Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Құрылысы мен физиологиясы



Pdf көрінісі
бет155/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Құрылысы мен физиологиясы.
Сегменттелмеген денесінде ұзын
созылмайтын, пішінін өзгертпейтін өсіндісі немесе тұмсығы бар. Bonellia 
viridis-тің тұмсығының ұшы екіге айрылған. Тұмсықтың құрсақ жағы сәл 
ойыс және сумен бірге майда қоректік заттарды ауызға қарай айдайтын 
кірпікшелермен қапталған. Аузының артқы жағында екі ірі қылтан, оған қоса 
денесінің соңғы бөлімінде екі қатар майда қылтандар тәжі айнала 
орналасқан.
Денесінің сыртқы жағы тығыз кутикуламен қапталған және оның астын 
бір қабатты эпителий астарлаған. Эпителидің астында тері - бұлшықет 
қапшығы, ал одан тереңіректе целом қуысын астарлаған перитонеальды 
эпителий бар.
Ac қорыту жүйесі
алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы 
ішектен құрылған. Артқы ішекке екі аналь қапшығы ашылады. Олар 12-300-
дей ұсақ, бір ұшымен целомға, екінші ұшымен аналь қапшығына ашылатын 
кірпікшелі воронкаларымен қапталынған. Аналь қапшығы зәр шығару әрі 
тыныс алу қызметін атқарады.
Зар шығару жүйесі
үш түрлі мүшелермен сипатты: трохофораның 
жұп протонефридиясымен, ересек формаларындағы аналь қапшығымен және 
денесінің алдыңғы бөліміндегі нефромиксияларымен. Нефромиксиялары 
кеңейген жағымен целом қуысына, жіңішке ұшымен сыртқа ашылады. 
Олардың саны бірден (Bonella туысында) төрт (Thalassema) жұпқа дейін, 


кейбіреулерінде бірталай ұлғайып 100-200-ге дейін жетеді (Ikeda tenioides-
те). Нефромиксиялар несеп заттарды шығаруымен қатар, жыныс 
клеткаларында шығарады.
Қан айналу жүйесі
арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. Екеуі 
де денесінің артқы жағында екі сақиналы қан тамырымен жалғасады. Арқа 
қан тамыры тұмсығына өтіп, одан шығарда құрсақ қан тамырына ұласады.
Нерв жүйесі
нашар дамыған, тек құрсақ нерв бағанасынан және 
жұтқыншақ айнала сақинасынан тұрады. Нерв клеткалары нерв бағана 
бойында шашыраңқы орналасып, нерв түйіндерін түзбейді, тіпті жұтқыншақ 
айнала сақинасы да ганглиозды ұлғаймаған. Теріде орналасқан сезім 
клеткаларынан басқа сезім мүшелері жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет