Оқушыны қызықтыратын тақырыптар көлемін іздеу, тақырып таңдауда қызықты тың деректерді ашуға үйрету. Зерттеушілік өмірмен таныстыра отырып таза сөйлеуге, тіл мәдениетін сақтауға баулу



Дата11.05.2022
өлшемі19,39 Kb.
#142170
Байланысты:
баяндама таңдау


Мақсаты: Оқушыны қызықтыратын тақырыптар көлемін іздеу, тақырып таңдауда қызықты тың деректерді ашуға үйрету. Зерттеушілік өмірмен таныстыра отырып таза сөйлеуге, тіл мәдениетін сақтауға баулу.

Осы мақсатта мектебімізде вариативтік сағаттардың элективті курсы бойынша 56 сағат бөлінген. Олар: Волейболға 3 сағат, Ұлттық өнерге 4 сағат, баскетболға 3 сағат, Абайтануға 2 сағат, Тоғызқұмалақ 1 сағат, үстел теннисіне 1 сағат, Асық ату ұлттық ойынына 1 сағат, шебер қолдар 1 сағат, Сәндік қолданбалы өнер 2 сағат, Тіршілік хикаясы 1 сағат, Эссе жазудан 2 сағат, Ғарыш физикасы 1 сағат, Әлемді тану 2 сағат, Цифрлық сауаттылық негіздері 2, АӘД 2 сағат, Қазіргі заманғы нанотехнологиялар әлемі 2 сағат, Құқықтану 2 сағат, Биотехнология ғылымы 2 сағат, Химия әлемі 2 сағат


2. Белсенді- қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сағаттарына 10 сағат бөлінген. Көркем жазу 3 сағат, Футбол 4 сағат, Шахмат 3 сағат
3. Гимназия сыныбына бөлінген вариативтік 96 сағат: Тіл дамыту 32сағат, қызықты математика 37 сағат, Ағылшын тілінен 10 сағат, жаратылыстану 4 сағат, тарихқа 12 сағат, тіршілік таңғажайыбы 2 сағат, Ми техникасы 3 сағат, Қазақ тілі тереңдетілген 2 сағат, Цифрлық ортамен жұмыс жасау мүмкіндіктері 2 сағат, Латын графикасына 2 сағат, география 6 сағат, Динамика негіздері 2 сағат, Математика сауаттылығы 2 сағат, биология 4 сағат, Кәсіпкерлік қызымет негіздері 2 сағат бөлінді.
Осы бөлінген вариативтік сағаттарды күнделікті тексеру барысында мұғалім сабаққа уақытылы келгенімен кейбір пәндер бойынша оқушының сабаққа қатысу белсенділігі төмен екендігі анықталды. Оның себебі сабақ кестесіне сыймаған бірінші ауысым сыныптарының кейбір пәндерді екінші ауысымға ал екінші ауысымда оқитын сыныптардың сабақтары бірінші ауысымға қойылған. Сабақтан тыс уақытта оқушылар қосымша сабақтар және басқа да үйірмелерге баруына байланысты мектептің таңдау курстарына көбіне келмей қалады. Сол себепті сабақта көбіне 3-4 оқушы қатысып отыратыны байқалады. Таңдау курсына оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сонымен қатар сабаққа толықтай қатысуына пән мұғалімі ықпал етуі керек.
Осыған орай жылдық жоспарға байланысты 1 ақпан мен 2 наурыз аралығында «Үлгісі көптің, өрнегі көп, өрнегі көптің, ермегі көп» таңдау үйірме курстарының айлығы жүргізілді. Айлық екі бөлімге бөлініп өткізілді. Бастапқы 2 апта бастауыш сыныптар арасында болса, келесі 14 мен 2 наурыз аралығында орта бын мен жоғары сыныптар арасында өткізілді.
Енді бастауыш сыныптар бойынша айта кететін болсам. Мұғалімдер сабақтарын белгіленген уақытында өткізіп тұрды. Оқушылар сабақтарына белсене қатысып, берілген тапсырмаларды уақытында орындап отырды. Сабақтары тартымды және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы басым болды. Мұғалімдердің сабаққа деген жауапкершілігі және белсенділігі жоғары деңгейде дайындалған, салғырт дайындықпен келген мұғалімдер де болды деп айтуға болады. Тек айта кететін жағдай кейбір мұғалімдер сабаққа жоспарларын бекітпей кірген.
Енді сабақтар бойынша айта кететін болсам: Айдарбекова.А, Табынбаева.Ж, Жиенбаева Қ, Күнтуарова К, Құлекешова.Э, Исаева А, осы аты алған мұғалімдер қызықты математика сабақтарын өткізді. Бұл мұғалімдердің де ішінде жоғары, орташа, төмен жағдайда өткізгендер болды. Атап айтар болсам: жоғары деңгейде өткізген Айдарбекова 1 б сыныбының мұғалімі, сабақтың тақырыбы «Зерде» интеллектуалды сайыс және Табынбаева Жадыра 1 в сынып мұғалімі сабақтың тақырыбы «Ойнайықта, ойлайық» сайыс түрінде өткізілді. Осы екі мұғалімнің сабақтарын жақсы деп атап өткім келеді. Өйткені көрнекіліктері талапқа сай. Тапсырмалары да сынып деңгейіне келеді, логикалық есептер құрастырған, сабақтары жинақы, сабақтары бір-бірімен байланысып тұрды.
Өте төмен жағдайда өткізген Данекерова Данагүл 4б сыныбының мұғалімі. Көрнекілік жоқ слайд жасалмаған талапқа сай емес. Жоспары бекітілмеген. Сабаққа немқұрайлы дайындықсыз келген.
11 ақпан күні Данайбеова Дария 2б сыныбында «Бізді қорғаған орта» тақырыбы бойынша сыныптан тыс жұмысын өткізді. Мұғалім сабаққа дайындықпен келген, бірақ сабақ барысында жинақылық жоқ шашыранқы. Бірінші мұғалім сабақты түсіндіріп алып, артынан сол сабақ бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар немқұрайлы тыңдадыма сұрақтарына жауап бере алмады. Бірақ сұрақтары жеңіл болды.
Жұмасейт Қайрат 12 ақпан күні өткізу керек еді. Өткізетін уақытында оқушыларды жинақтай алмады. Артынан айдың соңында өткізді. Сабағы жақсы қанағаттанарлық.
Ал 5-11 сыныптар арасында 14 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткізілді. Бұл аралықта көптеген сабақтарда кемшіліктер көп байқалды. Сыныптан тыс сабақтарын бергілері келмей кейбір мұғалімдер артқа тартып созғылап жүріп алды. Кейбірі сыныптан тыс сабақтарын бермей қалған мұғалімдерде болды. Оларға ескерту айтылды. Осы тоқсанның аяғына дейін өткізу керектігі айтылды. Бұйрық шығарылды. Бұйрықтыда ескермей сыныптан тыс сабақтарын өткізбеген мұғалімдер болды. Жалпы айта кетсе: 21 ақпан күні Ешмұханова Динараның жаратылыстану пәні бойынша «Биология әлемінде» тақырыбында сыныптан тыс жұмысын өткізді. Сабаққа 8 оқушы қатысты. «Білгірлер» және «Тапқырлар» деп екі топқа бөлді. Сабағы жақсы, мұғалім сабаққа дайындықпен және жауапкершілікпен келген.
22.ақпан күні Қаржауова Салтанат 6 б сыныбына «Абай дана-Абай-дара» қазақта атты сыныптан тыс жұмысын өткізді. Сабағы жақсы, Абайдың көптеген өлеңдері оқылды. Видиороликпен өмір баяны көрсетілді. Абайдың қара сөздерін жатқа айтты. Соңынан «Көзімнің қарасы»әнімен қорытындылады.
23 ақпан күні Түсібек Гүлнардың 5ә сыныбында «Білімділер» сайысы сыныптан тыс сабағы өткізілді. Бірнеше тапсырмалар дайындап әкелген. Оқушылар жетінші соңғы сабақ болсада қызығушылық танытып сабаққа белсене қатысып отырды.
24 ақпан күні Наурызбаева Әйгерімнің 7 сыныптар арасында «Кім іскер және кім шебер» сайысы түрінде өтті. Сабаққа 8 оқушы қатысты. Сабағы жақсы өтті слайд, көрнекілік және сұрақтары жақсы болды.
24 ақпан күні.күні. Тасқожин Сәрсенғалидың қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» 8 б сыныбында өтті. Сабағы жақсы. Ұйымдастыру деңгейі, қазақтың ұлттық ойындарын түсіндіруі, асықты қалай ату керектігін нақышына келтіріп түсіндірді. Қазақтың ұлттық ойындарына байланысты сұрақтар қойылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты
24 ақпан күні Закарин Саматтың «Допты беру тізбегі, артқы жақтағы сызықтан тосқауыл жасау» ойыны 5а сыныбына өткізді.Эстафета ойын түрінде өткізілді. Сабағы жинақы жақсы ұйымдастыра білді.
25 ақпан күні латын графикасына байланысты 7 б сыныбынан әділбек Айгүл диктант жаздыртқан болатын. Сол жаздырған диктанттарын сұрап едім тапсыршы көрейік деп иә деп әкелмеді.
25-ақпан күні Тілеубергенова Гүлбану мен Жәлімбет Томирис ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 7ә сыныбында «Қызықты ағылшын» сайысы өткізілді. Сабақта 8 оқушы қатысып отырды. Слайдтары тартымды заманауи түрде жақсы құрылған. Сұрақтарыда қызықты болды. Оқушылар сабаққа жақсы қатысып отырды. Бұл жерде айта кететін екі мұғалімнің 8 оқушымен ғана жұмыс жасағаныны. Толық класты шақыртуға мүмкіндіктері бар еді.
2-март күні Абатова Мейрамгүл 10-сыныптар арасында «Жасанды ұрықтандырудың пайдасы мен зияны» тақырыбында «Дебат» сайысын өткізді. Сайыс пікір талас өте жақсы болды. Оқушылар өз ойын жақсы жеткізе алды. Мұғалімнің дайындығы бар.
2 март күні Кушербаев пен Тәңірбергенов «Жан-жануарлардың сүйектерінің атауымен танысу» 9-сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыстары өтті. Сабақтары жақсы, сүйек атауын,ол сүйектерді табаққа қалай жасау керек, кімдерге қандай сүйектер беру кректігін оқушыларға жақсы түсіндіріп өтті. Оқушыдан кері байланыс болды. Оқушылар сабаққа жақсы қатысып отырды.
2 март күні Жоламанова Райса 8а сыныбында «Қызықты биология» сыныптан тыс жұмыстарын өткізді. Сабаққа оқушылар толықтай қатысты. Сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Төрт мезгілге байланысты, төрт топқа бөлді. Ұйымдастыру бөлімі болды. Шаттық шеңбер жасап бір-біріне жақсы тілектер айтылды. Қоытынды болды.
2 март күні Қайралапова Қуаныш 9а сыныбында «Қызық екен» сайыс түрінде өткізілді. ІІ топқа бөлінді. 7 сұрақ дайындаған. Ол сұраққтарғада оқушылардан жауап болмады. Сабақ 20 минутта өте шықты.
03.март күні Тілешова Света 11а сыныпқа «Озық ойлы Абайтанушы» танымдық сабақ өткізді. Сабаққа жақсы дайындалған 11а сыныбы толықтай қатысты.

Барлығын қорытындылай келе сабақтарын бермей қалған мұғалімдер болды, олар осы тоқсан аяғына дейін өткізу керектігі ескертілді. Бірақ өткізген мұғалімдердің өзара санасуы көп болды. Инстграмға өткізген сабақтарыңызды салыңыздар десем кейбір мұғалімдер немқұрайлы жауап беріп, менсінбеушілік танытты.


Ұсынысым келесі жылы сабақ кестесі алты күнге қойылып, осы вариативтік сабақтар кестеге сабақ уақытына енгізілсе деп айтқым келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет