Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет5/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190
3. Салыстырмалы фонетика.
Белгілі бір тілдің дыбыс құрылыстарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстырып зерттеуді салыстырмалы фонетика дейді.

  1. Тарихи фонетика. Бір тілдің немесе алуан дыбыс
    кұбылыстарының келіп шығу және даму жолдарын тексеретін саланы тарихи фонетика деп жүргізеді.

  2. Сондай-ақ қазіргі қазақ тілінің фонетикасы ғылым
    ретінде өзінің зерттеу объектісіне қарай жалпы фонетика
    және жеке фонетика болып екі салаға бөлінеді. Жалпы фонетика тіл білімінің жеке бір саласы ретінде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндіктерін айқындайды.

Тіл дыбыстары классификациясының негізгі принциптерін белгілеп береді. Жалпы фонетика ғылымның басқа салаларымен: акустикамен, физиологиямен және психологиямен тығыз байланысты.
Академик Щербаның айтқанындай: "Жалпы фонетиканы акустика, физиологиядан да басқаша, лигнвистикалық айрықша пән ретінде бөліп қарау және оны тіл дыбыстарының, адамдардың тілдік қатынас жасау процесінде атқаратын қызметіне орай әлеуметтік ғылымдардың қатарында қарау керек" (М.В.Щерба. Тандамалы шығармалары, ЛГУ. 1958, 162-163-беттер).
Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Осы зерттеу негізінде сипаттама фонетика пайда болады. Сипаттама фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады. Фонеманың жүйесін және олардың өзара ішкі байланысын белгілеп, айқындайды.
Адамдар арасындағы тілдік қатынас екі түрде болады: ауызша және жазбаша. Мұның алдыңғысы сөйлеу арқылы, кейінгісі жазу арқылы іске асады. Сөйлеу - іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, айту. Бұл адамзатпен бірге жасап келе жатқан ең көне, ең негізгі қару. Жазу - сөйлеудің қағазға түскен бейнесі. Бұл бертінде пайда болды. Мәселен, қазақ халқы ХХ ғасырдың орта тұсынан бері ғана жаппай сауатты елге айналды.
Адам баласының тілі - дыбыстық тіл. Жеке тұрғанда мән-мағынасыз көрінетін дыбыстар бірімен-бірі ұстасып, берік қиюласып сөзді жасаса, сөздерден сөз тіркесі, сөйлемдер құралатыны белгілі. Бұдан сөздердің қаңқасы да, қаны да, жаны да дыбыстар екенін, сөйлеу де, жазу да тек осы дыбыстардың арқасында ғана өмір сүретінін аңғару қиын емес.
Тілдің дыбыстық жағы - оның өмір сүру амалы. Тілдегі санаулы ғана дыбыс сөздік құрамға енетін әлденеше мың сөздің құрамында белгілі бір тәртіппен қиюласып, тіркесіп, қайталану арқылы дыбыс жүйесін, тілдің бет пішінін, болмысын айқындап, өзге тілдерден ерекшелендіреді.
Сондықтан да мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап жеке дыбыстарды айтып, олардың таңбалары - әріптерді жазып үйренеміз. Бертін келе дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп бөліп, дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік деп, дауыссыздарды үнді, ұяң, қатаң деп жіктеп, олардың сөз ішінде біріне-бірі ықпал жасап, үндесіп тұратынын, дыбыстардың айтылу, жазылуындағы кейбір ерекшеліктерді, буын, екпін сияқты ұғымдарды пайымдауға тырыстық. Мұны танытатын ғылым фонетика деп аталатынын да білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет