Оқулық,презентация. Жұмыс формасы : жеке,жұптық,өздік,топтық. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



Дата20.06.2018
өлшемі58,07 Kb.
түріОқулық
Қазақ тілі 7 сынып.

Тақырыбы: Сыйлық. Кімге не сыйлау керек?

Мақсаты: 1.Модуль бойынша  тақырыпты жетілдіру.Грамматикалық тақырып(тұйық етістік) бойынша алған білімдерін сабақта  нақты  қолдану.

2.Оқушылардың сауаттылығын,ойлау қабілетін,тіл байлығын дамыту.Жаңа сөздерді дұрыс қолданып,сөздік қорын байыту.

3.Әдептілік,ілтипат,риза болу деген ұғымдармен таныстырып,оқушылардың әдептілік, сый-құрмет қасиеттерін тәрбиелеу.

С/түрі:аралас сабақ.

Қолданылатын  әдіс-тәсілдер:АҚТ,СТО,оқу,аудару,жазу,түсіну,қолдану,салыстыру.

Көрнекіліктер:оқулық,презентация.

Жұмыс формасы:жеке,жұптық,өздік,топтық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ:

1.Тіл дамыту сұрақтары.

2.Миға шабуыл.

3.Презентацияда берілген суреттерді қарап,жаңа сөздермен танысу.Сөздіктегі сөздерді оқу,аудару,сөз тіркесі және сөйлем құрастыру.



ІҮ.Оқулықпен жұмыс .

1-тапсырма.Сөйлемдерді жазу,тұйық етістікті табу.

2-тапсырма «Дұрыс,бұрыс» кестені толтыру.

Ү.Топтық жұмыс.

Фонетикалық талдау

1 топ-сурет,2 топ  кәмпит,3 топ кітап.

Зат есімді септеу:

•         1 топ:көйлек,

•         2 топ:мүсін,

•         3 топ:телефон.

ҮІ.Өздік жұмыс(дәптереде орындау)

1-тапсырма 35 бет.

•         Сыйлау,құрметтеу,қадірлеу,ардақтау,қасиеттеу,қастерлеу.

•         Сұлу,әдемі,әсем,көркем,көрнекті,ажарлы.



ҮІІ.Тақтамен жұмыс

Тұйық етістікті септеу:



Бару,оқу,жазу,сызу .

ҮІІІ.Рефлексия.5 жолды өлең(сыйлық)

ІХ.Үй жұмысын беру: 1-тапсырма 35 бет.

•         Нәтиже сабаққа дайындалу.




Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру. 
Дамытушылық: логикалық ой-өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. 
Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: «Қыз қуу» ойыны бейнеленген сурет, ұлттық ойындар туралы слайд-суреттер, үлестірмелі карточкалар. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
1. Өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтар: 
- Төрт түлік малға нелер жатады? 
- Бұл үй жануарларын неліктен «төрт түлік» деп атаған? 
- Төрт түлік туралы қандай тақпақтар білеміз? 
- Төрт түліктің төлдерін қалай атайды? 
2. Қайталау үшін тест сұрақтарын тарату. 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
1) Ұлттық ойындар туралы түсінік. 
- Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т.б. (интерактивті тақтадан мәтіндерді оқушыларға оқытып, таныстыру). 
1. «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.
2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек» ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған. 
3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын. 
4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады. 
2) Оқулықпен жұмыс: 
а) мұғалім оқиды; 
ә) оқушылар оқиды; 
б) сөздікті пайдаланып, аудару; 
в) жаңа сөздерден сөйлем құрау; 
г) сұраққа жауап беру. 
3) Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы тапсырмалар беру. 
4) «Қыз қуу» ойынын ойнату (бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады). 
1. Әнұранның авторлары кім? 
2. Қазақ тілінде неше жалғау бар? 
3. Иелік форма қалай жасалады? 
4. Зат есім дегеніміз не? 
5. Төрт түлік малды ата. 
6. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 
7. Өзің туралы айт. 
8. Сөз құрамы неден тұрады? 
9. Досың туралы айт. 
10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 
11. Көптік жалғауларын ата. 
12. «Кітап» сөзін септе. 
13. «Отан» сөзін тәуелде. 
14. Абай Құнанбаев кім? 
15. Есімдік дегеніміз не, түрлерін ата. 
IV. Сергіту сәті:
«Тоғызқұмалақ» сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып, жаңа сөздер табу. Мысалы, тоғыз, құмалақ, мал, т.б...
V. Сабақты қорытындылау: 
а) орысша, қазақша балалардың «Ұлттық ойындар» туралы не түсінгенін пысықтау; 
ә) мұғалім дайындаған тест сұрақтарынан ауызша жауап алу. 
VI. Бағалау. 
VII. Үй тапсырмасы: Ұлттық ойын түрлерін біліп келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0ca6
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ca6 -> Ученые естествоиспытатели
0ca6 -> Сабақ тақырыбы: «Дабылды жырдың дауылпазы»
0ca6 -> Сабақ тақырыбы: Қала мен ауыл
0ca6 -> Сабақ тақырыбы: Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі. Есептер шығару. Сабақ мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет