Синонимдер
Синоним (қатар атау) мағынасы бiр-бiрiне жуық, өзара өте мәндес сөздердi айтамыз. Синоним сөздердiң бiр-бiрiнен мағынасы жағынан айырмашылығы сәл ғана нәзiк айырмашылық түрiнде болады. Өзара мәндес сөздердiң топтары синонимдiк қатар немесе синонимдiк ұя деп аталады. Синонимдiк қатар болу үшiн кемiнде екi сөзден кем болмауы керек.
Мысалы: ақ, шалыққан, сондай-ақ ел, жұрт, халайық, халық, т.б. Синоним сөздер тiрек сөз ретiнде ылғи доминант сөз ретiнде қолданылады.
Мәндес сөздер тобының iшiнен мағынасы жағынан айрықша көзге түсiп, сол топтағы сөздердiң барлығына бiрдей жалпылама мағынасын ашық, айқын аңғартатын сөз доминант сөздер, тiрек сөздер деп аталады.
Мысалы: халық, ел, жұрт, әулет дегенде синонимдiк ұяның халық дегенi доминант синоним болады. Доминант синоним сөздерiнiң мына сияқты өзiндiк белгiлерi бар:
1. Доминант сөздерiнiң мағынасы артық та емес, кем де емес дәл мөлшерде болады. Мысалы: ауру, сырқат, науқас, дерт.
2. Доминант сөздерiнiң стилдiк мәнi бар бейтарап сөздер болады. Мысалы: ат, есiм, ныспы, т.б.
3. Доминант синонимдер басқа сөздерге арқау болады. Мысалы: ерлiк, батырлық, қаһармандық, жауынгер.
4. Неологизм мен көнерген сөздер қатар келгенде, доминант синонимдер ол сөздерге тiрек бола алады. Мысалы: оқушы, шәкiрт, жауыргер, сарбаз, т.б.
5. Жалпы халықтық сөз болып диалектизм қатар келгенде, доминант синонимге әдеби тiлге бейiмi алынады. Мысалы: көйлек-жейде, мата-кездеме.
6. Жеке сөздер мен тұрақты сөз тiркестерi синоним болып қолданғанда доминант сөзге көбiнесе, жеке сөз алынады. Мысалы: лезде, көздi ашып жұмғанша, қас пен көздiң арасында.
7. Синонимдiк қатарды құрастырушы сыңарлар бiр-бiрiне белгiлi бiр системаға икемделiп телiну жағынан ажыратылып, шектеледi. Мұны синонимдiк шек дейдi.
Мысалы: қарт дегенде сөзбен кәрi деген сөздiң мағынасы өз ара мәндес синоним бөлiгiмен оның контекстегi қолданылуы жұмсалу шеңберi бiрдей емес, қарт деген сөз адам, кiсi сөздерiмен тiркеседi де, басқа сөздерге мүлде тiркеспейдi. Кәрi деген сөз көптеген сөздерге тiркесiп, қолданыла бередi. М, кәрi адам, кәрi кiсi, кәрi қой. Бiрақ қарт жылқы, қарт қой деп тiркестiрiп айтуға болмайды.
Синонимдер контексте алдыңғысы соңғысын, соңғысы алдыңғысын айқындап, күшейте түсетiн тiркестi плеонастикалық синтагма деймiз. М: ежелгi ескi досым, айдын шалқар көл, құр бекер, әуел баста, сәске түс, орасан зор т.б.
Қазiргi қазақ тiлiндегi синоним сөздер мынадай жолдармен жасалады:
1. Синонимдер сөз тудыру тәсiлдерi аффикс арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар: а) -с, -ыс, -iс: жиналыс, мәжiлiс, кеңес, отырыс. ә) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: б)-ым, -iм,-м: бiтiм, келiсiм, наным, сенiм, өнiм, түсiм. в)-у: демеу, медеу, сүйеу. г) –лы,-лi,-ды,-дi,-ты,-тi: айыпты.
2. Кiрме сөздер арқылы жасалатын синонимдер, М: сом-теңге, мұржа-труба, кеспес-бошка, iлгек-күрмек, пiшiн-порым т.б.
3. Диалектизмдердiң есебiнен көбейетiн синонимдер , Мысалы: үлкен –пәс, кiлiт - ашар, ұрпақ - кебек, қатарлас - тебейлес, кiшкентай-пыштай т.б.
4. Фразеологиялық тiркестердiң жеке сөзбен синонимдес келуi арқылы жасалуы. М: Қой аузынан шөп алмас - момын, жуас. Соқырға таяқ ұстатқандай - ашық, айқын, анық сөздерiнiң орнына қойылады.
5. Байырғы төл сөз бен сөз тiркестерi термин сөздермен мәндес келiп синоним сөздер жасалады. М: табиғат суретi - пейзаж, бейне -образ, жыр - эпос, сықақ - сатира, қор - фонд, қиял - фантазия т.б.
6. Тiлде белгiлi бiр эвфемизм, дисфемизм басқа бiр сөздермен не сөз тiркестерiмен келiп синонимдер жасалады. М: өлдi деудiң орнына жүрiп кеттi, дүниеден өттi, жан тәсiлiм қылды деген сыпайы эвфемизм түрi қолданады.
7. Сөздiң барлық мағыналары жақтан дамуы, қосымша жаңа мағынаға ие болуы нәтижеде синоним сөздер жасалады. М: түбi – өсiмдiктердiң түбi, адамның түбi. Сол керей iшiне сiңген аз атаның баласы едiм, түбiм Қызай (М.Әуезов.) Осындағы түп сөзi бiрiншi сөйлемде тура мағынада қолданып тұр, ал екiншi сөйлемде туынды мағынада қолданып тұр.
Синоним сөздер өзара мәндес болуы мен қатар ол сөздер түрлi сөз таптарынан жасалады. Осы сөздердi төмендегiше топтастыруға болады:
1. Зат есiмнен болған синомимдер - өң, түр, түс, келбет, пiшiн, ажар, мүсiн, көрiк, кескiн, дидар, шырай.
2. Сын есiмнен болған синонимдер: салмақты - сабырлы, байыпты, байсалды, ұстамды.
3. Етiстiктен болған синонимдер: 1) сауығу - жазылу, айығу.2) жолуғу - кездесу,ұшырасу.
4. Есiмдiктен болған синонимдер: барлық - барша, бүкiл, бәрi, күллi, түгел т.б.
5. Үстеулерден болған синонимдер: таяуда – жуырда, жақында, жуықта.
Достарыңызбен бөлісу: |