Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар



бет168/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   190
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Еліктеу сөздерге жалпы сипаттама беріңдер.

  2. Еліктеу сөздердің қандай мағыналық түрлерін білесіңдер? Олардың әрқайсысына мінездеме бере отырып, мысалдар арқылы дәлелдеңдер.

  3. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялык сипатын айтып беріңдер.

  4. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі дегенде не түсінесіңдер?

  5. Еліктеу сөздер өзіндік сипаты мен жіктелуіне сызба жасаңдар.



Шылау СӨЗДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТЫ

Шылаулардың о баста толық мағыналы сөздер болғандығы туралы барлық ғылыми еңбектерде жазылып келеді. А.Байтұрсынов шылауларды былайша үшке бөледі: 1. Үстеу. 2. Демеу. 3. Жалғаулық. Ғалым шылаулардың қатарына үстеулерді де жатқызады. Демеуліктерге да, де, ма, ме, әлде не, немесе, әйтпесе де т.б. жалғаулықтарды жатқызады. Ал жалғаулықтарға қазіргі күнде септеулік шылау делініп жүрген біраз сөздер енгізілген. Ол туралы А.Байтұрсынов былайша түсінік береді: «Кей сөздер жалғау орнына жүреді жаңа жалғаулар сияқгы басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз, мәселен: мен, үшін, арқылы, тақырыпты, туралы»


Шылаулардың тарихына мән беріп, арнайы тоқталған - М.Балақаев. Ол 1941 жылы жарық көрген «Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері» атты еңбегінің «Шылау сездер тарихы» тарауында шылауларды шығу тегі, дамуы турасында ғалымдар пікірлеріне шолу жасай келіп, былай деп жазады:«... шылау сөздердің кейбірі бастапқы сөзінен онша өзгере қоймаған, кейбірі көптеген өзгеріске ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдем қашықтап кеткен...
Профессор С.Аманжолов шылауларға: «Сөйлемдегі сөздердің басын қосуда ерекше орны бар дәнекерлік қызмет атқаратын нәрсе...» - деп анықгама береді де, бөлінуін екі түрлі деп көрсетеді: жалғаулық, демеулік. Жалғаулықтарға «сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем арасын біріктіретін, бірақ өз алды жеке жазылатын сөз сымақтар» деп да, де, не, немесе, бірақ, яки, және, әлде т.б. атайды. Бұлардың өзін іштей қолданылуына қарай екіге бөледі: екі сөйлем ортасында я бір сөйлем ортасында я екі сөз ортасында қолданылатындар (не, бірақ, алайда, кейде) және бір сөйлем ортасында қолданылатындар (және, мен, да, де). Демеулікті де екі түрге бөледі: а) сұрау-тілек демеулігі (ма, ме, шы, ші, ә, сірә); ә) құрау демеулігі (құсап, ары, бері, соң, кейін, сияқты, ішінде, астында, үстінде, арқасында, қасында, арқылы, үшін, дейін, шейін, таман, қарай, ақ, ғана т.б.). Ғалым құрау демеулігінің барлығы тек белгілі бір сөздің артынан айтылатынын атап, демеулікгердің құрау түрлері жеке тұрғанда, мәнді (ішінде, астында), мәнсіз (ақ, мыс) болып бөлінетінін айтады. Ғалым бөлінісінде жалғаулықгардың тобы қазіргі мен бірдей болып келсе, демеуліктер ажыратылмай, септеуліктермен араласып кеткен яғни септеулік шылаулар деген сөз қолданылмайды. Профессор Қ.Жұбанов шылауларды қосалқылар, жалғауыштар деп атаған. Қосалқыларға: «Түбірше, оңаша жұмсала алмай, басқа бір түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің біріне қосалқы болып ғана жүре алады. Ондай сөздерге жаңадан көбінесе үстеу де, жалғау да жалғанбайды. Осындай сөздерді қосалқы сөз дейміз»-деп анықтама береді. Қосалқылардың өзін дәйек және аяқ қосалқы деп екіге бөліп, дәйек қосалқыға тым, бек, қас, ең деген қазіргі күшейткіш үстеулерді, ал аяқ қосалқыларға шейін, сайын, мен, да, ақ, ғой шылауларын жатқызады.
Шылаулардың бір жағынан, жеке сөз тәрізді дербес тұлғада болуы, екінші жағынан, мағынасының дерексіз, абстрактылы болып, көмекшілік қызметте қолданылуы ғалымдардың біразының оларды дербес сөз деп, ал кейбір зерттеушілердің оларды жалғау мен жұрнақтарға теңеуіне себеп болды. Профессор Р.Әміров 1959 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» деген еңбегінде былай деп жазады: «Шылау сөздер өздерінің мағынасы, қызметі жағынан грамматикалық категорияға жуық болғанымен, олар сөз қатарына жатуға тиіс. Өйткені, біріншіден, шылаулар басқа сөздер сияқты дара тұлғаға ие. Сөйлем ішінде бөлек тұрады. Екіншіден, грамматикапық мағыналар да, басқа сөздер сияқты, дүниедегі құбылыстарды танудан туады....шылау сөздер де белгілі бір ұғымға ие. Ол ұғым - атаулы сөздер білдіретін ұғымнан абстрактылау, дерексіз, дегенмен, ол - адамның дүние тану, ойлау жұмысы негізінде туған ұғым» .
Қазақ тілінің грамматикаларында А.Ысқақовтың еңбектерінде шылау сипаты толық ашылған деуге болады.
Шылаудың жекелеген түрлеріне қатысты еңбектер де баршылық. Олардың қатарынан септеуліктер мен демеуліктер жайында еңбек жазған Ф.Кенжебаеваны, Қ.Әміралиевті, Қ.Қадашеваны, Ғ.Иманғалиеваны және демеулік шылаулардың функционалды негізін танытуға арналған Ы.Шақаманның зерттеу еңбегін атауға болады. Әйтсе де шылаудың функциялық аясы, кейбір семантикалық ерекшеліктері, олардың қалыптасу жолдары сияқты зерттеуді қажет ететін тұстары да жоқ емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет