Оқушыларды ағылшын тілінен Ұбт-ге дайындауда қолданылатын әдіс-тәсілдер



Дата29.01.2017
өлшемі42,44 Kb.
#8138
Оқушыларды ағылшын тілінен ҰБТ-ге дайындауда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін, жан – жақты жетілген, өзіндік ой – толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан қаланады.


Қазақтың белгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте – Ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткіші. Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің сапалы өтуі алдымен мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында.
Бүгінде ағылшын тілін оқытудағы басты мақсат – халықаралық тіл болғандықтан заман талабына сай жан-жақты меңгерту. Ал, бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарылу керек:
• ҰБТ-ға дайындыққа арналған жоспар құрастыру.
• Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлу
• Тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргізу
• Тақырыптық тест құрастыру
• Әр тараудан кейін лексикалық және грамматикалық сынақ өткізу.

Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындауда мыналарды басты назарға ұстау керек деп ойлаймыз:


Мұғалім өз ісінің жетік маманы болу керек.
 Білім жүйесін күнделікті арттыру грамматикалық ережелерді жаттау арқылы,
 тесттерде кездескен жаңа сөздерді аударып, жаттау арқылы іс жүзіне асыру керек.
 Пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен өздері оқытып отырған оқушыларынан сұраныс пен талап қоя отырып , берілген білімнің сапасын аптасына 1 рет әкімшілік тест тапсырмаларын орындату арқылы жүйелеп, шыққан қорытындылары негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізе отырып үлгерім мен сапаны арттыру керек.
Сонда ғана Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі болады деп ойлаймыз.
11 сынып оқушыларын дайындау барысында теориялық білімдерін практикалық жаттығулармен ұштастырып отырып, үнемі жаттығулар орындату қажет. Жоспар бойынша әр тақырыпқа сай жаттығулар алып отырамыз.
Жаттығуларды ағылшын тілі оқулықтарынан,арнайы электронды оқулықтардан ,интернет ресурстарынан алып қолданып отырамыз.
Интернет арқылы оқушылар өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, қашықтық олимпиадаларға қатыса алады. Пән бойынша on-line тестілеуді, 5+ бағдарламасын жиі қолданамыз.Бұл тесттердің артықшылығы жауабын тез алып, артынша қатемен жұмыс істеуге ыңғайлы.

11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындық жоспары







Тақырып

Сағат саны

Күні

1

Буын типтері

1




2

Артикль.Географиялық
атаулармен артикльдің қолданылуы

1




3

Зат есімнің көпше түрі

1




4

Зат есімнің тәуелділік түрі.

1




5

Сан есімдер

1




6

Сын есімнің шырайлары

2




7

Етістіктің шақтары, активті түрі

4




8

Етістіктің шақтары, пассивті түрі

4




9

Сұрақтар түрлері

2




10

Фразалық етістіктер

2




11

Предлогтар

1




12

Сөз жасау

1




13

Модальді етістіктер

1




14

Герундий.

1




15

Шартты сөйлемдер

2




16

Төлеу сөз

2




17

Елтану

5





барлығы 34 сағат
Қорыта айтқанда, алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін – өзі дамытуға бейім , үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір құндылыққа жетелейтін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеу үшін оқушының білімге деген ықыласын жетілдіріп, өзінің ғана емес , өзгенің де өсуіне ықпал ететіндей деңгейге жеткізу - бүгінгі күн талабы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет