Оқушыларға жеңіл атлетика сабақтарында шыдамдылықты үйрету Райыс Айжан Амалбекқызы


Жеңіл атлетика түрлерінің техникасы және оқыту әдістемесі



бет18/29
Дата07.02.2022
өлшемі395,5 Kb.
#87394
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
7 Райыс Айжан Амалбекқызы Жеңіл атлетика

2. Жеңіл атлетика түрлерінің техникасы және оқыту әдістемесі
2.1 Кедергімен жүгірудің техникасын талдау және үйрету әдістемесі

Мұндай секіруге үйретуден бұрын оқушылардан барлық секіру техникасына байланысты таныс әрекеттерді қайталау талап етіледі. Осы мақсатта тартылған жіптен бірнеше рет секіру қайталанады (жіптің биіктігі оқушылардың тақырыбына сай белгіленеді). Биіктікке секірудің бөлімдерін үйреткен кезде оқушылардың көрген түскен кездегі салмақтың сақтау ұқыбын дамытуға көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Секіруді үйрену үшін төмендегі жаттығуларды орындау ұсынылады.


1.Күш алатын арнайы жаттығулар бас және аяқты жоғары көтеріп сермеп жаттығуларды орындау (гимнастикалық дуалға жақындап бір қолымен ұстап асылып тұрып орындаса да болады).
2. 1-3 аттап жүгіріп 60-41 см биіктікке секіру, жаттығуды
орындағанда сермейтін аяқтың жоғары көтерілуіне зейін берілуі тиіс.
3. Жүгіріп келіп күш алушы аяқтың түсетін орнын
белгілеу. Осы белгілері бойынша 3 қадам аттап жүгіріп
бір қалыпты істеп үйрену.
4. Жүгіру күш алып секіру үшін тартылған жіпке 35-45
бұрыш жасап орындалады. Кейінгі екі қадамды аттағанда аяқтар жерге койылғанда өкшеден басуға үйрену. Секіру
үшін тартылған жіптен немесе планкадан өтуге үйрену.
Планкадан өту үшін скамейкадан аяқтың ұшы мен тізе
планка жаққа бұрылған болуы тиіс. Бұл бөксенің
планкадан тез өтуіне көмегін тигізеді.
Бір орында тұрып кішкене допты ұзаққа лақтыру. Негізгі міндет оқушыларды сабырлықпен қол сермеуге, аяқтарын кеуденің тұру жағдайын үйрету және допты лақтырғаннан кейін сызықты баспай тұрып қалуды қалыптастыру. Кішкене допты лақтыруды үйрету үшін төмендегі жаттығуларды қолдануға болады.
1. Лақтыратын жаққа қарап тұрып допты лақтыру.
2. Оңға жартылай бұрылып тұрып лақтыру.
3. Лақтыратын жаққа қапталдап тұрып лақтыру.
Бұл жаттығуларды орындаған кезде оқушыларға қолды кеңінен сермеуді және кеуденің серппелілігін пайда етуді түсіндірген жөн болады. Лақтыру жаттығуларын нысана белгілеп спорт сарайларына баскетбол тақтайына лақтырып үйрету мүмкін. Негізгі қателер алғашқы жағдайының дұрыс емес болуы, қолдың шынтаққа көбірек иілуі, дене салмағының алдыңғы аяққа толық түспеуі, аяқ пен кеуде күштерінің бірден тұтас іске косылуы т.б. [25].
Тосқындықтардан өту сабақ кезінде алған ұқып пен көндігуді бекіту және жетілдіру үшін тосқындықтардан өту жаттығулары қолданылады. Бұл жаттығуларға мыналар кіреді: ұзынына қойылған ұзындығы 5 м биіктігі 60-70 см ағаштың үстінен жүру, кеңдігі 1,5 м ойдан өту, 10 м қашықтыққа орнатылған нысанаға допты лақтыру т.б. Тосқындықтардан өтуге арналған жаттығулар бөліктерге (элементке) бөліп үйретіледі.
Толық үйретілгеннен кейін тұтастырылып орындалады. Үйрету кезінде оқушылардың назарын өтудің дұрыс әдістерін таңдап алуға бағдарлау қажет. Оқушыларды тосқындықтардан өтудің барлық әдістерін үйренгеннен кейін орындау тездігін кем-кемнен жоғарылатуға болады.
VІ-сыныпта секіруді үйрету кезінде XІ-X сыныптарда қолданылған көмекші жаттығуларды толығымен қолданса болады. Жүгіріп келіп күш алғаннан кейін жоғары сермелген аяқ тізеде иіледі. Қол алға карай әрекет етеді. Ал күш алған аяқ энергиясы бойынша артта әрекет етеді. Кейін күш алған аяқтың иілуімен бірге дене иықпен алға әрекет ете бастайды.
Жоғары тездікпен жүгіру. Оқушылар белгіленген аралыққа ең жоғары тездікпен жүгіруді үйренуі тиіс. Осы көндігуді қалыптастыру әр түрлі тездікпен жүгіру жаттығулары орындалады, орташа тездікпен 50 с аралыққа жүгіру қайталанады. Бар күшімен жүгіру аралығы 30-40 см-ден аспауы тиіс. Дене тәрбиесі пән мұғалімі белгіленген аралыққа және 10 м-ден белгі қойып оқушыларға жүгіру тездігінің техникасын үйретуі мүмкін. Мысалы, бірінші белгіге дейін оқушы жоғары тездікпен жүгіруі тиіс. Жүгіру техникасына ерекше зейін беріледі. Екінші белгіге дейін жүгіруде тездік өсіріледі. Ал екінші белгіден кейін жүгіру энергиясы бойынша жалғасады. Бірінші сабақтарда осы жаттығулардың барлығын оқушылармен бір уақытта орындалады. Оқушылардың бір-бірінен аралығы 4-5 м болады. Мұғалім жаттығудың техникасы мен орындалуын бақылап тұрады және қатесі сол уақытта түзетіп барады. Жүгіру тездігінің техникасын толық үйренгеннен кейін оқушыларды 5-6 адамнан топқа бөліп жаттығуды қайталауға болады. Бұл кезде демалыс уақыты 5-6 минут жалғасады. Мүмкіншілігі болғанша мұндай жаттығулар жарыс характерінде өткерілуі тиіс. Бул уақытты үнемдейді және оқушылардың жаттығуға болған кызығушылығын арттырады [26].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет