Оқушыларға жеңіл атлетика сабақтарында шыдамдылықты үйрету Райыс Айжан Амалбекқызы


Биіктікке секіру техникасын талдау және үйрету әдістемесі



бет20/29
Дата07.02.2022
өлшемі395,5 Kb.
#87394
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
7 Райыс Айжан Амалбекқызы Жеңіл атлетика

Биіктікке секіру техникасын талдау және үйрету әдістемесі.

Биіктікке секірудің ең маңызды әрекеттерінің бірі аяқты тіреп күш алу. Мұның техникасын үйрену 4-сыныптан басталады. 5-сыныпта бұл жаттығуға ерекше көңіл бөлінеді және төмендегі әр түрлі жаттығулар орындалады.


1.Бір орында тұрып және қадам аттап жүріп тіреп күш
алуға үйрену.
1 -2 қадам жүгіріп аяқты сермеп жоғары көтеріп секіру.
2. 1-3 қадам жүгіріп күш алатын аяқты өкшеден қойып кейін толық табанды қойып үйрену.
3. Жүгіріп келіп тартылған жіптен немесе арнайы
қойылған планкадан (биіктікке секіру үшін) секіріп өту.
Бұл жаттығуды орындағанда мұғалім оқушының соңғы екі адымында аяқты тізелеп тұруы тиіс. Күш алу кезіндегі қателер: тіреп күш алу кезінде кеуденің көп еңкеюуі аяқ және қолдарды жетерлі күшпен сермеуге аяқ пен қолдардың, бастың иілмеуі т.б.
Жүгіріп күш алып ұзындыққа секіру («аяқтарды иіп секіру» әдісімен). Ұзындыққа секіргенде күш алудың техникасын дұрыс үйрену үшін мына жаттығулар қолданылады [27].
1. 2-4 қадам жүгіріп күш алып ұзындыққа секіру.
2. Кіші аралықтан күш алып жүгіріп келіп секіріп жоғарыда ілініп
қойылған затқа аяқты сермеп тигізіп үйрену.
3. 3-6 қадамнан жүгіріп келіп секіру.
Бұл жаттығуды орындағанда күш алуды оң және сол аяқпен ауыстырып істеген жөн. Күш алу жаттығуының қателері: тепсінетін аяқтың толық түзетілмеуі, аяқ сермеуінің толық орындалмауы, кеуденің алға немесе кейінге көп еңкеюінің мүмкін болуы.
Бұл әдісте күш алып (мысалы, сол аяқпен) жоғарыға ұшып ең жоғары нүктеге жеткеннен кейін «аттау басталады». Жоғары сермелген аяқ (мысалы оң аяқ) төменге түскен кезде күш алған аяқ жоғары көтеріледі. Жоғары сермелген аяқ тез төмен түсуі керек. Себебі күш алған аяғын планкадан тез өткере алмайды. Соның себебінен биіктікке секіру орындалмай қалуы мүмкін. Алғашқы кезде (секірген кезде) дене вертикаль жағдайда болады. Планканың үстіне шамаласқан кезде дене аяққа қарай иіледі. Қолдар алға қарата төмен түсіріледі.
Планкадан өтуді үйренген кезде биіктігі төмен болуы қажет. Планканың орнына жіп немесе резина пайдалануға болады.
Бірнеше сабақтан кейін (2-3 сабақтан соң) планкадан секірсе болады. Биіктігі кем-кемнен жоғары көтеріледі.
Планкадан өту кезінде төмендегі қателер жіберілуі мүмкін: жоғары сермелген аяқ тез төмен түсірілмеуі, бөксенің тез планкадан аярылмауы, иықтың кейін шалқайып кетуі т.б.
Оқушылардың секіру үшін өз күштерін реттестіріп үйренуі белгілі аралықты секіру тапсырмасын орындауды үйретеді. Әдетте бұл кезде секірудің барлық басқыштарына назар аударылады (екпін алу, секіру, жерге түсу т.б.). берілетін тапсырма барлық оқушылардың мүмкіншілігіне сай болуы тиіс. Оқушылар секіру техникасын толық орындап болғаннан кейін секіруді жеке орындатып жетілдіруге болады.
30-40 см биіктіктегі тосқындықтан өтуді үйрету (бір немесе екі аяқтапен жерге түсуі мүмкін). Алғаш балалардың тосқындықтан өтуге және аяқтармен жаймен жерге түсуді үйрету керек.
Жерге түсуді үйренгеннен кейін вертикаль тосқындықты бір аяқпен басып өтіп жерге түсуді үйрету. Биік емес тосқындықтардан (40 см) кедіргі адымымен өтсе де болады. Кем-кемнен тосқындықтың биіктігі жоғарытылады. Мұғалім аяқтың сермеу жағдайын бақылап тұрады. Жаттығулар бір орында адым аттап және жүгіріп күш алумен орындалуы мүмкін [28].
Өте жоғары орнатылған тосықтардан туры жүгіріп екпін алып немесе бұ рыш жасап жүгіру, биіктікке секіру әдістерін қолданып пайдаланады. Бұл жерде оқушылардың тосықты өткеннен кейін тең салмақты сақтауына және әрекеттің жалғасуына көңіл бөлінеді.
Негізгі қателер: тепсініп екпін алу алдында жүгіру тездігінің төмендеуі және тосықты өткеннен кейін бірден тоқтап қалуы.
Кішкене допты 10-15 см ұзындықтан горизонталь нысанаға лақтыру. Алғаш әр түрлі жағдайда кішкене допты лақтыруды қайталайды (туры және жанымен). Кейін 1-3 қадамнан жүгіріп күш алып лақтыруды қайталауды үйретуге болады. Жүгіріп күш алу техникасын үйренуге төмендегі жаттығуды қайталау көмегін тигізеді.
1. Лақтыратын бағдарға жанымен тұрып оң аяқты сол аяқтың (үстінен аттау тәрізді етіп) қойып, сол аяқтың жанымен өтеді. Аяқтар иық кеңдігінде де, дене салмағының көпшілігі оң аяққа түседі. Сол аяқ алға койылып (жерге аяқтың ұшы жеңіл тиіп тұрады) кеуде оңға бұрылыңқырап және аяқты иіп қапталға ентеріліп қол доппен жанына созылады. Солай етіп дененің серппелі жағдайы пайда етіледі.
2. Осы жаттығу тек бұрылып іркілместен 35-40 градус жасап (сызықтан өтпей) лақтыру әрекеті орындалады.
3. Мұғалімнің командасы бойынша бір адым аттап лақтыру.
4. Алғашқы адым жай, кем-кемнен тездігін арттырып орындалады.
5. Бір адым аттап жүгіріп лақтыру.
Бұл жаттығулардан кейін 10-15 см ұзақтықтағы нысанаға 3 қадам аттап жүгіріп екпін алып лақтыру шынығулары орындалады. Бұл тапсырманы оқушылармен фронталь немесе топтарға бөліп әр топты кейбіреулерін реттестіріп орындатады. Лақтыру жаттығуларын орындағанда оның техникасының жетілдірілуі қадағаланып барылады. Жеңіл атлетикалық жаттығуларды көпшілік жағдайда әр түрлі тосықтан және эстафетаны пайдаланған дұрыс. Оқушылар үшін тосықтан төмендегіше жүгіру 10-15 метр аралықтағы горизонталь бойынша лақтыру, биіктігі 40м ұзынынан қойылған ағаш үстінде жүру, вертикаль тосықтан секіріп өту т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет