Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата29.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#179232
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
Алтынсарин. бастауыш Әдістемелік құрал

Мектептегі
құқықтық
сауаттылықты
қалыптастыру
-
негізгі
құқықтық бағыттағы
тәрбие жұмыстары
болып табылады. Б
аланың өміріне
және
әрекетіне
қолайлы жағдайлар туғызып, баланың
бойына біткен
мүмкіншіліктерді ақиқатқа айналдыру жолында
әрекет етіп, баланың
әрекеттерін ұйымдастырып, басқарып, оларға дұрыс бағытын беріп, жетекші
болып отырады.
Мектептегі құқықтық тәрбие жұмысы. 1- сыныптан бастап, белгілі бір
жүйелілік пен ұйымдастырылған түрде оқуды бітіргенге дейін жүргізілуі қажет.
Әрине, құқықтық тәрбие тиімді нәтиже беру үшін – арнайы жүргізілетін
сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Құқықтық тәрбиенің міндеттерін бөліп көрсететін болсақ, ол төмендегідей
болады:
- қоғам мүшелерінің бойына құқықтық білімді сіңіру;
- құқыққа сай жүріс-тұрысты әдетке, дағдыға айналдыру;
- құқықтық іске белсенді араласу қабілетін ояту;
- қоғам мүшелерінің заңда белгіленген құқықтары мен мүдделерін қорғай
және пайдалана алуға машықтандыру;
- құқықтық сананы қалыптастыру.
Құқықтық тәрбиенің негізі - оқушыға құқықтық нормаларды таныту
болып табылады
. Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері
мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған
заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру
үшін құқықтық нормаларды білуді борышы ретінде бастауыш мектептің беру
міндеті.
Олай болса, оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың құқықтық
сауаттылығын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:
1.
Өскелең
жас
ұрпақты
қоғамның
заңдары мен нормаларын
бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.


51
2.
Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз
Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.
3.
Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны
молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.
Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық
ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың
құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым
құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап оқу тәрбие процесінің барлық
құрылымында түсіндірілуден, білім беруден, оқытудан басталады.
Мектепте құқықтық тәрбие беру үдерісін кезең-кезеңмен өткізген жөн.
Оқушылар 1-4 сыныптарда алғашқы
құқықтық ұғымдармен танысады,
адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін әркімнің өз істеген
ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы, олар мектептің
өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін ұғынады,
алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер
барысында олардың
сынып, мектеп алдында жауапкершілік сезімдері
қалыптасады.


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет