ДӘСТҮРЛІ БАҒАЛАУ
|
КритериалДЫ БАҒАЛАУ
|
Бағалар оқушы білімінің нәтижесін салыстыру және сыныптағы орта деңгейде қолдана алатынын бағалау арқылы қойылады.
Бағалау олардың нақты жетістіктерінің сипатын көрсете алмайды.
|
Оқушылар мен ата-аналарға түсінікті БІРЫҢҒАЙ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ анықталған:
Әр критерийлерге жету деңгейлері оқу бағдарламасының оқу мақсатына сәйкес әр тақырыбына және бөліміне анықталған және олар оқушыларға алдын – ала белгілі.
|
Бағалау оқу бағдарламасының нақты тақырыптарын меңгеру деңгейін көрсете алмайды.
|
Қолданыстағы журнал оқу бағдарламасындағы НАҚТЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН және оқылатын тақырыптар мен дағдыларда оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді көрсете алады.
|
Бағалау субъективті түрде өтеді.
|
Бағалау объективті түрде өтеді және МҰҒАЛІМ әр оқушыға нашар игерген тақырыптары бойынша НАҚТЫ КӨМЕК көрсете алады.
|