Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет93/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Липидтердің тасымалдануы. 
Липидтер суда ерімейді, сондықтан оларды тасымалдау үшін 
ағзада липидтермен белоктардан комплекстер – липопротеидтер 
(ЛП) түзіледі. Липидтерді тасымалдау экзогенді және эндогенді 
болып 2-ге бөлінеді. Тағаммен түскен липидтердің тасымалдануы 
экзогенді
-деп, 
ал организмде синтезделген липидтердің 
тасымалдануы 
эндогенді
тасымалдану деп аталады. [17]. 
Липопротеидтердің бірнеше түрлері болады, олар құрылысы 
жағынан ұқсас ортасында гидрофобты ядросы, ал гидрофильді 
қабаты беткі жағына орналасады.
Гидрофильді беткі қабаты 
апопротеиндер 
деп аталатын 
белоктардан тұрады, ал амфифильді липид молекулалары - 
фосфолипидтерден, холестеролдардан тұрады. Бұл молекулалардың 
гидрофильді топтары сулы фазаға қарай орналасқан, ал гидрофобты 
топтары ядроға бағытталған, онда тасымалданатын липидтер 
орналасқан.
 
Апопротеиндер бірнеше қызмет атқарады:
 
1. Липопротеиндердің құрылымын қалыптастырады мысалы, 
В-48 хиломикрондардың негізгі белоктары, В-100 өте төменгі 
тығыздықтағы (ӨТТЛП) және төменгі тығыздықтағы (ТТЛП) 
липопротеиндердің негізгі белоктары болып табылады. 
2. Апопротеиндер клетканың беткі жағында орналасқан 
рецепторлармен әрекеттеседі яғни осы липопротеиндер
(апопротеин – 100 Е) 
қандай 
тіндердің 
клеткаларымен 
әрекеттесетіндігін анықтайды. 


118 
3. Апопротеиндер ферменттерге немесе липопротеиндерге әсер 
ететін ферменттердің активаторы болуы мүмкін.
Мысалы: лецитинхолестеролацилтрансфераза А С–ІІ–ЛП 
липазаның 
активаторы 
болып 
табылады. 
Энтероциттерде 
ресинтезделген экзогенді ТАГ, БМҚ, холестеролдарды тасымалдау 
үшін белоктар мен ФЛ-ден
хиломикрондар
(ХМ) түзіледі. 
ХМ осы күйінде алдымен лимфаға, сонан соң қанға түседі.
Лимфада және қанда ЖТЛП-ден Е (апоЕ) және С ІІ (апо С- ІІ) 
апопротеиндер ХМ-ға тасымалданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет