2.5.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындагы талгам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағамсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, елжаңдылық сезімдерін шыңдауда, сабақтан тыс кезде өткітілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады. Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділіктері артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады. Тәрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркеииетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тәрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп ксйін қалыптасқан. Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулиетке берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесіи топтастыру және қорытындылау. арнайы оқу- тәрбие мекемелерін ұйымдастырып жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады. Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тэрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер. Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
-сипаттау немесе түсіндіру озат әрі жаңашыл педагогикалық
тәжірибені зерттеу;
анықтау (диагностикалық) — педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділі және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу
болжау (прогноздау) - барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу және оның
негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау. болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуі мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынді іс-әрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректеріге орай оқу және тәрбие теориясы анықталып, білім беру практикасы жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
жобалау (проекттеу)-педагогикалық іс-әрекетпен оның мазмұны
әрі сипатын қалыптастыру және реттеуте нұсқау болғандай теориялық
тұжырымдар мен анықгамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары. педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;
жаңалау – тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымынын замандық жетістіктерін
мектеп өміріне енгізе, пайдалану:
- ықпал таныту (рефлексивтік) және реттеу-түзетулер енгізуі
(коррекциялық)- ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие ісінде болған әсер-ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория мені
тәжірибелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінін дамуына себепші болғаи әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерінің өз күшімсн іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен. аталғани процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырлыған мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсок келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару
Процесі білім (образование) деп аталады. Білім мәні - әр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру және оны жоғары моральдык және азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу.Сонымен әлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған - үлкендердің бедел - абыройына және балалардың бағыныштылығына негізделген әкімшіл (авторитарлы) ағым, шәкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші - гуманистік ағым. Олардың арасында сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Әлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік тандауын қабылдады.
Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, әдетте өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, окуы, қогамдық істері және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Екіншісі, әртараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар.
Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, диспугтар, пікірталас пен оқырмандар конференциясы т.б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады. Сонымен қатар, мектептен тыс тәрбие жұмыстары да сынып немесе тәрбие сағаттары деп аталады. Онда өндіріске, табиғат аясына бару, оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау, оларға деген көзқарастарын қалыптастыру, тамашалау, олардан әсер алу мақсаттарын кездесе, өздері туып-өскен ауыл өмірінің тіршілігіне атсалысуда тәрбие сағаттарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Конференция соңында сынып жетекшісі немесе жүргізушісі оны қорытып сөз сөйлейді. Атқарылған жұмыстарға баға беріп, конфереңция жүмысының жетістігі мен кемшілігіне тоқталып, маңыздылығын атап көрсетеді.
Тәрбие мен оқуды өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыспен тығыз байланыстыру - мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп оқушыларының атақты адамдармен кездесуі тәрбиенің маңызды да қажетгі саласы.
Кездесуге әдетте өнеркәсіп және ауылшаруашылығы озаттары, Ұлы Отан соғысы меи еңбек ардагерлері, ғалымдар, жазушылар, әртістер шақырылады.
Мұңдай қызықты кездесулер барысында оқушылардың елжандылық пен адамгершілік қасиеттерін, еңбекке, еңбек адамдарына деген сүйспеншілігін тәрбиелеуге солардың негізінде түрлі мамандық адамдарымен жақынырақ танысуға көмектеседі.
Кездесулерді ұйымдастыруда оқушылар арасында оған алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізудің маңызы ерекше. Ол үшін, сынып жетекшісі, кездесудің нақтылы мақсатының белгіленуі және оқушылармен кездесуге кімді шақыру керек деген мәселені дұрыс шешіп алғаны жөн. Одан кейін қонақты шақыруға балалар өкілдері жіберіледі Бұл оқушылардың белсеңділігі мен жауапкершілігін арттыруға, болатын кездесуге олардың ықыластарын оятуға көмектеседі.
Дайындықтың маңызды бір саласысының жетекшісінің шақырылатын қонақтармен алдын-ала сөйлесіп, пікірлесуі болып табылады. Онда оқушылардың құрамымен, олардың жас шамасы, дара ерекшелікгерімен бірге, кездесудің көздейтін мақсаты таныстыруы керек. Осы орайда сынып жетекшісінің педагогикалық кеңес беруіне де болады. Кездесуді бұлай ұйымдастыру шақырылған қонақ сөзінің шашырамай, нақтылы мәселе төңірегіңде айтылуына көмектеседі
Кездесудің болатын уақытын алдын-ала дұрыс ойластыру, оның тәрбиелік маңызын арттырудың оң жолы. Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесіңде қалыптасқан дәстүр ол кездесуді сабақ артынан іле-шала өткізу. Бұл тиімсіз әдіс. Өйткені, бес-алты сабақтан шаршап шыққан балалар көп жағдайда кездесуге онша құлқы бола қоймайды.
Кездесуді өткізетін орынды да алдын-ала белгілеп алған жөн. Еліміздің көптеген мектептерінде оқу екі мезгілде (түске дейін, түстен кейінгі уақытта) жүргізіледі .
Бұл - саяси білім берудің аза маңызды және кең тараған формасы. Мұның өзі оқушыларды еліміздегі және шет елдердегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуына көмектеседі Сонымен бірге ол ұлттық патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістікгеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Мекгеп тәжірибесіде саяси хабарларға шолу, тақырьпттық, жедел хабар әдістері көптеп қолданылады.
Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі.
Мысалы, бұл хабарды мынадай жоспар негізінде өткізуге болады:
1. Бір аптадағы әлемдегі саяси жағдайларға қысқаша сипаттама.
2. Біздің еліміздегі, республикамыздағы ең маңызды, ең көрнекті табыстар, жаңалықтар туралы хабар.
3. Халықаралық жағдайдағы негізгі оқиғалар туралы хабар.
4. Шетелдердегі жастар өмірі туралы хабар.
5. Қорытындылар.
6. Тапсырмалар, кеңестер, ұсыныстар.
Тақырыптық саяси хабарларда белгілі бір нақты мәселеге байланысты толығырақ ақпарат беріледі, мерекелік және даңқты күндерге, ғалымның, техниканың, өнердің аса жаңа жетістіктерін атап өтуге арналады. Мысалы, "Жастар және саясат", "Қайта құрудың жаңалықтары", "Қазақстан Республикасы" т.б.
Жедел хабарлар төтенше оқиға жағдайыңда, Парламент сессиялары кезінде, үкіметіміздің аса маңызды шешімдері қабылданғаннан кейін өткізіледі.
Саяси хабарламаны өткізуге, сонымен қатар, үгіт-насихат жұмысын жүргізушілерді және ата-аналарды тартқан жөн.
Саяси хабарлама оқу жылының барысында ғана емес, соиымен бірге оқушылардың жазғы демалысы кезінде де, ондіріс бригадалары, жазгы еңбек тынығу лагерлерінде өткізіп отыру қажет.
Саяси үйірмелер мен клубтар.
Мұның міңдеті оқушылардың сабақта, газет, журнал, радио, көгілдір экран арқылы алған білімдері мен көзқарастарын кеңейтуге, шындауға көмектесу.
Саяси үйірмелер мен клубтар әдеттеу жоғаргы сынып оқушылары арасында қолданылады. Ондағы жұмыстың формалары мен тәсілдері әр алуан. Мұнда лекциялар мен баяндамалар тыңдалып, пікір алысу жұмыстары жүргізіледі. Оның жұмысына оқушылармен қатар мектеп мұғалімдері және қоғамдық негізделген лекторлар қатысады.
Саяси үйірмелер мен клуб жұмысын ұйымдастырудың Нәтижелі болуы үшін, алдымен тыңдаушылардың құрамына байланысты тақырыпты тандау және олардың білім дәрежесін анықтау қажет.
Оның жұмысының мазмұнына жақын және алыс шет елдегі саяси ағымдағы оқиғалар, ондағы адамдардың өмірі мен тыныс тіршілігі, тарихы мен экономикасы және мәдениеті жайлы толып жатқан мәліметгерді оқып білуі, оған оқушылардың баға беруімен қатар, саяси көзқарастарын тәрбиелеу жатады.
Мұндай жұмысты, әдетте оқушылардың мәліметтер жинауы, оған қысқа түрде баяндамалар әзірлеуі, көрнекі құралдар шығаруы негізінде ұйымдастырады. Саяси үйірмелер мен клуб жұмыстарын ұйымдастыру баяңдамалармен қатар, әңгімелесу түріңде де өткізіледі.
Ол үшін таңдаған тақырып бойынша алдын-ала сұрақтар әзірлеп, дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Ұсынылатын тақырыптың бағыты мен күрделілігіне байланысты жауапты адамдар тағайындалады.
Сынып жетекшісі саяси тақырыпты әзірлеу мен өткізу барысыңда, жауапты оқушыларга оның тақырыбын тандап алуға, нақтылы жоспар құруға, қажетті әдебиеттердің тізімін анықтауға, талқыланатын сұрақтардың негізгісі мен, қосалқысын ажырата білуге көмектеседі, бағыт-бағдар беріп отырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылар ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренеді және құрбылары алдында өз ойын айтуға, ағымдағы оқиғаларға баға беруге машықтанады.
Оқырмандар конференциясы мектеп оқушыларының оқудан тыс кездеріңде қызықты әдеби-көркем шығармалары мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерін оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.
Конференцияның негізгі мақсаты кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен ойын танып білу, эстетикалық талғамы мен сенімдерін қалыптастыру, көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру.
Конференцияның міндеті: оқылған кітаптарды ұжым болып талқылау, оның мазмұнын, автордың ойын дұрыс түсінуге тәрбиелеу, жеткіншектерді сөйлей және ойлай білуге үйрету.
Әдеби-көркемөнер шығармаларын жан-жақты талдау.