- заттың мезгілге қатысы да ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы арқылы беріледі. Мысалы, көктем кезі, түс уақытында, қыс мезгілінде, жыл аяғы, жұмыс аяғы т.б. - өмірде әр заттыңтүрлі қимыл-әрекетке түсуі заңды. Заттың қимыл-әрекетінің бірсыпырасы оның белгісі ретінде затпен қарым-қатынасқа түседі. Осы байланыс тілде изафеттік құрылыстағы тіркес арқылы беріледі. Мұндай тіркесте ілік септігінің қосымшасыз тұлғасы қимыл-әрекеттің қай затқа катысты екенін көрсетеді. Мысапы, Абайға бұл әңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді (М. Әуезов). Ауға тәуір балық түсетініне сенімі мол (Ә. Нұрпейісов).
Сонымен, ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы білдіретін қатыстық мағыналардың бастылары - осылар.
Ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз тұлғада қолданылуының өзіндік себептері бар. Проф. М. Балақаев ілік септіктің қосымшалы формасы тәуелденулі заттың қай затқа, кімге меншікті екенін әдейілеп, арнап көрсету керек болғанда ғана қолданылады, ал бұл мағына болмаса, изафеттік құрамдағы сөздердің бірі екіншісіне заттық сапа ретінде жұмсалса, онда ілік септіктің жалғаусыз формасы қолданылады деп санайды
М.Балақаев ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз формаларының мағынасын меншіктілік және қатыстық мағынамен ғана байланыстырып қоймайды. Сонымен бірге меншіктілік мәнге ерекше көңіл бөлу, меншікті заттың иесін баса көрсету іліктің қосымшалы формасына қатысты деп есептейді.
Міне, бұл пікірге ерекше мөн беру керек. Тіл материалдары да осы пікірді растайды. Меншіктілік мағынаны білдіретін изафеттік құрылыстағы сөздер тіркесінде ол меншіктілік мәннің жалпыланған түрі және оның шын мәніндегі бір заттың екінші затқа меншіктілігін, тәуелділігін көрсетуге арналған түрі бар. Басқаша айтқанда, жалпы алғанда, меншіктілік мәнге жататын изафеттік құрылыстағы тіркестердің өзі іштей біркелкі емес. Осымен байланысты мұнда ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз формасының қолданылуында да айырма бар. Осы ерекшелікті М. Балақаев дұрыс аңғарған. Мысалы: Ішкен мен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде жүрген бай баласы аз ба? Үштен, төрттен, бес-алтыдан шоғырланған ел кісілері, қалахалқы (М.Әуезов).
Бұл мысалдарда байбаласы, өлкісілері, қалахалқы деген изафеттік құрылыстағы тіркестерде меншіктілік мән түрлі дәрежеде. Осылардың ішінен бай баласы дегенде меншікгілік мән күштірек сияқты болып көрінеді. Бірақ, шын мәнінде, бұл дұрыс емес. Себебі, мұнда белгілі бір байдың өзіне тән баласы туралы сөз болып отырған жоқ. Мұнда меншіктілік мағына емес, қатыстық мағына басым. Сондықтан да осындай фактілерді М. Балақаев ілік септіктің қосымшасыз формасының заттық сапа ретінде жұмсалуы деп таныған. Бірақ бұл сапа дегеннен гөрі қатыстық мағына дегенге сәйкес келеді.
Айтылған пікірдің ақиқаттығына көз жеткізу үшін осы мысалды нағыз меншіктілік мәнде алып қарайық. Мысалы: Хасен-Жұман байдың баласы. Бұл сөйлемде жоғарыдағы изафеттік құрылыстағы сөздер енді ілік септіктің қосымшалы формасында қолданылып тұр. Яғни бұл мысалдағы әңгіме бір заттыңекіншізатқатәуелділігітуралыайтылып жәнебұл мағынаға ерекше мән берілген, өйткені сөйлемніңжалпы мағынасы сол мағынаны білдіруге арналған. Сондықтан да мұнда ілік септіктің қосымшалы формасы қолданылған,
Ілік септіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі анықтауыш болуы. Мысалы, Исатайдыңақырған даусы естіліп, ол бастаған қалың қол көрінгенде, жау қаша жөнелді (Қ.Жұмалиев), Жаңадан жасалатын бұйымдарды да Абайдың ұнататын өрнек-бояуларымен көркемдеуді ескерді (К. Оразалин).