Критериалды бағалауды енгізу қажеттігі неден туындайды?
Критериалды бағалау жүйесі
ҚБ негізгі түсініктер
Оқу мақсаты - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.
Бағалау – оқытуды ұйымдастыру мен жоспарлауды түзету үшін оқушының нақты нәтижесін оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелермен сәйкестендіру механизмі
Қалыптастырушы бағалау– мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).
Критерийлер: қойылған талаптарға сәйкестік бағалау бойынша шешімді қабылдау ережелері, негіздемелері
Жетістік критерийлері: оқытудың мақсатына қол жеткізілуін оқушылар мен мұғалімдерге мүмкіндік беретін пайымдаулар (формативті бағалау)
Бағалау критерийі - білім алушының оқу жетістігі деңгейін анықтайтын белгі немесе өлшем.
Дескриптор – тапсырма бойынша орындаған жұмыс деңгейінің немесе сапасының сипаттамасы.
Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.
Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.