2. Талғаулықты жалғаулықтарға әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде, мейлі шылаулары жатады. Мысапы, Не жылуы, не ыстық суы жоқ ескі үйде тұрады екен, соны жаңа үйге ауыстырып беруін өтінді (Д.Қонаев).
Әлде жалғаулығы талғау мәнін білдіреді, бірақ кейде бір нәрсеге күдіктену, күмән келтіру тәрізді реңкті білдіреді. Мысалы, Жылқыға қасқыр шапты ма, жоқ әлде Әзімбайлар қашаға, қуғызып жүр ме? (М.Әуезов).
Бірде, біресе, бір жалғаулықгары амал-әрекеттің кезекпен бірінен соң бірінің алма-кезек ауысып отыратынын білдіреді. Мысалы, Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды (Ғ.Мүсірепов). Қосқа бір кірдім, бір шықтым (С.Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: |