Іс-тәжірибелік бөлім Семей қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектепте мемлекеттік іс-тәжірибеден өту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырдық.
Үйірме жұмысы, семинар, сыныптан тыс тәрбие сағаттары, факультатив сабақтарын өткіздім.
Ақындар үйірмесінің жылдық жоспары
Р\С
Тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
1
Тілім менің -тірлігімнің айғағы...
(Тіл мерекесіне арналған ақындар мүшәйрасы)
2
Дала данышпаны -Мұхтар (Ұлы тұлғаның туылған күніне арналған жырдан шашу)
3
Республикам менің!
4
Абай -поэзия патшасы (Бас ақынның шығармашылығын дәріптеуге арналған жыр кеші)
5
Елін сүйген, елі сүйген елбасы (Тұңғыш президент күніне орай газетке мақала мен өлең арнау)
6
Тәуелсіздік деп жырлайды жүрегім...(Тәуелсіздік күніне арналған қалалық ақындар сайысы)
7
Мұқағали- мәңгілік ғұмыр (Мұзбалақ ақынның 85 жылдық мерейтойына арналған жырдан шашу)
8
Алаш арыстары (Ұлт көсемдері болған Ә.Бөкейханов, Т. Рысқұлов, т.б. ерен еңбек жолын дәріптеуге арналған жыр сайысы)
ҮЙІРМЕНІҢ МАҚСАТЫ: Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету:
Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасуға дағдыландыру;
Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;
Лирикалық шығарманы жан жақты талдай білуге дағдыландыру.
ҮЙІРМЕНІҢ МІНДЕТІ: Жоғарыда көрсетілген мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:
Оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
Бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;