Оқулықпен жұмыс 27 Пайдаланылған әдебиеттер 31


ІІ деңгей Тұлғалары бірдей сөздерге назар аудар. Қай сөйлемде үстеу болады? Мағынасына көңіл бөл



бет8/26
Дата26.10.2023
өлшемі104,9 Kb.
#188432
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Үстеу тақырыбына деңгейлік тапсырмалар

ІІ деңгей

  1. Тұлғалары бірдей сөздерге назар аудар. Қай сөйлемде үстеу болады? Мағынасына көңіл бөл.

  1. Бүгінгі күн жаздай екен. 2. Біз жаздай шөп шаптық.

Тіркескен сөзімен ал, сұрақ қой.
________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Мына сөздерге -ша, -ше жұрнағының тиістісін жалға, қандай сөз табы жасалады? Сөз тіркестіріп дәлелде.

Кітап, сандық, орыс, түлкі.
Үлгі: кітапша - не? Рең мағына беретін туынды зат есім; жұқа кітапша;
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Мына сөздерден туынды үстеу жаса.

тыс __________, жасыр_________, үстірт __________, алтын_________.


ІІІ деңгей


Кешке, түнде, кенеттен, тез, енді
Мына үстеулерді қатыстырып, "Қысқы көрініс" атты шағын әңгіме құр, оған өзің ат қой.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



ЕСІҢЕ САҚТА!

  1. Үстеулер морфологиялық белгілеріне қарай екі топқа бөлінеді:

1) негізгі түбір үстеулер, 2) туынды түбір үстеулер.

  1. Негізгі үстеулер морфемаға (қосымшасыз) бөлшектеуге келмейтін, белгілі бір формада қалыптасқан үстеулер жатады. Әбден, тым, әуелі, т.б.

  2. Туынды үстеулер жұрнақ арқылы жасалған және кейбір септіктердің көнеленуінен туған үстеулер жатады.

(7-8 жұрнақ арқылы және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрған көнеленген формадағы үстеулер)
Үстеулерді бірдей тұлғалас сөз таптарынан ажырата біл: үстеулер етістікпен тіркеседі, істің сынын, мезгілін, себебін, мақсатын, мекенін білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет