Дыбыс атаулының қайсысы болса да серпімді заттың вибрациялық (діріл) қимылынан пайда болады. Осы дыбыстың жалпы теориясын физикалық, акустика (естілу) деп аталатын саласы карастырады. Бұл дыбыстарды акустикалық тұрғыдан карағанда бір дененің белгілі бір ортада теңселіп козғалуының нәтижесінде пайда болады да, ол құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта - ауа кеңістігі. Акустика дыбыстардағы мынадай белгілерді ажыратады: 1. Дыбыс ырағы. 2. Дыбыс күші. 3. Дыбыс әуені.
Дыбыс ырғағы деп бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты кұбылысты айтады. Дірілдің саны неғұрлым көбейсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді. Ал дірілдің саны азайған сайын дыбыс ырғағы солғындап, әлсірей береді. Біз жоғарыда діріл түрліше болып келеді дедік. Діріл, өзінін кимылына қарай екіге ажыратылады: І.Ритмикалық діріл. 2. Ритмикалық емес діріл. Сондай-ақ, дыбыстардың жасалуы үшін резонанс құбылады да (бұл сөз француз тілінің резонанс - жаңғырық деген мағынадағы сөзі бойынша жасалған термин) айрықша қызмет атқарады.