Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тәсілдері. Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері: мақсаттары, принциптері және бағалау нысандары


Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы



бет8/13
Дата06.02.2022
өлшемі2,37 Mb.
#81479
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1 Критериалды бағалау жүйесінің бағалау қағидаттары
1 Критериалды бағалау жүйесінің бағалау қағидаттары

Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮЙІНДІ ИДЕЯЛАРЫ


Элементтер

Түйінді идеялар

Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме

Оқу бағдарламасын меңгеру, бағалау критерийлерін бақылау, өлшеуге қатысты берілген оқу мақсаттарына жеткенін айғақтайтын нақты нәтижелер арқылы бағаланады.

Кері дизайн

Кері дизайн технологиясында оқу үдерісінің жобалануы: Оқу бағдарламасы – Бағлау жүйесі – Оқу және оқыту үдерісі

Әлеуметтік-конструктивистік білім беру теориясы

Оқушы пассивті бағаланушыдан бағалау үдерісінің белсенді «жасаушысына/құрылысшысына» айналады; «нені», «қалай» және «неліктен» бағаланатынын түсінеді. Бұл оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланыстың сапасының, оқушының өзін-өзі реттеуі мен өзіндік жауапкершілігінің артуына ықпал етеді.

Оқу мақсаттарының таксономиясы

Оқу мақсаттары ойлау дағдыларының алты деңгейімен сипатталады: білу және түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау

Сөйлеу әрекетінің теориясы

Тілдік пәндер бойынша бағалау критерийлері 4 тілдік дағдыларды сипаттайды: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Жақын арадағы даму аймағы

Мұғалім мен құрдастарының қолдау көрсетуі арқылы оқушының дамуына қолайлы орта орнатылады

Скаффолдинг теориясы

Оқушыларды қадамдық қолдау және әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану

Қалыптастырушы бағалаудың теориясы

Бағалаудың негізін үш сұрақ құрайды: « білім алушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?»

Білімді толық меңгеру теориясы

Оқушының оқу жетістігі деңгейіндегі айырмашылықты үш фактор арқылы түсіндіреді: Білім алушылардың бастапқы білімін бақылау және оқу үдерісін олардың қажеттілігіне сай бейімдеу; мүмкін болатын сәтсіздіктерге берілмеу үшін алдын-ала қолдау көрсету арқылы оқушыны ынталандыру; жеке қолдау көрсету және марапаттау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет