Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


  Ішектің липид алмасудағы рөлі



Pdf көрінісі
бет90/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 


114 
Ішектің липид алмасудағы рөлі. 
Липид алмасуы барлық органдар мен тіндерде өтеді, бұл 
процесте ішек қабырғасының маңызы зор.
Сіңіру процесі арқылы мицелла ішек кілегей қабатының 
эпителий клеткаларына түседі, сол жерде құрам бөліктеріне: МАГ, 
ХСН, БМҚ, ФЛ және өт қышқылдарына ыдырайды.
Ішектің эпителий клеткаларына суда еритін глицерин, азотты 
негіздер (холин, этаноламин, серин), қысқа көміртегі тізбегінен 
тұратын БМҚ, фосфор қышқылдары келіп түседі.
Липидтер синтезі қажетті заттар жеткілікті болғанда жүреді. 
Бұл процесс – 
липогенез
деп аталады.
1.ТАГ-ң синтезі: 
МАГ + БМҚ ДАГ + БМҚ ТАГ бұл моноглицеридті жол. 
2. Фосфолипидтер синтезделеді. 
3. Ішектің энтероциттерінде липонеогенез жүреді. 
ТАГ-ң табиғаты липид емес, басқа заттардан синтезделуі, 
негізінен көмірсулардан түзілуі –
 липонеогенез 
деп аталады. 
4. Ішек клеткаларында көп мөлшерде ТАГ түзіледі.[16]. 
Олар суда ерімейтін болғандықтан, жеке күйінде тасымалданбайды, 
себебі, қан тамырын бітеп тастайды, яғни май эмболиясы пайда 
болуы мүмкін. Клеткаларды жоғарғы энергиялық материалмен 
қамтамасыз ету және холестеринді тасымалдау үшін ішек 
клеткаларында 
хиломикрондар
(ХМ) 
синтезделеді. 
Бұл 
бөлшектерді тек қана ішек клеткалары синтездеуге қабілетті. 
ХМ-дардың диаметрі 0,1-0,5 мкм, кейбіреулерінің диаметрі 
1,5 мкм-ге дейін жетеді. Құрамында 80% дейін ТАГ, 7%-ФЛ, 10-
11% холестерин және оның эфирі, 2%-белок болады. 
ХМ-ның ішінде гидрофобты ТАГ, ХСН, БМҚ-ры орналасады, 
сыртқы қабатында ФЛ мен белок қоршап орналасады, осылайша 
ХМ-ның гидрофильді қабаты түзіледі. Бұл қабат ХМ-ға ерігіштік 
пен тұрақтылық береді, дегенмен ХМ-ның тұрақтылығы төмен және 
көлемі үлкен болғандықтан, қан тамырларына өте алмайды, 
сондықтан лимфа жүйесіне түсіп, кеуде лимфа өзегінен аты жоқ 
вена арқылы жүрекке барып, одан өкпеге келеді. Ақырғы баратын 
жері бауыр. ХМ-ның көлемі үлкен болғандықтан олар жарықты 
әлсіздендіріп, қанға ақшылдау түс береді. 
ХМ-ң 90%-ы лимфа жүйесімен тасымалданады. Липидтердің 
гидролиз кезінде түзілетін өнімдердің 10%-і глицерин, қысқа БМҚ-
дары, ФЛ-тер, қақпа венасы арқылы бауырға келеді. [18]. 


115 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет