Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі
Еліктеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сейлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жағдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, қандай? қай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздің анықтауышы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы, Шаңқ-шұңқ айқай естілді. Қандай айқай естілді? - Шаңқ-шұңқ. Бұл - бастауышты анықгап тұрған сөз, анықтауыш мүше. - Не естілді?-Айқай. Зат есімнен болған бастауыш. Еліктеу сөз атау тұлғада зат есім сөздің орнына қолданылғанда сөйлемнің бастауыш мүшесі де бола алады. Мысалы, Төңірекгі шаңқ-шұнқ басты. -Не басты? -Шаңқ-шұңқ. Мұнда еліктеу сөз заттық ұғымдағы сөздің орнына жүріп, сөйлемнің бастауышы болып тұр. Етістіктен болған баяндауыштың алдында тұрып, сөйлемнің пысықтауышы қызметін де атқара алады. Мысалы, Үй іші де ду күліпті. - Не істеді? - Күлді. -Қалай күлді? - ду. Күлу қимылының қалай болғаны «ду» еліктеу сөзі арқылы білініп түр.
Сөйлемде елікгеу сөздер көбіне жеке қолданылмайды, негізінен басқа сөздермен тіркесіп, күрделі сөздің құрамында келеді. Көбіне «ет» етістігімен тіркесте келіп күрделі сөйлем мүшенің қызметін атқарады. Мұндайда аналитикалық формадағы етістік сөйлемнің күрделі баяндауышы болады. Мысапы, «тарс ете қалды, арс-арс етіп, арс етті, жарқ ете қалды, жарқ-жұрқ ете қалды»-деген тіркестерде, «арс, тарс, жарқ» еліктеу сөздері атау тұлғада «ет» етістігімен тіркесіп келіп жаңа туынды сөз - күрделі етістіктің бір түрі -құранды етістіктер жасап, олардың бірі - көсемше формада, екіншісі -шақтық формада, үшінші-төртінші-аналитикалық формаларда түрленіп тұр. Мұнда грамматикалық формаларға түсіп тұрған еліктеу сөз емес, еліктеу сөзге «ет» етістігінің тіркесі арқылы жасалынған құранды етістіктің грамматикалық формаларға түрленуі, етістіктің грамматикалық категориясында жұмсалуы. Еліктеу сөздердің кейбіреуі «бер, қақ» сияқты етістіктермен тіркесіп келіп, құранды етістік тұлғасын жасайтындары бар. Мысалы, «лап берді, шап берді, сылаң қақты, бүрсең қақты» деген кұранды етістік құрамында қолдану кездеседі. Профессор А.Ысқақовтың еліктеу сөздерді «жеке-дара қолданылмайтын формалар», «түрленбейтін сөздер» - деп атауы, осы ерекшелігіне байланысты болса керек. Еліктеу сөздер сөйлемде басқа сөздермен ішкі тіркес құрып, күрделі мүшенің құрамында айтылады, бірен-саран жағдайда болмаса еліктеу сөздер көбіне етістіктермен тіркеседі. Кемекші етістікпен тіркес келгенде грамматикалық формалар еліктеу сөзге емес, көмекші етістікке жалғанады.
Еліктеуіш сөздерде заттану процесі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда олар зат есімдерше түрленеді. Мысалы. Осы абыр-сабыр, даң-дұңын тыста тұрып есітті. Мұнда «даң-дұң» еліктеу сөзіне әуелі «-ы» тәуелдік, онан соң «-н» септік жалғаулары жалғанып келіп несін? Деген зат есімнің тәуелдеулі септік формасының сұрағына жауап беріп тұрған заттанған сөз. Еліктеу сөздерге әдетте жалғаулар бірден тікелей жалғанбайды, тек заттанған жағдайда ғана зат есімнің категориялық көрсеткіштері жалғанып сөйлемде бастауыш, толықгауыш мүшелерінің қызметін атқарады.
Еліктеу сөздер толық мәнді етістіктермен де, көмекші мәнді етістіктермен де тіркесіп келеді. Осы тіркесу сипатына қарай олардың синтаксистік қызметі де әр түрлі болады. Еліктеуіш сөз әр уақытта етістік алдында тұрады. Еліктеуіш сөздер негізгі мағыналы етістіктермен тіркесіп оның алдында келгенде, әрдайым күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады. «Ет» көмекші етістігімен тіркесіп қолданылғанда, күрделі баяндауыш не күрделі пысықгауыш болдады.
Еліктеу сөздер сөйлемде зат есім сөздің орнына жүріп заттанып қолданылғанда, олара зат есімнің көптік, септік, тәуелдік категорияларының формаларына түрленеді.
Еліктеу сөздердің жалаң түрі мен күрделі (қосарланған) түрінің қай-қайсысы болса да, кебіне «ет» етістігімен еркін тіркеседі. Кейде толық мағыналы дербес етістіктердің ішінен тек өздерінің мағыналарына орайластарымен ғана тіркес құрайды. Елікгеу сөздер барлық сөз таптарымен тіркесе бермейді. Сөз таптарының кейбір сөздерімен некен-саяқ тіркескенімен, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен мүлде тіркеске түспейді.
Еліктеу сөздер атау түлғада зат есімдерден бұрын тұрса, анықтауыш (шаң-шұң дауыс естілді), шығыс септігі формасында (шаң-шұңнан бас қатты) келсе, толықтауыш, етістікпен тіркескенде сын-қимыл пысықтауыш (маң басты, жалт қарады) болады. Ал, «ет» көмекші етістігімен тіркесетін еліктеу сөздер құранды мүшенің құрамына енеді де, тұтас бір күрделі мүшенің не күрделі баяндауыш, не күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы, Қиралаң етіп, артқа қарап Сұңқардың құлақ шекесіне азу тістерін қадамақшы болған Зуылдың сақ еткен тістері ауа қармады. Қара кемпірдің бетінен бұрқ ете түскен қызыл қан төмен қарай жылжып түсе берді. Зырқ еткен жүрегі бұлқынып барып тынышталды. Денесі селк еткен Жаныс алдында бойы ұзарып, кеткен өлі денені көрді (Д.Бейс).
Қорыта келгенде, еліктеу сөздердің негізгі сипаты мынадай:
1. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан белгілі бір заңдылыққа бағынған жалаң түбір күйінде екі, үш, төрт, кейде бес, алты дыбыстардан тұратын сөздер. Қосарланып келгенде еліктеу сөздердің сыңарларының дыбыстық құрамы екіден бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Мысалы, зу, пыр, саңқ, ербең, жалбаң, зу-зу, пыр-пыр, сарт-сұрт,сатыр-сұтыр, қорбаң-қорбаң т.б.
2. Елікгеу сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке және ашық, қысаң болуы сол сөздердің мағынасына әсер етеді Мысалы, «сарт етіп түсті» мен «селк ете түсті», «шиық етті» мен «шіңк етті» мағыналары бірдей емес. Сөз құрамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер жуан дауысты барына сөздерге қарағанда, қимылдың әлсіз, жай, қысқа болғанын білдіреді.
3. Еліктеу сөздердің соңғы дыбыстары қос дауыссызға аяқталады. Оның алдыңғысы міндетті түрде үнді, кейінгісі қатаң дыбыс болады.
4. Еліктеу сөздер түбір күйінде тұрғанда нақты қандай мағынаны білдіретіні білінбейді. Олардың мағыналары көбіне дыбысқа, көрініске, құбылысқа тәуелді болып келетіндікген, еліктеудің дәл мағынасы оның басқа сөздер мен тіркеске түскенінде анық білінеді. Мысалы, «сылқ, жылп, сылп» еліктеу сөздерінің мағынасы жеке тұрғанда түсініксіз. Егер бұларды «Рақима сылқ-сылқ күлді» (Б.Майлин); «Малта аузына жылп етті, екі ерні сылп етті (С.Сейфулин) сияқты сөйлемдердегідей «күл, ет» етістіктерімен тіркесте қолданғанда олардың мағынасының анықтығы мен толықтығы байқалады. Өйткені «сылқ, жылп, сылп» еліктеулері адамның күлуімен, құрт-малтаның ауыздан түсу қимылы мен еріннің қозғалу қалпына қатысты бейнеден пайда болған сөздер. Егер ондай қимылдар болмаса, «сылқ, жылп, сылп» сөздері де тумас еді.
5. Еліктеу сөздер «ет» көмекші етістігімен тіркес келгенде, негізінен сөйлемнің пысықтауыш, баяндауыш мүшелерінің қызметін атқарады.
6.Заттанғанда болмаса, еліктеу сөздерге көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары жалғанбайды.
7. Есім сөздер мен етістіктерден еліктеу сөздер жасалмайды, керісінше еліктеу сөздерден есім мен етістіктер жасалады.
8. Қосарлы түбір елікгеу сөздер құлаққа естілетін дыбыстың не көзге көрінетін елестің және адам организмінде болатын сезім, күйдің үсті-үстіне бірнеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы: Арқа арбадан қорбаң-қорбаң етіп түсті. Ол жайнамаз үстінен түспей, шоқаң-шоқаң етті де отырды.
9. Еліктеу сездер ерекше логикалық екпінге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |