Оқушыларға жеңіл атлетика сабақтарында шыдамдылықты үйрету Райыс Айжан Амалбекқызы


Жүру - адамның қозғалуының жай тәсілі



бет9/29
Дата07.02.2022
өлшемі395,5 Kb.
#87394
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
7 Райыс Айжан Амалбекқызы Жеңіл атлетика

Жүру - адамның қозғалуының жай тәсілі, барлық жастағы адамдар үшін арнайы дене шынықтыру жаттығуы. Ұзаққа созылған және ырғақты жүру кезінде дененің барлық бұлшық еттері жұмысқа тартылады, ағзаның жүрек-тамыр, тыныс алу және басқа да жүйелерінің қызметі күшейе түседі, зат алмасуы артып, сауықтыру мәні зор болады.
Әрбір тұлға жүруге жас кезінен үйренеді, бірақ одан әрі барлық адамдардың дұрыс, әдемі жүре білуі қажет.
Жай жүруден басқа, оның алуан түрлері: жорықтық, саптағы, спорттық және бүгілу жүрістері болады.
Жеңіл атлетикалық жаттығулардың түрлерінің бірі – жүріс. Жарыстарда спорттық жүріс түрі өткізіледі, ол – техникасы бойынша ең күрделі, сонымен бірге ең тиімдісі. Спорттық жүріс жай жүруден жоғары қарқындылықты, сондай-ақ жоғарылатылған энергетикалық шығынды талап етеді. Осыған байланысты спорттық жүру саябағы спортшының ағзасына айтарлықтай ықпал етеді, оның ішкі орындары мен жүйелері нығайып, күштің дамуына жағымды әсер етеді, әсіресе төзімділікті, ерік-жігерді тәрбиелейді. Спорттық жүрісте жоғары жетістікке жету үшін дұрыс техникаға байланысты бір адамның қозғалысының қадамы 0,27-0,33 секундта орындалады. Спорттық жүрістің тездігі 2-2,5 рет жай жүрістен көтеріледі. Ол қадамның жиілігі және ұзындығына байланысты. Жай жүрісте қадамның ұзындығы 80-90см, ал спорттық жүрісте 105-120см, қадамның жиілігі жай жүрісте минутына 110-120 қадам болса, ал спорттық жүрісте минутына 180-200 қадам және оданда көбірек. Жүрістің жоғары темпіне қарамастан, жүрушінің қадамы ұзынырақ болуы керек. Бірақ қадамның өте ұзындығы энергияның көбірек жұмсалуына, техниканың төмен меңгерілуіне алып келеді.
Жүру бойынша жарыстар ашық алаңның жолында және жай жолдарда (даңғыл, қала, ауылдық жерлердегі жолдарда) 3-км, 50км қашықтықта өткізіледі [14].
Жүру бойынша жарысқа қатысушылар спорттық жүру техникасының ерекшеліктерін - жолға жанасуды бір сәтте де жоғалтпау керек. Бұл ережені бұзған жағдайда төреші тарапынан спортшы жарыстан шеттетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет