Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар



бет22/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   190
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Екпін дегеніміз не? Қазақ тілінде екпіннің маңызын сипаттап, мысалдар арқылы дәлелдеп бер.

  2. Акцентуация қандай құбылыс?

  3. Сөз екпіні дегеніміз не?

  4. Тіркес екпіні дегеніміз не?

ҮНДЕСІК ЗАҢЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазіргі қазақ тілінде дыбыс үндестігі фонетикалық құбылыс болып табылады. Сөз ішіндегі не сөздер араларындағы дыбыстардың дауыс қатысы және жасалу орнына қарай ішінара жапсарласып, жанасуын дыбыстардың үндесуі дейміз. Қазіргі қазақ тілінде сөз ішіндегі буындар дауысты және дауыссыз дыбыстардың шырайына қарай қиюласады.
Үндестік (гр. бірге және байланыс,үндесу) – түркі тіліне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп жүр. Егер түбір сөздер жуан болса не жіңішке болса жалғанатын жалғау да сондай болып келуі тиіс. Байырғы қазақ сөздері мынандай сингармониялық белгілермен ажырайды:
1.Жуан езулік-жіңішке езулік; тыс-тіс,бас-бәс.
2.Жуан еріндік-жіңішке ерідік; сол-сөл,жон-жөн.
3.Жуан еріндік-жуан езулік, тот-тат,сұр-сыр т.б.
Қазақ тіліндегі дауыстылар да дауыссыздардың да фонологиялық қызметі алдымен буын деңгейінде айқын көрінеді.
Адамның тілі - дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Алайда дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылықтары бар. Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән, өзімізге таныс негізгі үндестік заңдар мынандай болып келеді:
1.Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буында болады: мал-шы-лар, қа-ла-дан, т.б.
2.Түбірдің соңғы буыны жіңішке буынды болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болып келеді: мек-теп-тер-ің-ді, кел-тір-ің-дер, т.б.
3.Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымша үнді не ұяңнан басталады: бала-лар, жел-дің, бала-ға, жел-мен, бала-да.
4.Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады: қаз-дар, уәж-дан, жез-ге, мұқтаж-дық
5.Түбірдің соңы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады: мақсат-қа, университет-пен.
Қысқасы, морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет