5. Оқушылардың міндеттері:
1) Мектеп Жарғысының талаптарын педагогикалық кеңестің шешімдерін, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының талаптарын, техника қауіпсіздігінің ережесін, өрт сөндіру ережесін, мектеп әкімшілігінің, педагогикалық қызметкерлердің білім үрдісінде қауіпсіздік болу үшін қойылған талаптарды орындауға міндетті;
2) оқу үрдісіндегі тәртіппен бекітілген сабақтарға қатысуға, мектепті себепсіз қалдырмауға;
3) білім бағдарламаларындағы қойылған талаптарды орындау арқылы білімі іскерлік, ілім алуға;
4)мектеп әкімшілігімен, педагогикалық қызметкермен, оқушылармен, басқа да қатысушылардың пікірлерімен сыйласу, қызығушылықтарымен санасуға міндетті;
5) заңды өкілдерін оқу үлгерімімен, тәртібімен, сыныптан тыс іс-шаралардың барысымен таныстыруға;
6) басқа оқушылардың ар-намысын құқықтарын бұзбауға;
7) мектептің бірыңғай формасын киюге, өзінің ішкі –әлпетіне көңіл бөлуге;
8) өзінің денсаулығына қарауға, рухани және физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге;
9) мектептің дүние–мүлкін бағалауға, сақтауға, оқулықтарды, оқу құралдарын, музыкалық аспаптарды, техникалық құралдарды талапқа сай ұстауға, өзінің оқу орынын таза ұстауға міндетті;
10) егер денсаулыққа өміріне қауіп төндіретін жағдайлар орын алса, оны мектеп әкімшілігіне, мұғалімге, сынып жетекшісіне хабарлауға;
11) білім үрдісін жүргізуге ешқандай қауіп болмауы үшін мектепке әкімшілік пен сынып жетекшілерге ескертпей бөгде адамды әкелуге немесе шақыруға, сабаққа, Жарғыда көрсетілген талаптарды орындамай, кір, мыжылған киім киіп келуге, әртүрлі фан-қозғалысына, партияларға, діни ағымдарға және т.б. ұйымдарға тиесілі екенін ашық көрсетуге, мектепте және оның сыртында темекі шегу, алкогольды (пиво, джин-тоник, т.б.) заттарды ішуге, наркотикалық, психотроптық, улы заттарды қабылдауға, боғауыз сөздерді пайдалануға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |