Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет90/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Қан косезуі
- Schistosoma haematobium қос жынысты. Аталығы 
/ұзындығы 12-14 мм/ аналығынан қысқа, бірақ жуан, құрсақ бөлімі ұзынша, 
ішке қарай еніңкі келеді, ол гинекофор ойығы, (canalis gynaecophorus), онда 
ұзын /20 мм/, бірақ жіңішке аналық жатады, паразиттер әрқашанда жұбымен 
кездеседі (61,Б -сурет). Дөңгелек ірі /0,12 мм/, қақпақсыз жұмыртқалары 
болады. Шистозома адамның құрсақ қуысының ірі веноздық тамырында, 


қуық
пен
бүйректің веналарында тіршілік етеді. Аналықтары 
жұмыртқаларын қуық пен артқы ішектің қабырғаларындағы тамырларға 
салады. Құрамында мирацидиялары бар жұмыртқалар қуық қабырғасын 
тесіп, оның қуысына түсіп, несеппен сыртқа шығады. Жұмыртқалардың 
несепте табылуы - шистозоматоз ауруын көрсетеді. Паразиттер қуықта, 
бүйректе және несеп жолдарында тіршілік етіп осы мүшелерді қабындырып, 
жаралайды. Содан басқа, жұмыртқалардың жиынтығының маңайында 
фосфорқышқыл тұздары жиналып және қуықта тастар пайда болуы мүмкін.
Қан қосезуінің мирацидиялары суға түсіп, тұщы судағы 
моллюскаларда дамып, церкарилерге айналады. Олар адамның денесіне суға 
шомылғанда терісіне жабысып, қан тамырларына өтеді. Қан қосезуі негізінен 
Африкада, Үндістанда сонымен қатар Америкада, Кипрде және басқа 
жерлерде тараған.
Шистозоматоз - адамның өте ертедегі ауруы, жұмыртқалары біздің эрамызға 
дейінгі 1300 жыл бұрынғы Египет мумияларынан табылған.
61-сурет.
Дигенетикалық сорғыштар: A - Opisthorchis felineus мысық қосезуі; Б - 
Schistosoma haematobium - қан қосезуі
(6 - 
аталығы, g - аналығы); 1 - ауыз сорғышы, 2 - 
құрсақ сорғышы, 3 - ішек, 4 - сарыуыз без, 5 - жатын, 6 - аналық без, 7 - аталық без, 8 - 
қуық
АСПИДОГАСТЕРЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ASPIDOGASTRAEA
Аспидогастерлердің 40-тан аса түрі бар. Дигенетикалық сорғыштардан 
негізгі айырмашылығы
-
бекіну мүшелерінің құрылысында. 
Аспидогастерлерде құрсақ сорғышының орнына бірнеше қатар сорғыш 
тәрізді шұңқырлардан /ойыстардан/ құралған үлкен құрсақ сорғышы-дискісі /
дөңгелегі/ болады. Ең қарапайым түрі -Aspidogaster conchicola - тіссіз 
қосжақтаулы моллюсканың (Anodonta) жүрек маңайындағы қалташықта 
(перикардия) кездеседі. Бұл топтың басқа өкілдері - моллюскалардың, 
балықтар мен тасбақалардың паразиттері. Ең негізгі ерекшелігі - тіршілік 
циклі метаморфоз жолымен жүреді, бұларда ұрпақ алмасуы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет