер май тіндерінде глюкоза және
инсулин жеткілікті болса, онда
триглицеридтердің ыдырауына
қарағанда синтезі басым жүреді. Ашыққанда және диабетте
глюкозаның жұмсалуы минимальді деңгейге төмендейді,
бұл кезде
триглицеридтердің ыдырауы оның синтезіне қарағанда басымырақ
жүреді. Майлы тіндердегі глицеридтердің жартылай ыдырау кезеңі
5-9 күнге тең болады. Тыныштық кезеңінде
май тіндерінде барлық
липидтердің 3-4% алмасады. Май депосындағы триглицеридтердің
алмасуы бірқалыпты емес және баяу жүреді.
Липидтердің негізгі массасы, шамамен 70%,
баяу алмасады,
олардың жартылай ыдырауы 70 күнге тең. Май тіндеріндегі және
басқа да ағзалар мен ұлпалардағы глицеридтердің алмасуы бір-
бірінен ерекшеленеді
Достарыңызбен бөлісу: