Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері


Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса



бет2/3
Дата05.12.2022
өлшемі29,69 Kb.
#161220
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
жоба, Ұлттық дүниетаным., Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі, Лекция№10. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары., Ювеналды педагогика, Диссертация Арын А.А., Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы, 5 syin ADEBIET 2014
Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік).
Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді. 
Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады. Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен меңгеру нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, сенім, ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және басқа ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде.
Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.
Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.
Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет - өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған - іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру қажет.
Г. Е. Занесскийдің пікірінше «Бұл психикалық іс-әрекет ерекше. Бұл әлеуметтік бағдарлау процесінде «Мен - бейнені» іске асырушы қызмет атқарады.
Басқа әр түрлі заттармен салыстырғанда инвариант бола отырып «дүниетанымдық» іс-әрекет, мақсаты, мотвациясына және операциялық механизмінің құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны іске асыру әлеуметгік бағдарлаудағы жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни қоғамдык тәжірибенің ғылыми білімдер жүйесіне белгіленген және жеке түлғаның әлеуметтік талаптар мен күтілулеріне, тәрбиесіне мақсатты түрде бағытталуына сәйкестігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет