Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет50/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   190
Антонимдер
Антоним гректiң anti - қарсы, onuma - ат, атау деген сөздерiнен жасалған термин. Антонимдер деп - мағыналары бiр-бiрiне қарама-қарсы сөздердi айтамыз. Мысалы: жақсы – жаман, арзан – қымбат т.б.
Қарама-қарсы ұғымдар белгiлi бiр логикалық категориялардың ең шеткi екi мүшесi болып табылады. Олардың арасында үшiншi бiр аралық мүше болуы мүмкiн.
Мысалы: жақсы – шамалы – жаман деген қарама-қарсы ұғымдарды бiрiн-бiрi жоғары шығарып қоймай затқа жаңа баға бередi. Бiрақ ұғым логикалық болады да, антонимдер тiлдiң категория ретiнде сақталып қала бередi. Антонимдiк мағына қарама-қарсылық, сапалық ұғымдарды бiлдiретiн сөздерге ғана тән категория.
Мысалы: жұмсақ – қатты, қалың - жұқа дегенде әрi атауыштық, әрi сапалық қасиет бар. Сондықтан да антонимдес болатын сөздердiң басым көпшiлiгi сын есiмдер. Мысалы: кәрi – жас, терең - саяз, ыстық – суық, тар - кең т.б.
Ал, зат есiмдерден антоним сөздер өте аз жасалады. Мысалы: пайда – зиян, бай – кедей, өтiрiк – шын, бақ – сор.
Туынды зат есiмдерден жасалатын антонимдердiң де негiзгi түбiрi сапалық ұғымды бiлдiретiн сөздер екенi сезiмдi. Мысалы: тарлық - кеңдiк, аштық – тоқтық, жастық - кәрiлiк.
Үстеу сөздерден жасалған антонимдер санаулы ғана. Мысалы: ерте – кеш, берi - әрi, iлгерi – кейiн, жоғары - төмен. Сондай-ақ антонимдер қарама-қарсылық мәнi жағынан бiр-бiрiне тепе-тең болуы керек.
Мысалы: тар - кең, алыс – жақын, ұзын – қысқа.
Қазақ тiлiндегi антонимдердi классификация жасағанда проф. Ғ.Мұсабаев мынадай 4 топқа бөледi:
Антонимдердiң бiр сөйлем iшiнде қолданылуы;
Iргелес сөйлемдерде қолданылуы;
Бiрнеше антоним сөздердiң бiр сыңары одан кейiн берiлуi;
Антонимдердi аралас қолдану.
Бұлайша түрге бөлу антоним сөздердiң контекстiк мағынасын көрсетуге бағытталған негiзiнен антонимдердiң контекстегi тұлғалық және мағыналық ерекшелiгiне қарап төмендегiше топтарға бөлуге болады:
1) Жалпылық мәнде болатын антонимдер.
Мысалы: а) Ит үрер жақсыға да, жаманға да.
б) Алыс пенен жақынды жортқан бiлер.
2) Тiкелей қарама-қарсылық мәнде болатын антонимдер. Мысалы: Ендi еңбек бейнет емес, зейнет.
3) Алтернативтi мәнде болатын антоним сөздер.
Мысалы: а) Ендеше ер бол да ақтал, немесе ешан да жазала.
б) Сонда ұйқы мен ояудың, түс пен өңнiң арасында.
4) Тұжырым, пiкiр, мәнде болатын антонимдер.
Мысалы: Еңбек түбi зейнет, Ашу дұшпан, Ақыл дос, Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.
5) Субъект перидикаттық қатынаста болып келетiн контекстегi антоним сөздер (контест – байланыс, құрылыс).
Мысалы: Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, тағдыр жоқ, өткен өмiр қайта келмек (Абай).
6) Көркем әдебиетте заттың, қубылыстың сыр-сыйпатын бейнелеп, айқындап көрсететiн антоним сөздер. Мысалы: тiрi өлiм, тiрi аруақ, құрғақ су, жақсы өлiм.
7) Керi мағынада қолданылатын антоним сөздер: мысқылдау мақсатындағы сөздi әдейi керi мағынада қолданушылық кездеседi. Мысалы: қорқақ деудiң орнына батыр деу. Қара кiсiнi аппағым деу керi мағынада қолданылады.
8) Жалпы есiмнiң орнына жалқы есiмдi және оны керiсiнше атау тәсiлi антонамация дейiледi. Мысалы: Сараң - Қарабай, мылжың - Мырқымбай.
9) Антонимдер антитезаның бiр тәсiлi ретiнде де қолданылады.
Мысалы: Қар аппақ, бүркiт қара, түлкi қызыл,
Ұқсайды қаса сулу шошылғанға (Абай).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет