Байланысты: 7 Райыс Айжан Амалбекқызы Жеңіл атлетика
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. «Жеңіл атлетика» «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша кредиттік технологияны оқыту негізінде студенттерге арналған жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт бойынша кәсіптік пәндерінің міндетті компоненті болып табылады. Практикалық сабақта студенттер жеңіл атлетикалық оқыту мен жаттықтыру әдістемесін меңгереді. Айла тәсілдерін жетілдіреді және үйренеді. Оқу практикасы студенттердің кәсіби педагогикалық қабілетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Бұл қабілетін оқу тәжірибе процесінде бекітеді. Студенттер оқу және жаттықтыру сабақтарын өткізе отырып, оқу жаттығуларын құрастыру бойынша тапсырмаларын орындайды [1].
Студенттердің өзбетіндік жұмысы бірлігін әдебиет көздерін рефераттау, сабақ конспектісін құру, жаттықтыру сабақтарының жоспарын, және жоспарлар мен жаттықтыру күнделігін жүргізу мен сараптау, педагогикалық зерттеулерді жүргізу және оларды тіркеу. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуден тұрады. Студенттердің спорттық-педагогикалық шеберлігін арттыру оқытудың барлық кезеңінде факультеттік сабақтарда жүзеге асырылады. Бұл сабақтарда студенттер спортта жаттықтырушымен төрешіге – ұстаз жаттықтырушымен төрешіге қажетті қабілетті арттырып, өзінің спортты дайындығын жетілдіріп білімін бекітеді [2].