107
оптимум рН-ы 4-5-ке тең. Асқазан сөлінің липазасы эмульгирленген
майларға әсер етеді. Нәрестеде асқазан сөлінің рН- ортасы
липазаның рН оптимумына сәйкес келеді.
Ересек адамдарда липидтердің гидролизденуі аш ішекте ұйқы
безі сөлі липазасының әсерінен өтеді, бұл фермент активсіз күйде
түзіледі, олардың активтенуі үшін өт қышқылдарының тұздары
қажет, себебі өт қышқылдары тұздары липазалардың спецификалық
активаторы болып табылады. Активтенген липаза ТАГ-ті біртіндеп
глицериннің көміртегіне қосылған БМҚ-ын бөліп шығарады.
Ішек сөлінің липазасы активті түрінде түзіледі, ол МАГ-ды
БМҚ мен глицеринге ыдыратады.
Достарыңызбен бөлісу: