Оқушылардың оқуға мотивациясы


Оқушылардың оқуға мотивациясы



бет2/23
Дата13.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#100083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Мақала. Сүндетбек.

Оқушылардың оқуға мотивациясы

Оқуға деген мотивацияның артуының бірден-бір шешімі – мамандандырылған немесе профильді тереңдетілген білім беру жүйесі, сондай-ақ әрбір сыныптың белгілі бір пәндерді тереңдетіп оқытылуы. Мамандандырылған білім беру – оқушының бейімділігін және қабілетін ескере отырып оқыту. Жоғарғы сынып оқушыларының жекелей қызығушылығымен санасу арқылы оқыту жүйесінің әрмен қарай жалғасын табуы.

Білім беру аясында әрбір оқушының жас ерекшелігіне қарай тәртібі және жеке тұлғалық қасиеті ескерілу керек. Сондай-ақ оқушының психологиялық, физиологиялық жағдайы және мүмкіндігі шектеулі балалардың қарым-қабілетіне қарай жұмыс жасалынуы қажет.

Біздің зерттеуіміздегі мақсатымыз: дәстүрлі білім беру жүйесі мен дарынды мектептер мен тереңдетіліп оқыту жүйесінде білім алатын оқушылардың оқуға деген мотивациясының ерекшелігін көрсету.

Талдау барысында оқушылардың коммуникативті, эмоционалды және сыртқы мотивациясы бір-бірлерінің арасында қатты айырмашылық сезілмеді. Бір қызық жайт, үйренуге деген құлшыныс (мотивация) мамандандырылған және тереңдетілген мектептерге қарағанда дәстүрлі мектептерде айтарлықтай төмен көрсеткіш көрсетті.

Осылайша біз оқушының оқуға деген мотивациясы бірқалыпты немесе жоғары деңдейде болуы – әртүрлі тәсілдермен орын алатынына көз жеткіздік.

Әрмен қарай біз 6 мен 10-сыныптар арасындағы оқушылардың оқуға деген мотивациясының динамикалық өзгерісін бақыладық.

Суретте көрсетілгендей, қандай тәсілмен оқытса да оқушылардың мотивациясы бірыңғай төмендеген. Бұл немен байланысты? Жылдан жылға сынып аттаған сайын «бірқалыпты» білім беру баланың оқуға деген қызығушылығын азайта береді. Мектеп бағдарламасы, әсіресе, жоғары сыныптарда өз өзектілігін жояды-мыс.

Мамандандырылыған және тереңдетіліп білім алатын сыныптарда 9-сыныптан бастап оқуға деген мотивация әжептеуір жоғарылайды екен. Бұл оқушылардың жаңа статусты мектепке көшетіндігі және ондағы оқытудың жаңа тәсілдерін игеруімен орын алатындығын түсіндіруге болады.

Білім алуға деген мотивация (құштарлық) дәстүрлі білім беру мектептерінде 6 мен 10-сыныптар арасында ешқандай өсім көрсетпейді. Ал қалған екі мектепте жағдай керісінше. Яғни балалардың мотивациясы бірқалыпты артып, тіпті 9-сыныпқа келгенде тіптен жоғарылайды. Бұны балаларыдың ересек жасқа (өтпелі кезең) келуімен, сондай-ақ жаңа қызығушылықтардың пайда болуы мен жаңа қабілеттердің қалыптасуы арқылы деп қарауға болады.




Мұндағы, бірініші баған – дәстүрлі білім беру жүйесінде оқытатын мектеп;

екінші баған – профильді (тереңдетілген) білім беру жүйесі;

үшініші баған – мамандандырылған білім беру жүйесі.


Әртүрлі білім беру жүйесіндегі 6-10 сыныптар арасындағы


оқушылардың оқуға деген мотивациясының өзгерісі

Эмоционалды мотивация дегеніміз бала өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқитын балалардың көрсеткіші өте әрқилы болып тұр. Демек, бұл жүйеде балалардың өз жасына сай тапсырманың берілмеуінде және жеке тұлға ретінде қарағандағы қызығушылықтардың болмауынан деп топшылауға болады. Осы қарама-қайшылықтарды алдын алып болғаннан кейін, 10-сыныпта эмоционалды мотивация қайтадан өсім көрсеткен. Тереңдетіліп оқытылатын профильді сыныптарда осы мотивацияның түрі 8-сыныпта ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Себебі 8-сыныпта балалардың белгілі бір ғылымға деген қызығушылығы артып, өз мүмкіншіліктерін сезіне бастайтын кезеңін білдіреді. Ал мамандандырылған дарынды мектептерде эмоционалды көрсеткіш сыныптан сыныпқа қарай прогресс көрсеткенін байқауға болады. Неге десеңіз? Бірден бір себептерінің бірі – оқыту жүйенің нәтижеге емес, процесске және өз бетінше орындауға көңіл бөлінгендігінде.

Сыртқы мотивациялық көрініске келетін болсақ, дәстүрлі білім беру жүйесіндегі мектептерде 6-9 сыныптар аралығында төмендеп, 10-сыныпта қайта жоғары көтерілген. Тереңдетіліп оқытылатын сыныптар мен профильді сыныптарда 10-сынып кезінде төмен көрсеткішке ие. Өйткені балалардың білім алуға деген құштарлығы сақталғаннан соң осылай көрінеді. Ал дарынды мектептерде мектеп жылының соңына қарай сыртқы мотивациялық көрініс әжептеуір артады. Оны оқушылардың ата-ана мен мұғалім алдындағы жауапкершілігін сезінгендіктен және құрдастарының арасындағы бәсекелестіктен пайда болатын жағдай десе болады. Балалар жақсы нәтижеге көрсетуге, үлкендердің алдында алғыс алуға әрекет жасай ұмтылатындықтан деп санаймыз. Сондай-ақ білім алуға деген мотивацияны бәсекелестік деп қабылдағандықтан сыртқы мотивациялық көріністің нәтижесі мақтау немесе жазалауға алып келеді деп ойлаулары мүмкін деп топшылаймыз.

Осылайша алынған зерттеулер нәтижесінде бірнеше түйіндер жасауға болады.

Біріншіден, жүйелі оқудың ерекшеліктері оқушылардың оқуға деген мотивациясын анықтайды. Екіншіден, мамандандырылған сыныптар мен тереңдетіліген профильді сыныптардың білімге деген мотивациясы дәстүрлі білім беру жүйесінің сыныптарына қарағанда әлдеқайда жоғары. Үшіншіден, білім беру жүйесінің қандай түрі болмасын жоғарғы сыныптардағы оқушылардың оқуға деген мотивациясы әрқашан төмен көрсеткіште болады. Төртіншіден, мамандандырылған сыныптардағы балалаларды оқуға деген мотивациясының құрылымы білімге деген және эмоционалды мотивтері едәуір жоғары болатынын байқадық. Ал белгілі бір пәндерден тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда эмоционалды мотивтері әрқилы болғанымен, алайда сыртқы мотивациялық көрінісі біршама жоғары.

Қорыта келгенде, «жай» мектептердегі оқуға деген мотивация көп жағдайларда төмен екеніне көз жеткіздік. Дегенмен, оқушылардың оқуға деген мотивациясын саралай келе, біз мақтап отырған профильді және дарынды мектептер көптеген мәселелерге шешім бола алмайды. Мысалы, ата-ананың баласына мектеп таңдаудағы негіздері және тағы басқа. Сондықтан да жаңа шарттардағы баланың оқуға деген мотивацисының ерекшеліктері әлі де зерттеулердің жалғасқанын талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет