Тапсырма № 1 Тәрбие теориясы. Тәрбие әдістері және олардың
сипаттамасы.
Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі
қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп,
олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын
қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие
процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды
дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға. Адам
жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан
идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы
адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.Педагогика баланы оқыту,
тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті
жағдайларды анықтайды.
Тәрбие әдісі дегеніміз – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға
бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты
педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және
дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие
мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге,
адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға
көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие
мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде
әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік,
ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру,
мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал
ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар,
түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич
тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер
ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже
беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді
педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру,
оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың
ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие
әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде
қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау,
ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру
әдістері.
Тапсырма № 2 Дидактика туралы түсінік
«Дидактика»-бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko-оқыту, түсіндіру, дәлелдеу,
оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық
және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі
практикалық міндеттерді теориялық білімсізшешу мүмкін емес.
Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:
Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т. Песталоции, К.Д. Ушинский,
В.Сухомлинский; А.С. Макаренко т.б. қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Я.А. Коменский (1592-1670).
Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты,
әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты
мақсат-адамшылық, оған жету жолы-білім беру және оқыту деп санады.
Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидкатика мен жеке пән
әдістемесінің негізін салушылар.
Ы. Алтынсарин (1841-1889) орыс тілін қазақтарға үйретукурсының, оқу
жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту
процесіндекөрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.
Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша
сөйлеу тәсілін қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ
тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.
1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты. Бұл бірінші, қазақ
тіліндегі оқу құралы оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника
атаулары енгізілді.
А. Байтұрсынов (1873-1937) қазақша оқытуәдістемесінің негізін салушы.
«Оқу ана тілінде жүргізілсін» – деген талаптыбастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет әліппе жазды, ол халықтысауаттандырудың басты
құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске
асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл әліппенің жете өңделген жаңа түрі
жарияланып, қазақ халқыныңсауат ашу мектебінің басты құралы болды.
Әдіскер оқушыларғаереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру,
талдау, қорытутәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиетсабағын
оқытқандаәсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану
қажет екенін «Қай әдіс жақсы» (1928ж) деген мақаласында айқын баяндайды.
Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың)ана тіліндегіжазуы, оқу
құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге А.Байтұрсынов
ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан
құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықтынадандық түнегінен
шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы «Қазақша оқу
жайынан» дегенмақаласында «бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның
көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымыды жақсы білу керк»,- дейді.
Тапсырма № 3 Жарыс туралы түсінік
Жарыс , спорттық жарыс — қатысушы жақтардың өз қайрат-жігері, өнері,
білімі, айла-тәсілі, тәжірибесі, шеберлігімен бір-бірінен басым түсуге
бағытталған еңбек, ойын тәрізді іс-әрекеті. Жарыстың спорттық түрі адамды
күш-қуат жағынан жан-жақты жетілдіруді көздейтін педагогигалық
тәрбиенің құрамдас бөлігі болып табылады. Жарыс адамның ынта-ықылас,
құмарлық-құштарлық түйсігіне әсер ететіндіктен, қатысушылардың күш-
жігерін, жылдамдық, қайсарлық, төзімділік, жеңіске ұмтылушылық, өзі туып-
өскен елі мен жеріне деген отансүйгіштік қасиеттерін шыңдап,
қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |