«Оқушыларды еңбекке оқытудағы психофизологиялық ерекшеліктері», «Рефлекторлық сақина» тақырыбына өткізілген кіріктірілген сабақ



Дата18.03.2017
өлшемі92,38 Kb.
#11926
түріСабақ
«Оқушыларды еңбекке оқытудағы психофизологиялық ерекшеліктері», «Рефлекторлық сақина» тақырыбына өткізілген кіріктірілген сабақ.
Тусупов Т.Ж.,Анапьянова А.Д – сервис колледжінің оқытушылары

Кіріктірілген сабақ дәстүрлі емес сабақтар түріне жатады. Сабақтарды кіріктірілген түрде өткізу оқытушыларға пән аралық байланысты тиімді қолдануға бірнеше технолгоияны пайдалана отырып сабақты қызықты әрі нәтижелі өткізуіне мол мүмкіншілік береді. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Осы сабақ түрін екі немесе одан да көп оқытушыға өткізуге болады. Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, студентерге әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады. Кіріктірілген сабақты жоспарлауда сабақтың өту кезеңдері және кезең ішіндегі студенттерге берілетін негізгі ұғымдар мен сабақ материалдары бөліп алынады.Сабақты жоспарлауда берілетін материал қайта қайталанбауы керек, керісінше бір-бірін толықтырып, студенттердің сапалы білім алып шығуына жағдай жасалу керек. Кіріктірілген сабақты өткізу өте көп дайындықты қажет етеді , сондықтан оны жиі өткізу мүмкін емес. «Еңбекке оқыту әдістемесі» мен «Анатомия және жас ерекшелік физиологиясы» пәндерін біріктіріп өткізген кіріктірілген сабақты өткізу барысында күнтізбелік жоспарлар сәйкестендіріліп жасалады, тақырыпты таңдап алуда әдістемелі әдебиеттермен жұмыстар жүргізіледі және сабақтың әдістемелік жоспарын жасауда оқытушылар өзара сабақ барысындағы кезеңдердің материалдарын анықталды және осы жасалған жұмыстарды циклдің әдістемелі отырысында қарастырылады. Колледжде өткен сабақтың әдістемелік жоспары төмендегідей.

Сабақ жоспары

Пән: «Еңбекке оқыту әдістемесі», «Анатомия және жас ерекшелік физиологиясы.

Сабақтың тақырыбы: «Оқушыларды еңбекке оқытудағы психофизологиялық ерекшеліктері», «Рефлекторлық сақина».

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдістері: Топтық жұмыс

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктерін, физологиялық ерекшеліктерін, сенсорлы қозғалыс аппараты, рефлекторлық сақина, дағды, икем жөнінде білімдерін дамыта отырып оқыту және түсінік беру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды бір-бірін тыңдауға, өз-идеяларын, көз-қарас ұстанымдарын айта білуге, топпен белсеніп жұмыс жасауға, сыйластыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімін, шығармашылық қабілеттерін,тың идеяларды туындату, проблемалық сұрақтарды шеше білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың жабдықтары: Слайдтар, сөзжұмбақ, тест тапсырмалары, үлестірмелі тапсырмалар, аудио жазбалар, әртүрлі жемістер, әртүрлі иісті заттар (иіс су, жуа, лимон).

Оқытудың техникалық құралдары: Интерактивті тақта, проектор, компьютерлер.

Пән аралақ байланыс. Анотомия, педагогика, еңбекті қорғау.

Негізгі әдебиеттер: Г.И.Кругликов. «Методика трудового обучения с практикумом» М.2000. К.Өстеміров. «Технология оқыту әдістемесі» 2002.

Қосымша әдебиеттер: В.Н.Антропова. А.Г.Хрипкова. «Возрастная физология ишкольная гигиена» М.Просвешения 1990.
Жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.


  • Оза тапсырманы сұрау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Еңбекке оқыту кезінде дағды мен икемділікті меңгерту.

2.Еңбек ету кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты біліктілікпен дағдыны қалыптастыру.

3. Рефлекторлық доға мен анализаторлардың қызметі.

4. Еңбекке оқыту кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптар және жұмыс режимі.

5. Оқушылардың жұмыс қызметін ұйымдастыру. Оқытушы: Тусупов Т.Ж.

IV. Сергіту сәті: «Сөзжұмбақ шешу»

V. Жаңа тақырыпты бекіту. Тест сұрақтары, үлестірмелі тапсырмалармен жұмыс.

VI.Рефлексия.

VII. Қортындылау, бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.

  2. Оқушыларды үш топқа бөліп орындарына отырғызу.

II.Үйге тапсырмасын тексеру. (Оза тапсырма)

1.Бірінші топқа сұрақ: «Қазақ халқының жас ұрпақты еңбекке оқыту, тәрбиелеудегі ұлттық тәрбие негіздері»

2. Екінші топқа сұрақ: «Қазіргі замандағы жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеудегі ұстанымдары»

3. Үшінші топқа сұрақ: «Болашақтағы жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің перспективалары».



  1. Үй тапсырмасын қортындылау. (Мұғалімнің қортынды сөзі)

Ш.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  2. Жаңа тақырыпқа уәждеме: Қазақ халқында жақсы бір сөз бар «Балаңды бір жасқа дейін еркелет, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай сырлас» деген. Осы сөздің мәнін қалай түсінеміз?

  • Еңбекке оқыту кезінде дағды мен икемділікті меңгерту.

  • Еңбек ету кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты біліктілікпен дағдының қалыптасуы.

( Мультимедиялық қондырғыдан тірек конспектіні жазу)


  • Енді сендерге адам анатомиясы тұрғысынан рефлекторлық доға мен анализаторлар қызметі жайлы Айна Дарменовна таныстырады.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар. Әр адамның іс-әрекет жасауы анатомиямен тығыз байланысты. Сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдау және оны іске асыру тікелей жүйке жүйесімен, оның ішінде рефлекторлық доғамен байланысты.

«Рефлекс» латын тілінен аударғанда ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге ағзаның жауап қайтару реакциясы дегенді білдіреді. Рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы іске асады. Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:

(Мультимедиялық тақтадан көрсету)



  1. Жүйке ұштары-рецепторлар (латынша «receptor» қабылдаймын)

  2. Сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді)

  3. Жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі)

  4. Қозғалтқыш нейрондар

  5. Тітіркенуге жауап қайтаратын мүшелер.

Рецепторлық доға рецептордан басталады. Ал, рецепторлар анализаторлармен тығыз байланысты.

Сендер анатомия пәнін оқығанда анализатордың түрлерімен таныстыңдар. Енді мына сұраққа жауап беріңдер:



  1. Анализаторлар дегеніміз не?

  2. Анализатордың қандай түрлері бар?

  3. Рецептордың қызметі қандай?

Ендеше қазір әр топтан бір-бір оқушыдан шығып келесі тәжірибелерді жасап көрейік.

1-тәжірибе.

Оқушының көзін байлап, әр- түрлі иістерді искетіп, қандай иіс екенін анықтауын сұрау. (лимон, иіс су, жуа иістерін искету)

2-тәжірибе.

Оқушының көзін байлап берілген тамақтың дәмі арқылы тағамның түрін анықтауды ұсыну. (алма,алмұрт,апельсин, картоп, бал, қант)

3-тәжірибе.

Оқушыға әр-түрлі дыбыстарды естіртіп, қандай дыбыстар екенін анықтауды ұсыну. (балғаның,қол арамен жұмыс істегендегі дыбыс, пианино әуені, араның шуылы, құстың дыбысы)

Енді, алдарыңда жатқан карточка тапсырмасына жауап беріңдер.

Осы тәжірибелер кезінде қандай анализаторлар қатысқандығы туралы және оның рефлекторлық доғамен қалай жүзеге асқандығы жайлы көрсетесіңдер және схеманы саласыңдар.

Оқушылар жұмысты аяқтағаннан кейін, әр топ карточкаларды жинап береді. Оқытушы оны тексеріп, бағалау карточкаларына әр баланың бағасын қояды.



  • Адамдардың сенсорлық қозғалыс аппараты.

1. Түсіндіру және көрсету арқылы меңгерту кезінде, дыбыс және көру арқылы, хабар сезім мүшесі (есту және көру) арқылы миға беріліп, ол мида талданып, сол қозғалыстың суъбективті сұлбасын береді.

2. Миға әрекет ете отырып импульс пайда болады да, қозғалыс жүйкесіне беріледі осы арқылы адамның жұмыс мүшесіне, бұлшық еттерге әсер етеді.

3. Нәтижесінде оқушылар сезім мүшелері арқылы жұмысты орындайды. Міне, осындай әрекет ету арқылы рефлекторлы- сақина пайда болады.

А

Б В



А –сезім мүшелерінің - сезу датчигі, Б- басқару құралы- бастағы ми, В-байланыс каналдары- барлық жүйені біріктіретін жүйке.

  • Еңбекке баулу кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптар және жұмыс режимі.

Еңбек ету кезіндегі оқушылар дағдымен, іскерлікпен қатар қозғалыс икемділігінде дамытады, сол арқылы сүйек – бұлшық ет жүйесі, қан тамырдары, тыныс алу жүйелері, қан алмасуы нығаяды. Еңбекке баулу оқушылардың дамуына гигиеналық және жұмыс режімін сақтағанда жақсы әсер етеді. Еңбек ету процесінің ұзақтығы және демалу, үзіліс оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты реттеліп отырады. Бұл дегеніміз оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оқушылардың тез шаршамауына, сабақ кезінде оқушылардың белсенділігін көтеруге, жұмыстың тұрып қалмауына, оқудың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.Оқушыларға гигиеналық жағдай жасаумен қатар, ол ішкі ортаға да байланысты болады.Оған микроклимат, жарық, шу, дыбыс, жұмыс орнының жабдықталуы жатады.

  • Оқушылардың жұмыс қызметін ұйымдастыру.

Әр түрлі жұмыстар, әсіресе мектептің жанындағы тәжірибе участоктарында, бау-бақшаларда т.б. жұмыстарда оқушылардың жас және жыныстық ерекшеліктері,гигиена талаптарын ескере отырып ұйымдастырғанда ғана, жасөспірімдердің және балалардың дене тұлғасының дамуы, физологиялық даму ерекшеліктерінің қызметін жүйелі түрде ұйымдастырғанда ғана оң нәтиже береді.

Қазіргі гигиеналық нормалар(СП 2.4.2.782.-99) төмендегі уақыт аралықтарына рұқсат етіледі.



  • Технология сабақтарындағы сарамандық жұмыстардың ұзақтығы 5-7 сыныптар үшін сабақтың 65% уақытынан аспауы керек.

  • Негізгі жұмыс операцияларын меңгерудің үздіксіз жұмыс істеу уақыт ұзақтығы: 5-сыныптардың оқушылары үшін 8-10 минут, 6 -сыныптар үшін 10-12 минут, 7- сыныптар үшін 14-16 минут.

  • Телехабарларды, кинофильмдерді, диафильмдерді және депозитивтерді тиімді көрсету уақыт ұзақтығы: 5-7 сыныптарға -20-25 минут.8-11 сыныптарға -25-30 минут.

Сабақ кестесіндегі ең қолайлы жағдай 5 сныптар үшін, технология сабағы үшінші сабақ, ал 6-7 және жоғарғы сыныптар үшін, төртінші сабақ қолайлы. Аптаның әр күндерінде оқушылардың ойлау және жұмыс қабілеттілігі әр түрлі болып келеді. Аптаның ортасында оның деңгейі жоғары болса, апта басы мен соңында төмендейді. Әр бір үздіксіз 10 минуттық жұмыстан кейін 3-5 минут үзіліс жасап отыруы қажет.

(Енді экраннан тірек конспектіні дәптерге жазып аламыз).

Тірек конспект


  • Адамдардың қолайлы еңбек етуіне кері әсерін тигізетіндер: жұмыстың ауырлығы, жұмыс режимі, жұмыс уақытының тығыздығы және ішкі ортаның еңбек етуге әсері.

  • Ішкі ортаға: шу, діріл,температура,ауаның алмасуы, жарық және т.б.

  • Сарамандық жұмыстар 5-7 сыныптар үшін 65% аспауы керек.

  • Негізгі жұмыс операциялары: 5-сыныптарға 10 минут,6-сыныптарға 12 минут, 7-сыныптарға 16 - минуттан аспауы керек.

IV.Сергіту сәті.

Ал енді назарымызды экранға аударамыз. Алдымыздағы сөзжұмбақты шешіп көрелік.(Интерактивті тақтада сөзжұмбақ шешу)

V. Жаңа тақырыпты бекіту.

Оқушылардың білімдерін компьютерде тест тапсырмалары және үлестірмелі сұрақтар арқылы тексеру.

(Қалған топтағы оқушыларға тапсырма карточка үлестіріліп беріледі.Оқушылар оны толтырып тапсырманы оқытушыға жинап өткізеді)

VI.Қортынды. Оқушылардың білімдерін бағалау. Алған бағаларын айту.



VII.Рефлекcия.

  • Сабақтан ой –әсерлері

  • Топта белсенді жұмыс істеген оқушылар

  • Сабақта нені түсіндік

  • Ең қиын тапсырма

VIII. Үйге тапсырма. «Технология оқыту әдістемесі» К.Өстеміров, 2000ж, 18-20 беттер. Еңбекке оқытудағы психофизиологиялық негіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет